«Астана арландары» «АҚШ нокаутшыларын» 4:1 есебімен жеңді
Дүниежүзілік бокс сериясы (WSB) бәсекесінің биылғы маусымдағы кезекті жекпе-жегінде «Астана арландары» бокс клубы қарсыластарынан тағы үстем түсті. Бұл олардың осы маусымдағы жетінші жеңісі. Бұрын хабарлағанымыздай, «Арландар» «Нокаутшыларды» бұдан бұрын Қазақстанда 5:0 есебімен ойсырата ұтқан. Қарсыластар өз алаңында өткен жекпе-жекте де бұза алмады "Астана арландары" клубының қамалын. Жарыс басталмай тұрып біздің команданың 2 ұпаймен алға шыққанын кеше жазған едік. Оған АҚШ боксшыларының бірінің салмағының артық болуы, екіншісінің жарысқа келмей қалуы себеп болған. Осы ұпайға боксшыларымыз жекпе-жекте тағы екі ұпай қосты. 54 келідегі Хабибулла-Исмаил Ахунов Браулио Авилла Хуаресті жеңсе, 73 келідегі Константин Снигур Уильям Уильямсті ұтты. Өкінішке қарай аса ауыр салмақтағы боксшымыз Роман Капитоненко қарсыласы Иштван Бернатқа есе жіберіп қойды. Сонымен, есеп: 4-1! «Арландар» клубының тек көрсетілім үшін шыққан екі боксшысы - Самат Бәшенов (61 кг) пен Эхсан Рузбахани (85 кг) да қарсыластарын айқын басымдылықпен, уақытынан бұрын ұтты. Енді 7 ақпанда «Астана арландары» сырт алаңда «Британия арыстандары» командасымен кездеседі. Қамбар АХМЕТОВ BAQ.kz
01.02.2013 10:36
3115
Қамбар АХМЕТОВ
BAQ.kz
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Алматыда археологиялық жәдігерлер көрмесі өтуде
Келесі жаңалық
Таразда жаңа көпірдің құрылысы басталды