Жаңалықтар

Төтенше жағдайлар министрлігі бір жылда 7000-ға жуық адамды құтқарған

2012 жылы Төтенше жағдайлар министрлігі 6969 адамды құтқарған. Бұл туралы бүгін ведомство басшысы Владимир Божко өткен жылды қорытындылай отырып мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Есептік кезең ішінде Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары 66668 рет оқиға орнына аттанып, 6969 адамды құтқарған. 6010 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, зардап шеккен 2704 адамға алғашқы медициналық көмек көрсеткен», - деді министр. Айта кетейік, бүгін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Төтенше жағдайлар министрлігінің алқа отырысы өтуде. Кенжекей Тоқтамұрат
01.02.2013 08:40 3435

2012 жылы Төтенше жағдайлар министрлігі 6969 адамды құтқарған. Бұл туралы бүгін ведомство басшысы Владимир Божко өткен жылды қорытындылай отырып мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Есептік кезең ішінде Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары 66668 рет оқиға орнына аттанып, 6969 адамды құтқарған. 6010 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, зардап шеккен 2704 адамға алғашқы медициналық көмек көрсеткен», - деді министр.

Айта кетейік, бүгін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен Төтенше жағдайлар министрлігінің алқа отырысы өтуде.

Кенжекей Тоқтамұрат

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға