Жаңалықтар

2012 жылы 250 миллион тоннаға жуық қалдық кәдеге жаратылған

2012 жылы 250 миллион тоннаға жуық қалдық қайта өңделіп, кәдеге жаратылған. Бұл жөнінде бүгін ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің өткен жылы атқарған жұмысының қорытындысы шығарылып, биылғы жылдың міндеттері белгіленген кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Нұрлан Қаппаров мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Есепті кезеңде еліміздің экологиялық жағдайы біршама жақсарды деуге негіз бар. Өйткені 2011 жылмен салыстарғанда өндіріс қалдықтары 1,3%, төгінділер 1,7%-ға төмендеген. Мұндай нәтижеге табиғат қорғау шараларын іске асыру, сондай ақ экологиялық таза технологиялардың есебінен қол жеткізіп отырмыз», - деді министр. Оның айтуынша, қазіргі кезде экологияның ең үлкен мәселерінің бірі - өндіріс және тұтыну қалдықтары көлемінің өсуі болып отыр. «Бүгінгі күні кәдеге жаратылған қалдықтар көлемі бойынша көрсеткіштердің жақсы екенін атап өткен жөн. Өткен жылы республика бойынша 1 млрд. тоннадан астам қалдық жиналған болса, оның 244 тоннасы кәдеге жаратылды. Осылайша жоспарлаған көлемнен 104 млн. тоннаға артық орындалып отыр», - деп атап өтті Нұрлан Қаппаров. Айымгүл ӘБІЛЕВА
01.02.2013 05:25 2926

2012 жылы 250 миллион тоннаға жуық қалдық қайта өңделіп, кәдеге жаратылған. Бұл жөнінде бүгін ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің өткен жылы атқарған жұмысының қорытындысы шығарылып, биылғы жылдың міндеттері белгіленген кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Нұрлан Қаппаров мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Есепті кезеңде еліміздің экологиялық жағдайы біршама жақсарды деуге негіз бар. Өйткені 2011 жылмен салыстарғанда өндіріс қалдықтары 1,3%, төгінділер 1,7%-ға төмендеген. Мұндай нәтижеге табиғат қорғау шараларын іске асыру, сондай ақ экологиялық таза технологиялардың есебінен қол жеткізіп отырмыз», - деді министр.

Оның айтуынша, қазіргі кезде экологияның ең үлкен мәселерінің бірі - өндіріс және тұтыну қалдықтары көлемінің өсуі болып отыр.

«Бүгінгі күні кәдеге жаратылған қалдықтар көлемі бойынша көрсеткіштердің жақсы екенін атап өткен жөн. Өткен жылы республика бойынша 1 млрд. тоннадан астам қалдық жиналған болса, оның 244 тоннасы кәдеге жаратылды. Осылайша жоспарлаған көлемнен 104 млн. тоннаға артық орындалып отыр», - деп атап өтті Нұрлан Қаппаров.

Айымгүл ӘБІЛЕВА

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға