Жаңалықтар

Ақын Қанипа Бұғыбаеваның жыр жинағы жарық көрмек

«Қазақтың белгілі ақыны Қанипа Бұғыбаеваның жыр жинағы қашан жарық көреді?» ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедке ақынның ұрпағы осындай сауалмен шығып отыр.  Қ.Бұғыбаеваның ұлы Талап Қараш министр блогына жазған хатында ақынның «Арман жылдарым» атты кітабы былтырғы жылы шығуы керек болатын, алайда Дархан Мыңбайдың қызметке келуіне байланысты тоқтап қалды дейді. Ол құзырлы мекемеден: «Министрліктегі ауыс-түйіске байланысты анаңыздың таңдамалысы әзірге шықпайды» деген жауап алған. «Ақын анамыздың 70 жылдық мерейтойын шамамыз келгенше өткіздік. Енді жыр жинақтың жарық көруіне өзіңіздің бас-көз болуыңызды өтінеміз» дейді Т.Қараш министрге жазған хатында. «Былтырғы жылғы Тақырыптық жоспарға келіп түскен өтінімдер ауқымының көптігіне әрі жаңадан жазылған шығармаларға басымдық берілуіне байланысты Сараптамалық кеңестің шешімімен Қ. Бұғыбаеваның еңбегі 2012 жылы шығарылатын әдебиеттердің тізіміне енгізілмеген болатын. Алайда, биылғы жылы «Жазушы» баспасы тарапынан ақын Қ. Бұғыбаеваның «Таңдамалы» (Өлеңдер) жинағын 2013 жылы жарыққа шығару туралы өтінім Комитетке келіп түсіп, Тақырыптық жоспарға енгізілді. Ендігі кезекте ұсыныс белгіленген тәртіп бойынша Сараптамалық кеңестің отырысында қаралатын болады» деп жазды Мұхтар Құл-Мұхаммед өз блогында. Қанипа Бұғыбаева (1942 – 2004) 19 наурызда Алматы облысы, Жансүгіров ауданы, «Ақсу» өзенінің бойындағы «Ақын Сара» (бұрынғы Көкжайдақ) ауылында өмірге келген. Алғашқы өлеңдері 1959 жылдан «Жетісу», «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), «Қазақ әдебиеті» газеттері мен «Қазақстан әйелдері» журналында жариялана бастады. Еңбек жолын 1960 жылы өзінің туған ауылы – сол кездегі «Қосағаш» совхозы мәдениет үйінің меңгерушісі болып бастап, ауылдық радио хабарын тарату торабында, Райымбек ауданының халық театрында, Жамбыл аудандық мәдениет бөлімінде қызмет істеді. Аудандық «Екпінді еңбек» газетінде тілші, кейінгі жылдары зейнеткерлікке шыққанша Жамбыл аудандық орталық балалар кітапханасында кітапханашы болып қызмет атқарды. 1983 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін бітірген. 1993 жылғы Абайдың туғанына 150 жыл толуына арналған және Түркі поэзиясының ІІ мүшәйраларының жеңімпазы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен марапатталған (1962). Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. BAQ.kz
31.01.2013 08:41 4805

«Қазақтың белгілі ақыны Қанипа Бұғыбаеваның жыр жинағы қашан жарық көреді?» ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедке ақынның ұрпағы осындай сауалмен шығып отыр. 
Қ.Бұғыбаеваның ұлы Талап Қараш министр блогына жазған хатында ақынның «Арман жылдарым» атты кітабы былтырғы жылы шығуы керек болатын, алайда Дархан Мыңбайдың қызметке келуіне байланысты тоқтап қалды дейді. Ол құзырлы мекемеден: «Министрліктегі ауыс-түйіске байланысты анаңыздың таңдамалысы әзірге шықпайды» деген жауап алған.
«Ақын анамыздың 70 жылдық мерейтойын шамамыз келгенше өткіздік. Енді жыр жинақтың жарық көруіне өзіңіздің бас-көз болуыңызды өтінеміз» дейді Т.Қараш министрге жазған хатында.
«Былтырғы жылғы Тақырыптық жоспарға келіп түскен өтінімдер ауқымының көптігіне әрі жаңадан жазылған шығармаларға басымдық берілуіне байланысты Сараптамалық кеңестің шешімімен Қ. Бұғыбаеваның еңбегі 2012 жылы шығарылатын әдебиеттердің тізіміне енгізілмеген болатын. Алайда, биылғы жылы «Жазушы» баспасы тарапынан ақын Қ. Бұғыбаеваның «Таңдамалы» (Өлеңдер) жинағын 2013 жылы жарыққа шығару туралы өтінім Комитетке келіп түсіп, Тақырыптық жоспарға енгізілді. Ендігі кезекте ұсыныс белгіленген тәртіп бойынша Сараптамалық кеңестің отырысында қаралатын болады» деп жазды Мұхтар Құл-Мұхаммед өз блогында.
Қанипа Бұғыбаева (1942 – 2004) 19 наурызда Алматы облысы, Жансүгіров ауданы, «Ақсу» өзенінің бойындағы «Ақын Сара» (бұрынғы Көкжайдақ) ауылында өмірге келген. Алғашқы өлеңдері 1959 жылдан «Жетісу», «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), «Қазақ әдебиеті» газеттері мен «Қазақстан әйелдері» журналында жариялана бастады.
Еңбек жолын 1960 жылы өзінің туған ауылы – сол кездегі «Қосағаш» совхозы мәдениет үйінің меңгерушісі болып бастап, ауылдық радио хабарын тарату торабында, Райымбек ауданының халық театрында, Жамбыл аудандық мәдениет бөлімінде қызмет істеді. Аудандық «Екпінді еңбек» газетінде тілші, кейінгі жылдары зейнеткерлікке шыққанша Жамбыл аудандық орталық балалар кітапханасында кітапханашы болып қызмет атқарды. 1983 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика бөлімін бітірген. 1993 жылғы Абайдың туғанына 150 жыл толуына арналған және Түркі поэзиясының ІІ мүшәйраларының жеңімпазы. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен марапатталған (1962). Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты
.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға