Жаңалықтар

Елімізде ағылшын тілі 1 сыныптан бастап оқытыла бастайды

Биылғы жылы бірінші қыркүйектен бастап ағылшын тілін 1 сыныптан оқыту жүйесі енгізіле бастайды. Бұл жөнінде бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Көп тілді оқыту бүгінгі күннің талабы. Қазақ тілі барлық мектептерде оқытылады. Бүгінде оқушылардың алпыс пайыздан астамы қазақ тілінде білім алады», - деді министр. Ол биылғы жылы бірінші қыркүйектен бастап 1 сынып оқушылары ағылшын тілін оқи бастайтынын айтты. «Келесі оқу жылынан бастап бірінші сыныптан ағылшын тілін кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып отыр. Бұл мақсатта мұғалімдерді қосымша даярлау көзделген. Мұнымен қатар келешекте кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқыту басталады», - деп атап өтті Жұмағұлов.   Айымгүл Әбілова  
31.01.2013 04:46 4336

Биылғы жылы бірінші қыркүйектен бастап ағылшын тілін 1 сыныптан оқыту жүйесі енгізіле бастайды. Бұл жөнінде бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Бақытжан Жұмағұлов мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Көп тілді оқыту бүгінгі күннің талабы. Қазақ тілі барлық мектептерде оқытылады. Бүгінде оқушылардың алпыс пайыздан астамы қазақ тілінде білім алады», - деді министр.

Ол биылғы жылы бірінші қыркүйектен бастап 1 сынып оқушылары ағылшын тілін оқи бастайтынын айтты.

«Келесі оқу жылынан бастап бірінші сыныптан ағылшын тілін кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып отыр. Бұл мақсатта мұғалімдерді қосымша даярлау көзделген. Мұнымен қатар келешекте кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқыту басталады», - деп атап өтті Жұмағұлов.

 

Айымгүл Әбілова

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға