Жаңалықтар

Қойшыбаев Бейбіт

1945 жылы 20 қарашада Жамбыл облысы Сарысу ауданының Байқадам (Саудакент) ауылында дүниеге келген. 1968 жылы Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық институтының ауыл шаруашылығын механикаландыру  факультетін бітірген. Сол жылы Байқадам селолық кәсіптік-техникалық училищесінде дәріс берді. 1969-1971 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің республикалық «Казсельхозтехника» бірлестігінде жаңа техника енгізу басқармасының рационализаторлық пен өнертапқыштық бойынша инженері, жаңа техника енгізу жөніндегі аға инженері қызметтерін атқарды. 1971-1975 жылдары Алматы облыстық комсомол комитетінде кәсіптік-техникалық білім беру секторының мeңгepyшici, Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінде насихат бөлімінің лекторы болып қызмет етті.
30.01.2013 10:02 5666

1945 жылы 20 қарашада Жамбыл облысы Сарысу ауданының Байқадам (Саудакент) ауылында дүниеге келген. 1968 жылы Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық институтының ауыл шаруашылығын механикаландыру  факультетін бітірген.

Сол жылы Байқадам селолық кәсіптік-техникалық училищесінде дәріс берді. 1969-1971 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің республикалық «Казсельхозтехника» бірлестігінде жаңа техника енгізу басқармасының рационализаторлық пен өнертапқыштық бойынша инженері, жаңа техника енгізу жөніндегі аға инженері қызметтерін атқарды.

1971-1975 жылдары Алматы облыстық комсомол комитетінде кәсіптік-техникалық білім беру секторының мeңгepyшici, Қазақстан ЛКЖО Орталық Комитетінде насихат бөлімінің лекторы болып қызмет етті.

1975-1980 жылдары «Қазақстан пионері» («Ұлан») газетінің жауапты хатшысы, редакторы, 1980-1983 жылдары «Білім және еңбек» («Зерде») журналының бас редакторы, 1983-1985 жылдары «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан») газетінің бөлім меңгерушісі, 1985-1987 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кeңeci Төралқасының аппаратында аға редактор қызметтерін атқарған.

1987-1988 жылдары шығармашылық жұмыспен айналысты. 1988-1989 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде аға редактор, бөлім меңгерушісі, 1990-1991 жылдары «Денсаулық» журналының бас редакторы, 1991-1996 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, Қазақстан әдеби қоры басқар­масының төрағасы (1992-1996), «Тіршілік» журналының бас редакторы (1994-1996), «Әдеби қор жаршысы» газетінің бас редакторы (1996) болды. 1997 жылы «Zaman-Қазақстан» газеті бас редакторының орынбасары, ҚР Экономика және сауда министрлігі Автор құқықтарын қорғау агенттігінің бас басқармасын басқарды.

1998-2001 жылдары «Діл» газетінің тiлшici, 2002-2003 жылдары Қазақ энциклопедиясында ғылыми бақылау редакциясының жетекші маманы, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар орталығының басшысы, «Тарих және саясат» газеті бас редакторының орынбасары болды.

Қазір «Заңгер» журналының жауапты редакторы.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған (1980). Тарих ғылымдарының кандидаты (2002).

Алғашқы тырнақалды туындысы – «Кепірқосақ көк аспан» атты әңгімесі  «Лениншіл жас» газеті мен «Жалын» альманахы беттерінде жарияланды. «Бақытты болғым келеді» атты тұңғыш пoвeci 1995 жылы жарық көрді.

Саяси репрессияға ұшыраған бірқатар ұлт қайраткерлері, Алаш қозғалысы жайында жариялылық рухында қалам тербеді.

Жекелеген әңгімелері орыс, белорус, қытай тілдеpiнe аударылған.

                       Шығармалары:

- Ленин өcиeттepiнe берікпіз. Публицистика. 1974 жыл;
- Жастардың Коммунистік интернационалы және революциялық дәстүрлері. Публицистика. 1974 жыл;
- Интерна­ционализм – біздің туымыз. Публицистика. 1976 жыл;
- Ай нұры. Повестер. 1977 жыл;
- Алтын діңгек. Повестер мен әңгімелер. 1979 жыл;
- Комсо­мол өрендері. Балаларға арналған әңгімелер. 1980 жыл;
- Киелі мұра. Роман. 1983 жыл;
- Қара алтын қайдан шығады? Балаларға арналған әңгімелер. 1984 жыл;
- Шаг к любви. Повести и рассказы. Перевод Надежды Поведенок. 1984 жыл;
- Жас қалам. Балаларға арналған әңгімелер. 1985 жыл;
- Дүние кілт. Роман. 1987 жыл;
- Біз табысар қиырлар. Повес­тер мен әңгімелер. 1990 жыл;
- Саттар Ерубаев. Повесть, публицистика. 1983 жыл;
- Бақытжан Қаратаев. Тарихи миниатюралардан тұратын роман. 1993 жыл;
- 1905 жыл. Роман-хроника. 1993 жыл;
- Жазықсыз жапа шеккендер. Зерттеулер. 1990 жыл;
- Рух. Зерттеулер. 1993 жыл;
- Ар-Қуат. Публицистикалық хроника. 2000 жыл;
- Ұлт театры шаңырағын көтepyшi. 2000 жыл;
- Әлихан Бөкейханов. 2001 жыл;
- Сен ғана. Роман. 2002 жыл;
- Жақсы көрем: Әңгімелер мен повестер. 2006 жыл;
- Қожанов Сұлтанбек: Ғұмырнамалық деректі хикаят. 2007 жыл;
- Рух – сарай: Танымды туындылар топтамасы. 4-ші кітап: Жекпе – жек. Мәңгі бастау. 2010 жыл.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға