Жаңалықтар

Жошы хан моңғол ма, әлде меркіт пе?

Бұл сауалға тарих ғылымдарының докторы, профессор Зардыхан Қинаятұлы жауап береді. 1. Жошыны Шыңғыс ханның өзі жат санамағанымен, моңғол жұрты оны «шеттен келген» деп мойындай қоймапты. Өйткені Бөрте тұтқында болғанда меркіт батырының әмеңгерлігінде болған екен. Басылым беттерінде де Жошының меркіттен туылғандығы айтылып қалып жатады. Жалпы, осыған сенуге бола ма? 2. Егер Жошы меркіттен туылған болса, қазақ хандарының түгелі дерлік Орта жүздің осы руынан шыққан болып есептеледі ғой. Яғни біздің хандарымыз Шыңғыс ханның ұрпағы болмауы мүмкін. Бұған ғалымдарымыздың айтар ойы қандай?  3. Шыңғыс хан секілді Жошының да жатқан жері белгісіз. Сонда Ұлытаудағы Жошы хан мазарында кім жерленген?  Мейрамгүл ОСПАНОВА, Шымкент қаласы   Бұл сауалға тарих ғылымдарының докторы, профессор Зардыхан Қинаятұлы жауап береді. 1. Жошы моңғол мен түрікке ортақ тұлға. Оны қа­зақ немесе моңғол деп кесіп айту қиын. Десе де, оның өмір тарихында кейбір айқын емес тұстар бар. Сондай-ақ Жошының өзі тарихта көп зерттелмеген тұлғаның бірі. 2004 жылы менің «Жошы хан және Қазақ мемлекеті» деген монографиям жарыққа шықты. Сонда біраз дерекке қол жеткіздік. Мысалы, оның туған жылы мен қайтыс болған жылы дұрыс жазылмай келді. Көп деректерде оны 1180 жылы туған деп жазған. Ал қайтқан жылы тарихта «әкесінен алты ай бұрын қайтыс болды» деп көрсетіледі. Шын мәні­сінде ол 1179 жылдың күзінде туып, 1225 жылдың күзін­де, 46 жасында қайтыс болған. Түсініктірек болу үшін басынан бастайын. Шыңғыс пен Бөрте 1178 жылы жаз айында отау құрған. Бұл дерек моңғол тарихшысы Саган Сэцэннің 1663 жылы жазылған «Эрденийн Эрх» еңбегінде кездеседі. Ал дәл сол жылдың сегізінші айында Бөрте меркіттердің қолына түсіп қалады. Яғни бұл оқиға екеуі шаңырақ көтерген соң шамамен бір айдан кейін болған. Онда Бөрте меркіт Чилгэр палуанның әмең­герлігінде болады. Меркіттердің Бөртені осылайша әмеңгерлікке алуына ертеректегі кек себеп болса керек. Баяғыда Шыңғыс ханның әкесі Есукей батыр меркіттің рубасы Их Чилэтуден қалыңдығы – Өгөлен Ужинді ұзатылап бара жатқан жолында тартып алған. Шыңғыс ханның үйленгенін естіген меркіттер осы ескі өшті қайтару үшін Бөртені алып кетеді. Шыңғыс хан ол кезде жас әрі әлсіз болғандықтан, әйеліне араша түсе алмаған. Бөрте меркіттердің қолынан 1179 жылдың 10-айында бірақ босаған. Оны Шыңғыс хан, Уаң хан және Жамуха үшеуі бірігіп Бұғыр Кегер шайқасында азат етеді. Байқасаңыз, осы аралықта 10 айдан астам уақыт өтіп кеткен. Бөрте Жошыны сол жол­дан қайтып келе жатқанда туған. Содан ол нәрестеге Зочин яғни «сырттан келген қонақ» деген есімді берген. Сол себепті ғылыми тұрғыда Жошының меркітпен байланысы жоқ деп айта алмаймыз. Ол меркіттің ұлы болуы да мүмкін. Расында, Шыңғыс хан Жошыны шет қақпайлатып, ешқашан бетін қайтарып көрмеген. Үлкен соғысқа қатысып, мықты қолбасшылығымен, ержүрек батырлығымен көзге түскен Жошы 66 ірі шайқасқа қатысып, 200-ге тарта ірі қамалдарды алған. 1207 жылғы жорықта Орман жұртын соғыссыз бағындырған да сол болатын. Осындай ұлына Шыңғыс хан қалайша «менің ұлым емессің» деп айтады? Ол керісінше, Жошыны өз ұлындай жақсы көрген. Дей тұрғанмен, хандық билікке жақындатқысы келмеген сыңайлы. 1219 жылы Шыңғыс хан Хорезм жорығына аттанбақ болып, жиналып жатады. Алыс әрі қиын сапарға бара жатқан одан бәйбішелерінің бірі «соғыстың аты соғыс, олай-бұлай болып кетсең, орныңа кімді қал­дырасың?» деп сұрайды. Сонда Шыңғыс хан елі мен отбасын ұлдың үлкені, талай соғыста қолбасшы­лығы­мен танылған Жошыға тапсырмай, одан жай ғана: «Сен қалай ойлайсың?» деп сұрайды. Оның бұлай сұрауы «сен болмайсың» дегенмен бірдей еді. Сол кезде інісі Шағатай: «Меркіттің қалдығынан неге сұрайсың?» деп ашуланған екен. Сондай қайшылықтан кейін Шыңғыс хан өз орнына үшінші ұлы Өгөдейді ұсынған. Моңғолияның 38 ханының ішінде елді билеген 5 ұлы қаған бар. Қаған – хандардың ханы немесе империя ханы дегенді білдіреді. Бірақ бұл бес қаған­ның ішіне ел басқаруда ерекше көзге түскен Еуропаны дүр сілкіндірген Жошының ұлы Баты хан кірмеген. Сондай-ақ моңғолдардың «Хан бейітінде» Жошы ұрпағынан ешкім де жерленген емес. Моңғол жұрты­ның Жошыны осылайша шеттетуі көңілге күмән ұялатпай қоймайды. 2. Жошы қыпшақ-қазақ жеріне келіп өз ұлысын құрады. Осы жерге келген соң оның ұрпағы жергілікті халықтың салт-дәстүрі мен тұрмысына қарай икем­деліп, сіңіп кеткен. Ғалымдардың пайымына сенсек, олар үшінші ұрпағынан бастап қазаққа айналған. Яғни сол кезде мұсылмандықты қабылдап, қыпшақ тілінде сөйлеуге көшкен. Сол себепті де қазақ хан­да­рын моңғолдан шыққан деп айта алмаймыз. Өйткені Жошының артында қалған ұрпағы моңғол үшін емес, қазақтың жері үшін, қазақ елі үшін күресті. Сондықтан біз оларға бір рудың адамы деп қарай алмаймыз, жалпы, бұл тұлғаларды қазақ тарихынан бөліп қарау мүмкін емес. Кейбір деректерде қазақ хандарын Тоқай Темірден таратып жазып жүр. Қожа Ахмет Иассауи кесенесіндегі көктаста да қазақ хандарының кестесін Тоқай Темірден бастаған. Бұл өрескел бұрмаланған дерек. Тоқай Темір Қажы-Тархан Жошының жетінші ұлы. Оның балалары да мықты болған. Олар қазіргі Астрахань жері мен Қырым хандығын билеген. Бірақ оның қазақ хандарына еш қатысы жоқ. Жошы ханның 40 ұлы болған делінеді. Олардың ішінен тарихта аты белгілісі 14. Осы 14 ұл Қырым мен Орта Азия жерлерін, Алтын Орда мемлекетін билеген. Ал біздің хандарымыз Жошының тұңғыш ұлы Орда Еженнің кіндігінен тараған. Шоқан да өз еңбегінде Қазақ хандарының атасы ретінде Орыс ханды көрсетеді. Орыс хан болса, Орда Еженнің жетінші ұрпағы. Ал Керей мен Жәнібек сол Орыс ханның туған шөберелері. Кейінгі ұрпақты шатастырмау үшін қазақ хандарының шежіресін ретке келтіріп, бір ізге түсіру – кезек күттірмейтін шаруаның бірі. 3. Шыңғыс ханның «Ұлы жасақ заңы» деген атақ­ты заңы бар. Оны ғылымда «Көк дәптер» дейді. «Көк дәптердің» өзі табылмағанымен оның 106 бабын та­ри­хшылар анықтаған. Сол жасақтағы заңда «Шыңғыс ханның ұрпақтарының қайда жерленгенін ешкім де білмеуі тиіс» деген ереже бар. Ал Жошы қайтыс бол­ғанда Шыңғыс хан тірі болған. Әкесінің көзі тірісінде Жошыны жұртқа көрсетіп жерлеуі мүмкін емес. Тіпті Жошының баласы Алтын Орда ханы Баты ханның қайда жерленгені әлі күнге белгісіз. Жошы хан да, оның ұлы да сол заңға сай қазақ даласында жасырын жерленуі мүмкін. Ал Ұлытаудағы Жошы хан кесенесі­нің құрылысы ХVI ғасырға тиесілі. Бірақ бұл мазарды «Жошыныкі емес» деп те айта алмаймыз. Себебі, бұл кесенені ханның кейінгі ұрпақтары ата-бабасына ескерткіш ретінде қойған болуы керек. Жошы ханға арналып салынғандықтан, бұл кесене соған тиесілі. Кесенедегі қаңқаны зерттеген Әлкей Марғұлан оның 72-дегі ер азамат екенін анықтаған. Ал Жошы небары 46 жасында қайтыс болған. Яғни онда жатқан адам Жошы емес. Дайындаған Сабина ЗӘКІРЖАНҚЫЗЫ BAQ.kz
30.01.2013 08:03 8636

Бұл сауалға тарих ғылымдарының докторы, профессор Зардыхан Қинаятұлы жауап береді.

1. Жошыны Шыңғыс ханның өзі жат санамағанымен, моңғол жұрты оны «шеттен келген» деп мойындай қоймапты. Өйткені Бөрте тұтқында болғанда меркіт батырының әмеңгерлігінде болған екен. Басылым беттерінде де Жошының меркіттен туылғандығы айтылып қалып жатады. Жалпы, осыған сенуге бола ма?

2. Егер Жошы меркіттен туылған болса, қазақ хандарының түгелі дерлік Орта жүздің осы руынан шыққан болып есептеледі ғой. Яғни біздің хандарымыз Шыңғыс ханның ұрпағы болмауы мүмкін. Бұған ғалымдарымыздың айтар ойы қандай? 

3. Шыңғыс хан секілді Жошының да жатқан жері белгісіз. Сонда Ұлытаудағы Жошы хан мазарында кім жерленген? 
Мейрамгүл ОСПАНОВА,
Шымкент қаласы
 

Бұл сауалға тарих ғылымдарының докторы, профессор Зардыхан Қинаятұлы жауап береді.

1. Жошы моңғол мен түрікке ортақ тұлға. Оны қа­зақ немесе моңғол деп кесіп айту қиын. Десе де, оның өмір тарихында кейбір айқын емес тұстар бар. Сондай-ақ Жошының өзі тарихта көп зерттелмеген тұлғаның бірі. 2004 жылы менің «Жошы хан және Қазақ мемлекеті» деген монографиям жарыққа шықты. Сонда біраз дерекке қол жеткіздік. Мысалы, оның туған жылы мен қайтыс болған жылы дұрыс жазылмай келді. Көп деректерде оны 1180 жылы туған деп жазған. Ал қайтқан жылы тарихта «әкесінен алты ай бұрын қайтыс болды» деп көрсетіледі. Шын мәні­сінде ол 1179 жылдың күзінде туып, 1225 жылдың күзін­де, 46 жасында қайтыс болған. Түсініктірек болу үшін басынан бастайын.

Шыңғыс пен Бөрте 1178 жылы жаз айында отау құрған. Бұл дерек моңғол тарихшысы Саган Сэцэннің 1663 жылы жазылған «Эрденийн Эрх» еңбегінде кездеседі. Ал дәл сол жылдың сегізінші айында Бөрте меркіттердің қолына түсіп қалады. Яғни бұл оқиға екеуі шаңырақ көтерген соң шамамен бір айдан кейін болған. Онда Бөрте меркіт Чилгэр палуанның әмең­герлігінде болады. Меркіттердің Бөртені осылайша әмеңгерлікке алуына ертеректегі кек себеп болса керек. Баяғыда Шыңғыс ханның әкесі Есукей батыр меркіттің рубасы Их Чилэтуден қалыңдығы – Өгөлен Ужинді ұзатылап бара жатқан жолында тартып алған. Шыңғыс ханның үйленгенін естіген меркіттер осы ескі өшті қайтару үшін Бөртені алып кетеді. Шыңғыс хан ол кезде жас әрі әлсіз болғандықтан, әйеліне араша түсе алмаған. Бөрте меркіттердің қолынан 1179 жылдың 10-айында бірақ босаған. Оны Шыңғыс хан, Уаң хан және Жамуха үшеуі бірігіп Бұғыр Кегер шайқасында азат етеді. Байқасаңыз, осы аралықта 10 айдан астам уақыт өтіп кеткен. Бөрте Жошыны сол жол­дан қайтып келе жатқанда туған. Содан ол нәрестеге Зочин яғни «сырттан келген қонақ» деген есімді берген. Сол себепті ғылыми тұрғыда Жошының меркітпен байланысы жоқ деп айта алмаймыз. Ол меркіттің ұлы болуы да мүмкін.

Расында, Шыңғыс хан Жошыны шет қақпайлатып, ешқашан бетін қайтарып көрмеген. Үлкен соғысқа қатысып, мықты қолбасшылығымен, ержүрек батырлығымен көзге түскен Жошы 66 ірі шайқасқа қатысып, 200-ге тарта ірі қамалдарды алған. 1207 жылғы жорықта Орман жұртын соғыссыз бағындырған да сол болатын. Осындай ұлына Шыңғыс хан қалайша «менің ұлым емессің» деп айтады? Ол керісінше, Жошыны өз ұлындай жақсы көрген. Дей тұрғанмен, хандық билікке жақындатқысы келмеген сыңайлы. 1219 жылы Шыңғыс хан Хорезм жорығына аттанбақ болып, жиналып жатады. Алыс әрі қиын сапарға бара жатқан одан бәйбішелерінің бірі «соғыстың аты соғыс, олай-бұлай болып кетсең, орныңа кімді қал­дырасың?» деп сұрайды. Сонда Шыңғыс хан елі мен отбасын ұлдың үлкені, талай соғыста қолбасшы­лығы­мен танылған Жошыға тапсырмай, одан жай ғана: «Сен қалай ойлайсың?» деп сұрайды. Оның бұлай сұрауы «сен болмайсың» дегенмен бірдей еді. Сол кезде інісі Шағатай: «Меркіттің қалдығынан неге сұрайсың?» деп ашуланған екен. Сондай қайшылықтан кейін Шыңғыс хан өз орнына үшінші ұлы Өгөдейді ұсынған.

Моңғолияның 38 ханының ішінде елді билеген 5 ұлы қаған бар. Қаған – хандардың ханы немесе империя ханы дегенді білдіреді. Бірақ бұл бес қаған­ның ішіне ел басқаруда ерекше көзге түскен Еуропаны дүр сілкіндірген Жошының ұлы Баты хан кірмеген. Сондай-ақ моңғолдардың «Хан бейітінде» Жошы ұрпағынан ешкім де жерленген емес. Моңғол жұрты­ның Жошыны осылайша шеттетуі көңілге күмән ұялатпай қоймайды.

2. Жошы қыпшақ-қазақ жеріне келіп өз ұлысын құрады. Осы жерге келген соң оның ұрпағы жергілікті халықтың салт-дәстүрі мен тұрмысына қарай икем­деліп, сіңіп кеткен. Ғалымдардың пайымына сенсек, олар үшінші ұрпағынан бастап қазаққа айналған. Яғни сол кезде мұсылмандықты қабылдап, қыпшақ тілінде сөйлеуге көшкен. Сол себепті де қазақ хан­да­рын моңғолдан шыққан деп айта алмаймыз. Өйткені Жошының артында қалған ұрпағы моңғол үшін емес, қазақтың жері үшін, қазақ елі үшін күресті. Сондықтан біз оларға бір рудың адамы деп қарай алмаймыз, жалпы, бұл тұлғаларды қазақ тарихынан бөліп қарау мүмкін емес.

Кейбір деректерде қазақ хандарын Тоқай Темірден таратып жазып жүр. Қожа Ахмет Иассауи кесенесіндегі көктаста да қазақ хандарының кестесін Тоқай Темірден бастаған. Бұл өрескел бұрмаланған дерек. Тоқай Темір Қажы-Тархан Жошының жетінші ұлы. Оның балалары да мықты болған. Олар қазіргі Астрахань жері мен Қырым хандығын билеген. Бірақ оның қазақ хандарына еш қатысы жоқ.

Жошы ханның 40 ұлы болған делінеді. Олардың ішінен тарихта аты белгілісі 14. Осы 14 ұл Қырым мен Орта Азия жерлерін, Алтын Орда мемлекетін билеген. Ал біздің хандарымыз Жошының тұңғыш ұлы Орда Еженнің кіндігінен тараған. Шоқан да өз еңбегінде Қазақ хандарының атасы ретінде Орыс ханды көрсетеді. Орыс хан болса, Орда Еженнің жетінші ұрпағы. Ал Керей мен Жәнібек сол Орыс ханның туған шөберелері. Кейінгі ұрпақты шатастырмау үшін қазақ хандарының шежіресін ретке келтіріп, бір ізге түсіру – кезек күттірмейтін шаруаның бірі.

3. Шыңғыс ханның «Ұлы жасақ заңы» деген атақ­ты заңы бар. Оны ғылымда «Көк дәптер» дейді. «Көк дәптердің» өзі табылмағанымен оның 106 бабын та­ри­хшылар анықтаған. Сол жасақтағы заңда «Шыңғыс ханның ұрпақтарының қайда жерленгенін ешкім де білмеуі тиіс» деген ереже бар. Ал Жошы қайтыс бол­ғанда Шыңғыс хан тірі болған. Әкесінің көзі тірісінде Жошыны жұртқа көрсетіп жерлеуі мүмкін емес. Тіпті Жошының баласы Алтын Орда ханы Баты ханның қайда жерленгені әлі күнге белгісіз. Жошы хан да, оның ұлы да сол заңға сай қазақ даласында жасырын жерленуі мүмкін. Ал Ұлытаудағы Жошы хан кесенесі­нің құрылысы ХVI ғасырға тиесілі. Бірақ бұл мазарды «Жошыныкі емес» деп те айта алмаймыз. Себебі, бұл кесенені ханның кейінгі ұрпақтары ата-бабасына ескерткіш ретінде қойған болуы керек. Жошы ханға арналып салынғандықтан, бұл кесене соған тиесілі.

Кесенедегі қаңқаны зерттеген Әлкей Марғұлан оның 72-дегі ер азамат екенін анықтаған. Ал Жошы небары 46 жасында қайтыс болған. Яғни онда жатқан адам Жошы емес.

Дайындаған

Сабина ЗӘКІРЖАНҚЫЗЫ

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға