Жаңалықтар

Gangnam style әнін шырқайтын тотықұс (ВИДЕО)

Былтыр әлемдік ғаламтор желісін дүр сілкіндірген корей әншісі PSY-дың Gangnam style бейнеклипі миллиардтаған тыңдаушы жинағанын жақсы білеміз. Көпшіліктің сүйікті әніне айналған Gangnam style-ды енді аң-құстар да шырқай бастады.  Youtube.com желісінде 2 миллион көрермен жинап үлгерген тотықұс әншімен бірге қосылып ән айтады. Рас, әннің сөзін толық жаттау құс түгілі адамдарға да қиын, бірақ тотықұс Gangnam style-дың қайырмасына қосылып, тіпті кейбір сөздерін анық айтып қалады. Айта кетейік, оңтүстіккореялық рэпер PSY-дың Gangnam style бейнеклипі 2012 жылдың 15 шілдесінде жарыққа шықты. Халық құлағына жетісімен бұл ән әлемдік жүлделерді бірінен соң бірін жеңіп алған болатын. «Gangnam style» тіркесі корейлік «Каннамгу» сөзінен шыққан. Яғни Каннамгу – Сеулдегі дәулетті азаматтар тұратын мөлтекаудан. Ән Каннамгу стиліндегі өмірден сыр шертеді және сұлу, сәнқой қызға арналған. Серғали Балажан BAQ.kz
30.01.2013 07:51 3143

Былтыр әлемдік ғаламтор желісін дүр сілкіндірген корей әншісі PSY-дың Gangnam style бейнеклипі миллиардтаған тыңдаушы жинағанын жақсы білеміз. Көпшіліктің сүйікті әніне айналған Gangnam style-ды енді аң-құстар да шырқай бастады. 

Youtube.com желісінде 2 миллион көрермен жинап үлгерген тотықұс әншімен бірге қосылып ән айтады. Рас, әннің сөзін толық жаттау құс түгілі адамдарға да қиын, бірақ тотықұс Gangnam style-дың қайырмасына қосылып, тіпті кейбір сөздерін анық айтып қалады.

Айта кетейік, оңтүстіккореялық рэпер PSY-дың Gangnam style бейнеклипі 2012 жылдың 15 шілдесінде жарыққа шықты. Халық құлағына жетісімен бұл ән әлемдік жүлделерді бірінен соң бірін жеңіп алған болатын.
«Gangnam style» тіркесі корейлік «Каннамгу» сөзінен шыққан. Яғни Каннамгу – Сеулдегі дәулетті азаматтар тұратын мөлтекаудан. Ән Каннамгу стиліндегі өмірден сыр шертеді және сұлу, сәнқой қызға арналған.

Серғали Балажан

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға