Жаңалықтар

Головкиннің келесі қарсыласы анықталды

Жақында ғана АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында пуэрто-риколық Габриэль Росадоны нокаутқа түсірген қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің кезекті қарсыласы анықталды. Қазақстанның мақтанышы 30 наурызда ганалық «қара маржан» Осуман Адаммен жұдырықтасады.  Кәсіпқой шаршы алаңда әлі жеңіліп көр­меген жерлесіміз, шетелдік ақпарат көз­дерінің мәліметінше, өзінің кезекті жек­пе-жегін наурыздың 30-ы күні Францияда өткізеді. Қарсыласы Осуман Адам кәсіпқой боксшы ретінде шаршы алаңда 23 кездесу өткізген. Оның 20-сында жеңіске жетіпті. 15 қарсыласын естен тандырған. Солар­дың ішінде Ресей мақтаныштарының бірі Роман Кармазин де бар. 2011 жылдың қа­зан айында ІВҒ тұжырымының чемпиондық белбеуі жолында ресейлік боксшымен жұ­ды­рықтасқан ганалық боксшы Кармазинді 9-раундта нокаутқа түсірген. Ал 2012 жыл­дың наурызында ІВҒ тұжырымының чемпиондық белбеуіне әйгілі аустралиялық Даниэл Гилмен таласып, тең өткен айқас­тың нәтижесінде қарсыласына тізе бүккен. Дегенмен сол жекпе-жектің қорытынды­сымен келіспегендер де аз емес. Олардың пікірінше, Адам аустралиялық боксшыдан басым болған. Егер сол жұдырықтасу Гил­дің отаны Аустралияда емес, басқа елде өткенде төрешілер жеңісті ганалыққа беруі ғажап емес еді. Жалпы, кәсіпқой шаршы алаңда 2001 жылдан бері өнер көрсетіп келе жатқан Осуман Адам көптеген боксшы үшін ың­ғайсыз жұдырықтасатын қарсылас ретінде есте қалған. Жасы 32-де. Дегенмен қарсыласы қанша қарымды болғанымен, бұл жекпе-жекте де жер­ле­сіміздің жеңіске жететініне күмән келтір­мейміз. Сондай-ақ Головкин айқастарына көпшіліктің де қызығушылығы уақыт өткен сайын арта түсуде. Мәселен, бокс әлемінде беделі жоғары maxboxing.com сайтының америкалық журналисі Стив Кимнің мәлі­метінше, Геннадий Головкин мен Габриэль Росадоның айқасы теледидардың алдына 813 мың көрерменді телмірткен екен. Бұл жекпе-жек сол күнгі жұдырықтасулардың ішіндегі рейтингі жоғарысы болыпты. Автор: Асфендияр ЖАНАДІЛ Алаш айнасы  
30.01.2013 07:49 2968

Жақында ғана АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында пуэрто-риколық Габриэль Росадоны нокаутқа түсірген қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің кезекті қарсыласы анықталды. Қазақстанның мақтанышы 30 наурызда ганалық «қара маржан» Осуман Адаммен жұдырықтасады. 

Кәсіпқой шаршы алаңда әлі жеңіліп көр­меген жерлесіміз, шетелдік ақпарат көз­дерінің мәліметінше, өзінің кезекті жек­пе-жегін наурыздың 30-ы күні Францияда өткізеді. Қарсыласы Осуман Адам кәсіпқой боксшы ретінде шаршы алаңда 23 кездесу өткізген. Оның 20-сында жеңіске жетіпті. 15 қарсыласын естен тандырған. Солар­дың ішінде Ресей мақтаныштарының бірі Роман Кармазин де бар. 2011 жылдың қа­зан айында ІВҒ тұжырымының чемпиондық белбеуі жолында ресейлік боксшымен жұ­ды­рықтасқан ганалық боксшы Кармазинді 9-раундта нокаутқа түсірген. Ал 2012 жыл­дың наурызында ІВҒ тұжырымының чемпиондық белбеуіне әйгілі аустралиялық Даниэл Гилмен таласып, тең өткен айқас­тың нәтижесінде қарсыласына тізе бүккен. Дегенмен сол жекпе-жектің қорытынды­сымен келіспегендер де аз емес. Олардың пікірінше, Адам аустралиялық боксшыдан басым болған. Егер сол жұдырықтасу Гил­дің отаны Аустралияда емес, басқа елде өткенде төрешілер жеңісті ганалыққа беруі ғажап емес еді.

Жалпы, кәсіпқой шаршы алаңда 2001 жылдан бері өнер көрсетіп келе жатқан Осуман Адам көптеген боксшы үшін ың­ғайсыз жұдырықтасатын қарсылас ретінде есте қалған. Жасы 32-де.

Дегенмен қарсыласы қанша қарымды болғанымен, бұл жекпе-жекте де жер­ле­сіміздің жеңіске жететініне күмән келтір­мейміз. Сондай-ақ Головкин айқастарына көпшіліктің де қызығушылығы уақыт өткен сайын арта түсуде. Мәселен, бокс әлемінде беделі жоғары maxboxing.com сайтының америкалық журналисі Стив Кимнің мәлі­метінше, Геннадий Головкин мен Габриэль Росадоның айқасы теледидардың алдына 813 мың көрерменді телмірткен екен. Бұл жекпе-жек сол күнгі жұдырықтасулардың ішіндегі рейтингі жоғарысы болыпты.

Автор: Асфендияр ЖАНАДІЛ

Алаш айнасы

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға