Жаңалықтар

Латын әліпбиі – мемлекеттік тіл тірегі

Мемлекет мықты болса, оның елі де, болашағы да мығым. Біздің Президентіміздің арман-аңсары да осы қазақ мемлекетін сондай биік әлеуетке жеткізу екені «Қазақстан-2050» Стратегиясынан анық байқалады. Шынында да, бүкіләлемдік қауымдастықта мықтылар қатарынан ойып тұрып орын алу үшін күшті экономика ғана болуы жеткіліксіз. Сонымен бірге, рухани-мәдени тұрғыда да өркендеуге тиіспіз. Елдік санамыз, ұлтжандылық, отаншылдық, патриоттық сезіміміз де жоғары болуы керек. Мемлекеттік тіл барлық салада үстемдік еткені жөн. Сондықтан, Елбасы Жолдауында руханият мәселелеріне тиісті көңіл бөлінгені өте орынды.  Мемлекет басшысының халыққа арнаған стратегиялық бағдарламасындағы айрықша назар аударатын мәселе – мемлекеттік тіл жайы, тілдердің үш тұғырлылығы туралы жайттар. «Қазақ тілі, – деді Елбасы, – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл – өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет… Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек». Өте орынды ой, салмақты айтылған сөз. Себебі, мемлекеттік тіл – тәуелсіздіктің басты тірегі, ең негізгі өлшемі. 2050 жылға дейінгі кезеңге арналған еліміздің даму стратегиясында қазақ тілін өркендету мен оны мемлекеттік деңгейде орнықтыру мәселесіне айрықша орын берілген. Бұл, әрине, болашақта қолданылатын әліпбимен тікелей байланысты кең қанат жаятын аса маңызды іс. Тегінде, әліпби – дыбысты таңбалап жа­зу үшін ойлап шығарылғанын, ал жазу – ойдағыны қағазға түсірудің, сол әліпбиді тұ­­­­тынған тілді көркейтудің, оның қолданылу аясын нығайтудың амалы екенін әлем ға­­­­лым­дары атап келе жатқаны мәлім. Сол себеп­ті, әліпби мәселесін өркениетке жетудің, рухани-әлеуметтік дамудың жолы ретінде қарастырған орынды. Жалпы, егемен ел болғалы латын қарпіне көшу жайы үнемі айтылып, күні бүгінге дейін қаншама талқылауларда сан-алуан ұсыныстар беріліп, әлі бір тоқтамға келе алмай жүрген өзекті мәселенің бірі еді. Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 2006 жылғы ХІІ сессиясына қатысып, сөйлеген сөзінде де латын әліпбиі туралы әңгіме өрбіткен болатын. Онда: «Латын әліпбиін қарайтын кез келді. Бұл мәселені кезінде кейінге қалдырған едік. Қалай болғанда да, латын әліпбиі бүгінде телекоммуникациялық салаларда басымдыққа ие болып отыр. Сондықтан да, бұрынғы кеңестік елдердің көпшілігінің латын әліпбиіне көшуі де кездейсоқ емес. Мамандар осы мәселені зерттеп, нақты ұсыныстар жасауы тиіс», – деген еді ол. Ал, арада алты жыл өткеннен кейін Елбасы тағы да бұл тақырыпқа қайта оралып, «2025 жылы Қазақстан латын әліпбиіне көшеді», – деп нақты межені атады. Қазірде біздің елімізде латын жазуына кө­шуге байланысты барлық мүмкіндіктер, қа­жетті алғышарттар жасалған деп айтуға болады. Өйткені, бұл мәселені Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы, республикамыздың зиялы қауым өкілдері, тілтанушы, саясаттанушы ғалымдарымыз бен ғылым-білім саласының мамандары 1990 жылдардан бері келелі әңгіменің өзегі етіп келеді. Аталған Халықаралық қоғам­­ның негізін қалаған белгілі тілші ғалым, Қа­зақстан Республикасы ҰҒА академигі Әбду­әли Қайдар ағамыздың латын әліпбиіне негіз­делген қазақ жазуының арнайы үлгісін де жасап, мерзімді баспасөз арқылы ел назарына ұсынғаны жадымызда. Сол кездердегі ресми талқылауларда халықтың басым көпшілігінің жаңа латын әліпбиіне көшуді қалайтыны ашық байқалды. Осыған байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында латын жазуына орай көптеген ұтымды ұсыныстар, нақтылы іс-шаралар белгілеу жолдары, пайдалы ой-пікірлер мейлінше жеткілікті жазылды. Өйткені, қазіргі заманның соңғы технологиялық жетістіктері, барлық ақпараттық-коммуникативті байланыс құралдарының желісі латын әліпбиіне негізделгеніне ел-жұрттың көзі жетті. Бүгінде халықаралық ұялы байланыс жүйесіндегі қысқа түрдегі жазбаша мәтінді хабарлар алмасу қызметі де латын жазуымен ел тұрғындарының күнделікті тұрмысына еріксіз енді. Бұл өскелең өмірдің қажеттілігі мен талабынан туындап отырған жағдай екені айдан анық. Осы аталған жайттардың бәрі елімізде латын қарпіне көшудің алғышарттары жасалғанын көрсетеді. Оның үстіне біздің еліміз, қазақ халқы бір әліпбиден, екінші әліпбиге көшу тәжірибесін екі рет – 1928 жылдан басталып, 1932 жылы толықтай араб графикасына негізделген төте жазудан – латынға, 1940 жылы латын жазуынан бүгінгі орыс (кириллица) жазуына көшу дәуірін бастан өткерді. Сонымен бірге, Кеңес одағы тараған соң, өз тәуелсіздіктерін жариялағаннан кейін Кирилл жазуынан латын әліпбиіне көшкен Өзбекстан, Түркіменстан, Әзербайжан т.б. елдердің іс-тәжірибелеріне назар аударып, олардың әліпби ауыстыру үдерісіндегі олқылықтары мен жетістіктері жайлы мол тәжірибе-мәліметтер жинақталды. Соларды да пайдалануға әбден болады. Сондықтан ендігі жерде бұл мәселені қайта талқыға салып, дабыра етудің қажеті жоқ. Уақыт ұттырмай осы бастан сөзден іске кіріскен абзал. Жолдаудағы Елбасы белгілеген мерзім ақылға қонымды. Көрсетілген мерзімге дейінгі он екі жылда талай іс-шараларды атқарып, жаңа латын қарпіне емін-еркін көшуге болады. Осы ретте менің қайбір жылдары «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің 20-30-шы жылдардағы сандарын мұрағатта біраз қарағаным еске түседі. Сонда еліміздің бас басылымынан бастап, бүкіл қазақ газеттері 1932 жылғы 1 қаңтардан бастап арабтың төте әрібінен латыншаға көшкенін көне газет беттерін парақтай отырып байқадым. Оған дейін 1928 жылдан бастап газеттің әр санында «Латыншаға үйренейік» деген айдармен латын әріптерін үйрететін арнайы бөлім болыпты. Сонан 1931 жылға қарай аға басылымның беттеріндегі латын әрпімен берілген материалдар аралас жариялана бастаған. Сөйтіп, латын жазуына елдің бірте-бірте бойын үйретіп, уақыты келген кезде (1932 жылы) сол әліпбиге көше салған. Біз де солай еткеніміз мақұл. Мұны айтып отырғанымыз, бұрынғы өткен тарихтың төл тәжірибесі бізге аталар салып кеткен көне жол іспетті. Бұл қысқа да нұсқа, оңай да оңтайлы үйреншікті бағыт. Ана тілімізді түрлеген реформатор-тілтанушы, ұлтымыздың рухани көсемі атанған Ахаң (Байтұрсынұлы) әліпби ауыстыратын кезеңде (1927 жылы) мұны тайға таңба басқандай етіп айтып кеткен болатын. «…Хат мәдениеті бар халыққа, – дейді ол, – бір әріпті тастап, екінші әріпті ала қою оңай жұмыс емес. Бірте-бірте барып, алып кетуге бірталай уақыт керек, бірталай артық тұрған қаржы керек. Бірталай артық тұрған адамның күші керек, ісі керек. Әуелі, ондай қаржы, күш пен іс, екі әріппен бірдей қатар оқу, сауат ашу істеріне керек; екінші, баспа дүкендерінде қатар дүкен құрылмақ, қатар жұмыс жүрілмек, басылып шығып жатқан нәрселердің бәрі де екі әріппен бірдей басылып тұрмақ… Әліпби деген тілдің негізгі дыбыстарына арналған таңбалардың жинағы. Неғұрлым тіл дыбыстарына мол жетсе, арнаған дыбысқа дәл келсе, оқуға, жазуға жеңіл болса, үйретуге оңай болса, заманындағы өнер құралдарына орнатуға қолайлы болса, соғұрлым әліпби жақсы болмақшы…». Өте орынды тұжырым. Ғұлама ғалымның осынау ордалы ойын біз де әліпби ауыстыруда ескергеніміз жөн. Сондықтан да бүгінгі бұқаралық ақпарат құралдары, ғылыми-педагогикалық орта, оқу-білім саласының мамандары бұл мәселені осы бастан халыққа үйрете бергені абзал. Өйткені, кириллицаға дағдыланған бүгінгі ұрпақтың латын жазуын бірден қабылдай қоюы қиынға соғады. Әлгіндей дайындықпен біртіндеп, сатылап барсақ, 2025 жылы мектепке баратын жас буынның жаңа әліпбиді қабылдауы өте оңай болатыны дау туғызбайды. Қазіргі жаңарған қоғам мүшелерінің – біздің азаматтарымыздың негізгі бөлігі латын жазуына көшуді қазіргі әлемнің инновациялық-технологиялық жетістіктеріне ілесудің төте жолы, дүниежүзілік өркениет игіліктеріне қосылудың, еуразиялық кеңістік әлеміне енудің бірден-бір негізгі тетігі деп біледі. Бұл өз кезегінде бүкіл иісі түркі дүниесі халықтарымен рухани-мәдени ынтымақтастық байланыс жасауды жандандыруға, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге, ағылшын жазуын тез меңгеруге, шетелдерде тұратын қан­­дас­­­­­­­та­рымызбен тығыз қарым-қатынас орнатуға, заманауи электронды ақпарат құралдарын жылдамырақ үйренуге көп септігін тигізеді. Бақтияр СМАНОВ, Абай атындағы Қазақ ұлттық педаго­­гика­­лық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, халықаралық Ш.Айтматов академиясының академигі. Егемен Қазақстан
28.01.2013 05:07 4760

Мемлекет мықты болса, оның елі де, болашағы да мығым. Біздің Президентіміздің арман-аңсары да осы қазақ мемлекетін сондай биік әлеуетке жеткізу екені «Қазақстан-2050» Стратегиясынан анық байқалады. Шынында да, бүкіләлемдік қауымдастықта мықтылар қатарынан ойып тұрып орын алу үшін күшті экономика ғана болуы жеткіліксіз. Сонымен бірге, рухани-мәдени тұрғыда да өркендеуге тиіспіз. Елдік санамыз, ұлтжандылық, отаншылдық, патриоттық сезіміміз де жоғары болуы керек. Мемлекеттік тіл барлық салада үстемдік еткені жөн. Сондықтан, Елбасы Жолдауында руханият мәселелеріне тиісті көңіл бөлінгені өте орынды. 
Мемлекет басшысының халыққа арнаған стратегиялық бағдарламасындағы айрықша назар аударатын мәселе – мемлекеттік тіл жайы, тілдердің үш тұғырлылығы туралы жайттар. «Қазақ тілі, – деді Елбасы, – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл – өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет… Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек». Өте орынды ой, салмақты айтылған сөз. Себебі, мемлекеттік тіл – тәуелсіздіктің басты тірегі, ең негізгі өлшемі.
2050 жылға дейінгі кезеңге арналған еліміздің даму стратегиясында қазақ тілін өркендету мен оны мемлекеттік деңгейде орнықтыру мәселесіне айрықша орын берілген. Бұл, әрине, болашақта қолданылатын әліпбимен тікелей байланысты кең қанат жаятын аса маңызды іс.
Тегінде, әліпби – дыбысты таңбалап жа­зу үшін ойлап шығарылғанын, ал жазу – ойдағыны қағазға түсірудің, сол әліпбиді тұ­­­­тынған тілді көркейтудің, оның қолданылу аясын нығайтудың амалы екенін әлем ға­­­­лым­дары атап келе жатқаны мәлім. Сол себеп­ті, әліпби мәселесін өркениетке жетудің, рухани-әлеуметтік дамудың жолы ретінде қарастырған орынды.
Жалпы, егемен ел болғалы латын қарпіне көшу жайы үнемі айтылып, күні бүгінге дейін қаншама талқылауларда сан-алуан ұсыныстар беріліп, әлі бір тоқтамға келе алмай жүрген өзекті мәселенің бірі еді. Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 2006 жылғы ХІІ сессиясына қатысып, сөйлеген сөзінде де латын әліпбиі туралы әңгіме өрбіткен болатын. Онда: «Латын әліпбиін қарайтын кез келді. Бұл мәселені кезінде кейінге қалдырған едік. Қалай болғанда да, латын әліпбиі бүгінде телекоммуникациялық салаларда басымдыққа ие болып отыр. Сондықтан да, бұрынғы кеңестік елдердің көпшілігінің латын әліпбиіне көшуі де кездейсоқ емес. Мамандар осы мәселені зерттеп, нақты ұсыныстар жасауы тиіс», – деген еді ол. Ал, арада алты жыл өткеннен кейін Елбасы тағы да бұл тақырыпқа қайта оралып, «2025 жылы Қазақстан латын әліпбиіне көшеді», – деп нақты межені атады.
Қазірде біздің елімізде латын жазуына кө­шуге байланысты барлық мүмкіндіктер, қа­жетті алғышарттар жасалған деп айтуға болады. Өйткені, бұл мәселені Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы, республикамыздың зиялы қауым өкілдері, тілтанушы, саясаттанушы ғалымдарымыз бен ғылым-білім саласының мамандары 1990 жылдардан бері келелі әңгіменің өзегі етіп келеді. Аталған Халықаралық қоғам­­ның негізін қалаған белгілі тілші ғалым, Қа­зақстан Республикасы ҰҒА академигі Әбду­әли Қайдар ағамыздың латын әліпбиіне негіз­делген қазақ жазуының арнайы үлгісін де жасап, мерзімді баспасөз арқылы ел назарына ұсынғаны жадымызда. Сол кездердегі ресми талқылауларда халықтың басым көпшілігінің жаңа латын әліпбиіне көшуді қалайтыны ашық байқалды. Осыған байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында латын жазуына орай көптеген ұтымды ұсыныстар, нақтылы іс-шаралар белгілеу жолдары, пайдалы ой-пікірлер мейлінше жеткілікті жазылды. Өйткені, қазіргі заманның соңғы технологиялық жетістіктері, барлық ақпараттық-коммуникативті байланыс құралдарының желісі латын әліпбиіне негізделгеніне ел-жұрттың көзі жетті. Бүгінде халықаралық ұялы байланыс жүйесіндегі қысқа түрдегі жазбаша мәтінді хабарлар алмасу қызметі де латын жазуымен ел тұрғындарының күнделікті тұрмысына еріксіз енді. Бұл өскелең өмірдің қажеттілігі мен талабынан туындап отырған жағдай екені айдан анық. Осы аталған жайттардың бәрі елімізде латын қарпіне көшудің алғышарттары жасалғанын көрсетеді.
Оның үстіне біздің еліміз, қазақ халқы бір әліпбиден, екінші әліпбиге көшу тәжірибесін екі рет – 1928 жылдан басталып, 1932 жылы толықтай араб графикасына негізделген төте жазудан – латынға, 1940 жылы латын жазуынан бүгінгі орыс (кириллица) жазуына көшу дәуірін бастан өткерді. Сонымен бірге, Кеңес одағы тараған соң, өз тәуелсіздіктерін жариялағаннан кейін Кирилл жазуынан латын әліпбиіне көшкен Өзбекстан, Түркіменстан, Әзербайжан т.б. елдердің іс-тәжірибелеріне назар аударып, олардың әліпби ауыстыру үдерісіндегі олқылықтары мен жетістіктері жайлы мол тәжірибе-мәліметтер жинақталды. Соларды да пайдалануға әбден болады. Сондықтан ендігі жерде бұл мәселені қайта талқыға салып, дабыра етудің қажеті жоқ. Уақыт ұттырмай осы бастан сөзден іске кіріскен абзал. Жолдаудағы Елбасы белгілеген мерзім ақылға қонымды. Көрсетілген мерзімге дейінгі он екі жылда талай іс-шараларды атқарып, жаңа латын қарпіне емін-еркін көшуге болады.
Осы ретте менің қайбір жылдары «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің 20-30-шы жылдардағы сандарын мұрағатта біраз қарағаным еске түседі. Сонда еліміздің бас басылымынан бастап, бүкіл қазақ газеттері 1932 жылғы 1 қаңтардан бастап арабтың төте әрібінен латыншаға көшкенін көне газет беттерін парақтай отырып байқадым. Оған дейін 1928 жылдан бастап газеттің әр санында «Латыншаға үйренейік» деген айдармен латын әріптерін үйрететін арнайы бөлім болыпты. Сонан 1931 жылға қарай аға басылымның беттеріндегі латын әрпімен берілген материалдар аралас жариялана бастаған. Сөйтіп, латын жазуына елдің бірте-бірте бойын үйретіп, уақыты келген кезде (1932 жылы) сол әліпбиге көше салған. Біз де солай еткеніміз мақұл.
Мұны айтып отырғанымыз, бұрынғы өткен тарихтың төл тәжірибесі бізге аталар салып кеткен көне жол іспетті. Бұл қысқа да нұсқа, оңай да оңтайлы үйреншікті бағыт. Ана тілімізді түрлеген реформатор-тілтанушы, ұлтымыздың рухани көсемі атанған Ахаң (Байтұрсынұлы) әліпби ауыстыратын кезеңде (1927 жылы) мұны тайға таңба басқандай етіп айтып кеткен болатын. «…Хат мәдениеті бар халыққа, – дейді ол, – бір әріпті тастап, екінші әріпті ала қою оңай жұмыс емес. Бірте-бірте барып, алып кетуге бірталай уақыт керек, бірталай артық тұрған қаржы керек. Бірталай артық тұрған адамның күші керек, ісі керек. Әуелі, ондай қаржы, күш пен іс, екі әріппен бірдей қатар оқу, сауат ашу істеріне керек; екінші, баспа дүкендерінде қатар дүкен құрылмақ, қатар жұмыс жүрілмек, басылып шығып жатқан нәрселердің бәрі де екі әріппен бірдей басылып тұрмақ… Әліпби деген тілдің негізгі дыбыстарына арналған таңбалардың жинағы. Неғұрлым тіл дыбыстарына мол жетсе, арнаған дыбысқа дәл келсе, оқуға, жазуға жеңіл болса, үйретуге оңай болса, заманындағы өнер құралдарына орнатуға қолайлы болса, соғұрлым әліпби жақсы болмақшы…». Өте орынды тұжырым. Ғұлама ғалымның осынау ордалы ойын біз де әліпби ауыстыруда ескергеніміз жөн.
Сондықтан да бүгінгі бұқаралық ақпарат құралдары, ғылыми-педагогикалық орта, оқу-білім саласының мамандары бұл мәселені осы бастан халыққа үйрете бергені абзал. Өйткені, кириллицаға дағдыланған бүгінгі ұрпақтың латын жазуын бірден қабылдай қоюы қиынға соғады. Әлгіндей дайындықпен біртіндеп, сатылап барсақ, 2025 жылы мектепке баратын жас буынның жаңа әліпбиді қабылдауы өте оңай болатыны дау туғызбайды.
Қазіргі жаңарған қоғам мүшелерінің – біздің азаматтарымыздың негізгі бөлігі латын жазуына көшуді қазіргі әлемнің инновациялық-технологиялық жетістіктеріне ілесудің төте жолы, дүниежүзілік өркениет игіліктеріне қосылудың, еуразиялық кеңістік әлеміне енудің бірден-бір негізгі тетігі деп біледі.
Бұл өз кезегінде бүкіл иісі түркі дүниесі халықтарымен рухани-мәдени ынтымақтастық байланыс жасауды жандандыруға, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге, ағылшын жазуын тез меңгеруге, шетелдерде тұратын қан­­дас­­­­­­­та­рымызбен тығыз қарым-қатынас орнатуға, заманауи электронды ақпарат құралдарын жылдамырақ үйренуге көп септігін тигізеді.

Бақтияр СМАНОВ,
Абай атындағы Қазақ ұлттық педаго­­гика­­лық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, халықаралық Ш.Айтматов академиясының академигі.

Егемен Қазақстан

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға