Жаңалықтар

"Реалға" кеткен қарағандылық жас футболшы елге оралды (БЕЙНЕ)

Испанияға кеткен қарағандылық футболшы елге оралды, деп хабарлайды 24.kz. Мадридке Қазыбек Тұяқов "Реал" футбол клубының шақыруымен аттанған болатын. Қарағандылық жас футболшы Қазыбек Тұяқов «Реал» футбол клубына сынақ ретіндегі жаттығудан өтуге барады деген сүйінші хабарды BAQ.kz жақында жариялаған болатын. Іріктеуден өткендер алғашқы екі жылда клуб жанындағы дайындық мектебінде шынығады. Тек содан кейін ғана футбол академиясында жаттығуға мүмкіндік алмақ. Мамандардың айтуынша, қарағандылық өреннің топ жарып шығуға мүмкіндігі зор көрінеді. Қазыбек футболмен 6 жасынан бастап шұғылданады. Қазірде Қарағандының «Шахтер» футбол клубында жаттығып жүр. Сонымен Қазыбек Тұяқов Испанияға барып келді. Ол әйгілі клубта төрт жаттығудан өткен көрінеді. Жеке жаттығулардан да тыс қалмапты. Тіпті бір ойында жас футболшы қақпаға гол соғып та үлгерген. Қазыбек ТҰЯҚОВ, жас футболшы: - Алдымда тұрған екі ойыншыны жолдан алып тастады. Одан кейін үшіншісі мен төртіншісінен допты алып шығу оңай болды. Осылайша гол соқтым. "Реал" футболшысы атану үшін бес ережені міндетті түрде орындау қажет. Бірінші орында қабілет керек. Сосын алаңды көре білу және қандай жағдайда болмасын қақпаға доп салу шеберлігі. Бұл ережелердің барлығына Қазбек үлкен жауапкершілікпен қарайды. Шахзада ТҰЯҚОВ, Қазыбектің әкесі: - Дриблингті ол өте әдемі көрсетті. Енді нәтижені күтеміз. Қазбек жаттығатын орталықта оның шеберлігін өте жақсы бағалайды. Алайда мұндай таланттарды  шетелге қимайтындарын да жасырмады. Дегенмен шетелде футболшыларға жасалған жағдай өте жоғары екендігін де ескерген жөн. Бауыржан ЕЛЕУСІЗОВ, ата-ана: - Бізге берілген мүмкіндік төменгі деңгейде. Тіпті, жақсы төсеніші бар залда жоқ. Балалар жаттығуға қаланың сыртындағы залдарға барады. Ал көбіне баруға мүмкіндіктері болмай жатады. Қазыбек Тұяқовтың  Реал футбол академиясына оқуға ілігуі  келесі аптада белгілі болады. BAQ.kz
26.01.2013 10:18 4337

Испанияға кеткен қарағандылық футболшы елге оралды, деп хабарлайды 24.kz. Мадридке Қазыбек Тұяқов "Реал" футбол клубының шақыруымен аттанған болатын.
Қарағандылық жас футболшы Қазыбек Тұяқов «Реал» футбол клубына сынақ ретіндегі жаттығудан өтуге барады деген сүйінші хабарды BAQ.kz жақында жариялаған болатын.
Іріктеуден өткендер алғашқы екі жылда клуб жанындағы дайындық мектебінде шынығады. Тек содан кейін ғана футбол академиясында жаттығуға мүмкіндік алмақ. Мамандардың айтуынша, қарағандылық өреннің топ жарып шығуға мүмкіндігі зор көрінеді.
Қазыбек футболмен 6 жасынан бастап шұғылданады. Қазірде Қарағандының «Шахтер» футбол клубында жаттығып жүр.

Сонымен Қазыбек Тұяқов Испанияға барып келді. Ол әйгілі клубта төрт жаттығудан өткен көрінеді. Жеке жаттығулардан да тыс қалмапты. Тіпті бір ойында жас футболшы қақпаға гол соғып та үлгерген.

Қазыбек ТҰЯҚОВ, жас футболшы:

- Алдымда тұрған екі ойыншыны жолдан алып тастады. Одан кейін үшіншісі мен төртіншісінен допты алып шығу оңай болды. Осылайша гол соқтым.

"Реал" футболшысы атану үшін бес ережені міндетті түрде орындау қажет. Бірінші орында қабілет керек. Сосын алаңды көре білу және қандай жағдайда болмасын қақпаға доп салу шеберлігі. Бұл ережелердің барлығына Қазбек үлкен жауапкершілікпен қарайды.

Шахзада ТҰЯҚОВ, Қазыбектің әкесі:

- Дриблингті ол өте әдемі көрсетті. Енді нәтижені күтеміз.

Қазбек жаттығатын орталықта оның шеберлігін өте жақсы бағалайды. Алайда мұндай таланттарды  шетелге қимайтындарын да жасырмады. Дегенмен шетелде футболшыларға жасалған жағдай өте жоғары екендігін де ескерген жөн.

Бауыржан ЕЛЕУСІЗОВ, ата-ана:

- Бізге берілген мүмкіндік төменгі деңгейде. Тіпті, жақсы төсеніші бар залда жоқ. Балалар жаттығуға қаланың сыртындағы залдарға барады. Ал көбіне баруға мүмкіндіктері болмай жатады.

Қазыбек Тұяқовтың  Реал футбол академиясына оқуға ілігуі  келесі аптада белгілі болады.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға