Жаңалықтар

"Мона Лиза" Айға аттанды

NASA мамандары лазерлік сәуле арқылы екі ғаламшарлық денелер арасында деректер жіберіп, керемет тәжірибе жасады. SPACE.com-ның хабарлауынша, дерек ретінде Леонардо да Винчидің «Мона Лиза» картинасы алынған. Мэриленд шататынан жіберілген лазерлік белгі 384 мың шақырым қашықтықтағы Lunar Reconnaissance Orbiter (LRO) деп аталатын Айдың жасанды серігіне сәтті жеткен. Бұл жасанды серік ай орбитасында 2009 жылдан бері ұшып жүр. Бұл тәжірибеге LRO-да лазерлік қабылдағыш бар болғандықтан таңдалып алыныпты. NASA оның қозғалысын лазерлер арқылы қадағалап отыратын көрінеді. Американдықтар жасанды серік межелі жерге жеткен кезде «Мона Лизаны» жіберген. Ал көп кешікпей бейнені радио арқылы қабылдаған жасанды серік өзі қабылдаған деректерді қайыра жіберген. Суретті жіберу жылдамдығы шамамен секундына 300 бит болған. Автор: Әбу-Асқар Мекешұлы BAQ.kz
26.01.2013 10:10 3241

NASA мамандары лазерлік сәуле арқылы екі ғаламшарлық денелер арасында деректер жіберіп, керемет тәжірибе жасады.

SPACE.com-ның хабарлауынша, дерек ретінде Леонардо да Винчидің «Мона Лиза» картинасы алынған.

Мэриленд шататынан жіберілген лазерлік белгі 384 мың шақырым қашықтықтағы Lunar Reconnaissance Orbiter (LRO) деп аталатын Айдың жасанды серігіне сәтті жеткен. Бұл жасанды серік ай орбитасында 2009 жылдан бері ұшып жүр.

Бұл тәжірибеге LRO-да лазерлік қабылдағыш бар болғандықтан таңдалып алыныпты. NASA оның қозғалысын лазерлер арқылы қадағалап отыратын көрінеді. Американдықтар жасанды серік межелі жерге жеткен кезде «Мона Лизаны» жіберген. Ал көп кешікпей бейнені радио арқылы қабылдаған жасанды серік өзі қабылдаған деректерді қайыра жіберген. Суретті жіберу жылдамдығы шамамен секундына 300 бит болған.

Автор: Әбу-Асқар Мекешұлы

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға