Елордада 2 084 көпқабатты тұрғын үй бар
Дегенмен, көптеген тұрғындарды үйлері ескірген, бірақ күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге болатын жағдайда не істеу керек деген сауал мазалайды. ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 35 бабына сәйкес, тұрғын жай (пәтер) иелері жекеменшіктегі жалпы мүлік пен орынжайларды ұстау үшін жұмсалатын барлық шығындарды бірге көтеруі міндетті және оның орындалуына жауапты болады. Ғимаратты жөндеуге талап етілетін қаржы көлемін барлық тұрғындардың бірден төлеуге мүмкіндігі бола бермейді.
Қазіргі уақытта тұрғын үй қорының жағдайын жақсарту мақсатында Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңартудың (ТКШЖ) мемлекеттік бағдарламасы іске асырылып жатыр. Бағдарламаның маңызы бюджеттік қаржыландырудың кері механизмі негізінде, көп пәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкін күрделі жөндеу. Басқаша айтқанда, мемлекет тұрғындарға «несие» береді, олар несиені кезең-кезеңімен белгілі уақыт ішінде қайтарады.
Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңарту бағдарламасына тұрғын үйді қосу үшін:
1. Тұрғын үйдің кондоминиум нысанын әділет органдарында тіркеу қажет;
2. Осы тұрғын үйдің кондоминиум нысанын басқаратын органды таңдау қажет (ПИК, ӨБК, Басқару компаниясы және т.б.);
3. Пәтер иелерінің хаттамалық жиналысын рәсімдеу және тұрғын үйді күрделі жөндеу қажет (тұрғындардың кемінде 66,7%-ы келісуі тиіс).
Астана қаласының ресми сайты astana.kz