Жаңалықтар

Астанада қазақ мектептері 70-ке жетті!

Астана қаласында 2012-2013 оқу жылында жалпы білім беретін мектептер саны 70-ке жеткен. Бұл туралы Астана қаласының Білім басқармасы хабарлайды. Бұл 2010-2011 оқу жылдарымен салыстырғанда 4 мектепке артық. Оның ішінде қазақ тілінде оқытатын мектептер саны – 24, 2010-2011 жылдары 20 болған. Биылғы оқу жылында Астана қаласында жалпы білім беретін мектептер санына бір мектеп қосылып отыр. Қазақ мектептерінде 2011 жылы – 25 883 оқушы болса, 2012-2013 оқу жылында 29 523 оқушыға жетіп отыр. Басқарманың мәліметі бойынша, 2012-2013 оқу жылында 24 қазақ мектебі бойынша 2018 мұғалім жұмыс істейді. 1815 мұғалімнің жоғары педагогикалық, 203-інің орта кәсіптік педагогикалық білімі бар. 579 мұғалімнің біліктілік санаты жоғары, 503-і бірінші, 448-і екінші санатқа ие. Яғни, Астана қаласында 2011-2012 оқу жылында 23 қазақ мектебі болған, ондағы оқушылар саны – 25 883. Бұл көрсеткіш барлық оқушылардың 33,8 % құраса, биылғы оқу жылында мектеп саны біреуге артып, оқушылар саны – 29 523 жеткен, яғни, бұл көрсеткіш барлық оқушылардың 35,3 % құрап отыр. Бүгінгі таңда, қалаға сырттан келетін тұрғындардың көбеюіне байланысты мектептерде орын тапшылығы сезілуде. Осыған байланысты алдағы уақытта қазақ тілді мектептерді ашу жоспарда бар, - делінген хабарламада. BAQ.kz
25.01.2013 05:49 5959

Астана қаласында 2012-2013 оқу жылында жалпы білім беретін мектептер саны 70-ке жеткен. Бұл туралы Астана қаласының Білім басқармасы хабарлайды.

Бұл 2010-2011 оқу жылдарымен салыстырғанда 4 мектепке артық. Оның ішінде қазақ тілінде оқытатын мектептер саны – 24, 2010-2011 жылдары 20 болған.

Биылғы оқу жылында Астана қаласында жалпы білім беретін мектептер санына бір мектеп қосылып отыр. Қазақ мектептерінде 2011 жылы – 25 883 оқушы болса, 2012-2013 оқу жылында 29 523 оқушыға жетіп отыр.
Басқарманың мәліметі бойынша, 2012-2013 оқу жылында 24 қазақ мектебі бойынша 2018 мұғалім жұмыс істейді. 1815 мұғалімнің жоғары педагогикалық, 203-інің орта кәсіптік педагогикалық білімі бар. 579 мұғалімнің біліктілік санаты жоғары, 503-і бірінші, 448-і екінші санатқа ие.
Яғни, Астана қаласында 2011-2012 оқу жылында 23 қазақ мектебі болған, ондағы оқушылар саны – 25 883. Бұл көрсеткіш барлық оқушылардың 33,8 % құраса, биылғы оқу жылында мектеп саны біреуге артып, оқушылар саны – 29 523 жеткен, яғни, бұл көрсеткіш барлық оқушылардың 35,3 % құрап отыр.
Бүгінгі таңда, қалаға сырттан келетін тұрғындардың көбеюіне байланысты мектептерде орын тапшылығы сезілуде. Осыған байланысты алдағы уақытта қазақ тілді мектептерді ашу жоспарда бар, - делінген хабарламада.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға