Жаңалықтар

Сочи Олимпиадаға 150 мың текше метр қар дайындамақ

Сочидегі 2014 жылғы Олимпиадаға әзірлікпен айналысып жатқан «Олимпстрой» мемлекеттік корпорациясы жарыстарға 150 мың текшеметрден астам қар дайындамақ.  Бұл туралы компанияның ресми сайты мәлім етті, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі. Олимпиадалық шаңғы жарысы мен биатлоннан жарыстар өтетін «Лаура» кешені үшін 100 мың текшеметр қар қоры жасақталды. Жиналған қар 2013 жылы 40-санитиметрлік ағаш үгіндісі қабатымен жабылып, сақталады. Қардың қалған бөлігі «Роза Хутор» тау шаңғысы орталығына арналған. 2012 жылдан бері оның қасында 20 мың текше метр қар жиналған, ол 2013 жылдың қаңтар-ақпан айларында өтетін тестілік жарыстарға арналған. Дегенмен, ұййымдастырушылар жыл басынан бері түскен қар орталықтың қабілетін сынақтан өткізуге жетеді деп санайды. Ойынның басталуына дейін «Роза Хутор» жанында 70 мың текше метр қар жиналмақ. «Олимпстрой» хабарламасына қарағанда, Сочиде қыста әдетте қар мол болады. Дегенмен, Олимпиада ұйымдастырушылары спорт федерациялары мен Халықаралық Олимпиада комитетінің талаптарына сәйкес болуы үшін қар қорын жасақтауды қолға алды. BAQ.kz
25.01.2013 04:24 2994

Сочидегі 2014 жылғы Олимпиадаға әзірлікпен айналысып жатқан «Олимпстрой» мемлекеттік корпорациясы жарыстарға 150 мың текшеметрден астам қар дайындамақ. 

Бұл туралы компанияның ресми сайты мәлім етті, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.

Олимпиадалық шаңғы жарысы мен биатлоннан жарыстар өтетін «Лаура» кешені үшін 100 мың текшеметр қар қоры жасақталды. Жиналған қар 2013 жылы 40-санитиметрлік ағаш үгіндісі қабатымен жабылып, сақталады.

Қардың қалған бөлігі «Роза Хутор» тау шаңғысы орталығына арналған. 2012 жылдан бері оның қасында 20 мың текше метр қар жиналған, ол 2013 жылдың қаңтар-ақпан айларында өтетін тестілік жарыстарға арналған. Дегенмен, ұййымдастырушылар жыл басынан бері түскен қар орталықтың қабілетін сынақтан өткізуге жетеді деп санайды. Ойынның басталуына дейін «Роза Хутор» жанында 70 мың текше метр қар жиналмақ.

«Олимпстрой» хабарламасына қарағанда, Сочиде қыста әдетте қар мол болады. Дегенмен, Олимпиада ұйымдастырушылары спорт федерациялары мен Халықаралық Олимпиада комитетінің талаптарына сәйкес болуы үшін қар қорын жасақтауды қолға алды.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға