Жаңалықтар

Елбасы жолдауы – бағыты­­мыздың батыл бағдарламасы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Страте­гиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы, шын мәнінде, біздің мемлекетіміздің таяудағы қырық жылға жуық уақыт ағымындағы бағыты­­мыздың батыл бағдарламасы болып шықты. Елбасының өзі қадап тұрып атап өткендей, расында да, бұдан 15 жыл бұрын қабылданған «Қа­зақстан-2030» Стратегиясы қазіргі кезеңге дейін жүзеге асып, зама­науи Қазақстан орнықты. Мұның өзі біздің халқымыздың бірлігі, табанды еңбегі мен қажыр-қай­ра­ты, алғы күнге ұмтылысы мен зор сенімі арқасында мүмкін болды. Біз­дің нағыз орныққан, қалыптас­қан іргелі мемлекет бола алғаны­мызды 2008 жылдан бері бүкіл әлемді шарпып, жан-жағын түгел құрсаулап келе жатқан қаржы-эко­номикалық дағдарысы да бай­қатады. Күллі әлемнің көзі жетіп отырғандай, бүгінде біз бұл дағда­рыстан бауырымыз бүтін, басымыз аман қалпымызда шығып келеміз. Тәуелсіздік жылдардағы біздің ең үлкен жетістіктеріміздің бірі – кей мемлекеттер мың жылдан бері шешімін таппай жүрген шетін мә­селе – жан-жақтағы көршілеріміз­бен арадағы шека­рамызды нақты белгілеп, заңдастырып алғанымыз болды. Кезінде «ақтабан шұбы­рын­дыны» бастан кешіріп, содан аман қалған қазақ баласының ұр­пағы үшін бұдан үлкен бақыт пен жетістік жоқ. Осының арқасында, кәсіби мем­лекет құру тұрғысында алға қойған міндетті де біршама та­бысты жүзеге асыра бастадық. Осы ретте Елбасы бізге әкімшіл-әмір­шіл жүйенің басқару дәстүрлері­нен түбегейлі бас тартып, басқару­шылардың заманауи әрі тиімді кор­пусын құруды тапсырып отыр. Ол барлық азаматтардың тең құ­қықтарға ие болулары арқылы кадр­ларды іріктеу мен жоғарылату жүйесі бойынша орында­ла­ды. Мұ­ның өзін мемлекет басқарудағы төң­керістік нәтиже деп бағалауға бо­лады. Жолдауда ұлттық құқықтық жүйені жаңғырту мәселесі де кеңі­нен қозғал­ған. Осы орайда, заңна­маның тек ұлт­тық мүдделерді қор­ғап қана қоя салмай, оның қар­қын­ды дамып отырған халық­ара­лық құқықтық ортамен де үйлесім табуы керек екені айтылды. Мұ­ның түй­інінде Елбасы Үкіметке жеке құқықтың барлық базалық сала­ла­рында құқықтық жүйенің бәсе­келестігін арттыру жөнінде жүйелі шаралар қабылдауды тапсырды. Бұдан әрі Қылмыстық және Қыл­мыстық іс жүргізу заңнамалары ре­формаларын алдағы жылдан қалдырмай бастауды міндеттеді. Сол сияқты Парламентке кодексті дайындау жөніндегі тапсырма берілуі де біздің құқықтық сала­мыз­ды жетілдіре түсуге бағыттал­ған нақты қадам деп білемін. Мұ­ның бәрі мемле­кеттің қылмысқа қарсы жүйесін жаң­ғыр­туға үлкен мүмкіндіктер береді. Заңгер ретінде мен бұл қадамдарды аса бір қана­ғат­танғандық сезіммен қарсы ал­дым. Елбасы ең ұсақ деген тәртіп бұ­зу­шылықтың өзіне ымырасыз қа­рауды ұсын­ды. Бұл – дамыған қо­ғамның бі­рінші белгісі. Нағыз құ­қықтық зайырлы мемлекетте адам­дардың тыныштығы мен өмірінің сапасы әрдайым алдыңғы ке­зекте тұруы керек. Елбасы қалыптасқан Қазақстан қоғамының осындай си­патта өмір сүретін уақыты жетті деп есептейді. Бұған біз тек қуана­мыз. Мұның арғы жағында даму­шы қоғамға қашанда кесел тапты­рып, кедергі келтіретін жегі құрт – жемқорлыққа қарсы күресте мем­лекеттің жұртшылыққа сүйенуі керек екені білдіріледі. Расында, мұндай мазмұндағы қылмыстарды мемлекет пен қоғам бірлесе әрекет еткен жағдайда ғана түбегейлі ау­ыздықтауға болады. Бұл проблема­ны жемісті шешудің тағы бір тетігі, құқық қорғау органдарының өзін үздіксіз реформалап, таяу арада қа­был­данатын Құқық қорғау жүй­е­сін одан әрі жаңғырту бағдарла­масын бүгінгі күннің талабынан туған міндет деп санаймын. Мемлекет басшысының келер күн­дердің көкжиегіне терең бой­лаған кө­регендігін біз балала­рымыздың енді қазақ тілімен қоса, орыс және ағылшын тілдерін қатар меңгеруге тиіс екендігі жөніндегі тапсырмасынан анық байқай­мыз. Отанымыздың үш тілді еркін мең­герген ұландары әлемнің кез кел­ген жерінде өзін еркін сезінетіні шындық. Еліміздің байлығын арт­тырып, табысын көбейтетіндер де негізінен солар болады. Үштілділік Жер шарында барша озық техно­логия мен ғылымды қазақ жерінде өркен жайдыруға көмектеседі. Мен ұрпақтарымыздың әлем тілдерін барынша көптеп білгендерін тек жақсылықтың нышаны деп санай­мын. Тегінде бабаларымыз «Жеті жұрттың тілін біл» дегенді осыған анық көз жеткізген соң айтқан ғой. Елбасының кезекті Жолдауы бізді осындай ойларға жетеледі. Сапарбек НҰРПЕЙІСОВ, Қызылорда облысының прокуроры. BAQ.kz
24.01.2013 12:09 3198

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Страте­гиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы, шын мәнінде, біздің мемлекетіміздің таяудағы қырық жылға жуық уақыт ағымындағы бағыты­­мыздың батыл бағдарламасы болып шықты.

Елбасының өзі қадап тұрып атап өткендей, расында да, бұдан 15 жыл бұрын қабылданған «Қа­зақстан-2030» Стратегиясы қазіргі кезеңге дейін жүзеге асып, зама­науи Қазақстан орнықты. Мұның өзі біздің халқымыздың бірлігі, табанды еңбегі мен қажыр-қай­ра­ты, алғы күнге ұмтылысы мен зор сенімі арқасында мүмкін болды. Біз­дің нағыз орныққан, қалыптас­қан іргелі мемлекет бола алғаны­мызды 2008 жылдан бері бүкіл әлемді шарпып, жан-жағын түгел құрсаулап келе жатқан қаржы-эко­номикалық дағдарысы да бай­қатады. Күллі әлемнің көзі жетіп отырғандай, бүгінде біз бұл дағда­рыстан бауырымыз бүтін, басымыз аман қалпымызда шығып келеміз.

Тәуелсіздік жылдардағы біздің ең үлкен жетістіктеріміздің бірі – кей мемлекеттер мың жылдан бері шешімін таппай жүрген шетін мә­селе – жан-жақтағы көршілеріміз­бен арадағы шека­рамызды нақты белгілеп, заңдастырып алғанымыз болды. Кезінде «ақтабан шұбы­рын­дыны» бастан кешіріп, содан аман қалған қазақ баласының ұр­пағы үшін бұдан үлкен бақыт пен жетістік жоқ. Осының арқасында, кәсіби мем­лекет құру тұрғысында алға қойған міндетті де біршама та­бысты жүзеге асыра бастадық. Осы ретте Елбасы бізге әкімшіл-әмір­шіл жүйенің басқару дәстүрлері­нен түбегейлі бас тартып, басқару­шылардың заманауи әрі тиімді кор­пусын құруды тапсырып отыр. Ол барлық азаматтардың тең құ­қықтарға ие болулары арқылы кадр­ларды іріктеу мен жоғарылату жүйесі бойынша орында­ла­ды. Мұ­ның өзін мемлекет басқарудағы төң­керістік нәтиже деп бағалауға бо­лады.

Жолдауда ұлттық құқықтық жүйені жаңғырту мәселесі де кеңі­нен қозғал­ған. Осы орайда, заңна­маның тек ұлт­тық мүдделерді қор­ғап қана қоя салмай, оның қар­қын­ды дамып отырған халық­ара­лық құқықтық ортамен де үйлесім табуы керек екені айтылды. Мұ­ның түй­інінде Елбасы Үкіметке жеке құқықтың барлық базалық сала­ла­рында құқықтық жүйенің бәсе­келестігін арттыру жөнінде жүйелі шаралар қабылдауды тапсырды. Бұдан әрі Қылмыстық және Қыл­мыстық іс жүргізу заңнамалары ре­формаларын алдағы жылдан қалдырмай бастауды міндеттеді. Сол сияқты Парламентке кодексті дайындау жөніндегі тапсырма берілуі де біздің құқықтық сала­мыз­ды жетілдіре түсуге бағыттал­ған нақты қадам деп білемін. Мұ­ның бәрі мемле­кеттің қылмысқа қарсы жүйесін жаң­ғыр­туға үлкен мүмкіндіктер береді. Заңгер ретінде мен бұл қадамдарды аса бір қана­ғат­танғандық сезіммен қарсы ал­дым.

Елбасы ең ұсақ деген тәртіп бұ­зу­шылықтың өзіне ымырасыз қа­рауды ұсын­ды. Бұл – дамыған қо­ғамның бі­рінші белгісі. Нағыз құ­қықтық зайырлы мемлекетте адам­дардың тыныштығы мен өмірінің сапасы әрдайым алдыңғы ке­зекте тұруы керек. Елбасы қалыптасқан Қазақстан қоғамының осындай си­патта өмір сүретін уақыты жетті деп есептейді. Бұған біз тек қуана­мыз. Мұның арғы жағында даму­шы қоғамға қашанда кесел тапты­рып, кедергі келтіретін жегі құрт – жемқорлыққа қарсы күресте мем­лекеттің жұртшылыққа сүйенуі керек екені білдіріледі. Расында, мұндай мазмұндағы қылмыстарды мемлекет пен қоғам бірлесе әрекет еткен жағдайда ғана түбегейлі ау­ыздықтауға болады. Бұл проблема­ны жемісті шешудің тағы бір тетігі, құқық қорғау органдарының өзін үздіксіз реформалап, таяу арада қа­был­данатын Құқық қорғау жүй­е­сін одан әрі жаңғырту бағдарла­масын бүгінгі күннің талабынан туған міндет деп санаймын.

Мемлекет басшысының келер күн­дердің көкжиегіне терең бой­лаған кө­регендігін біз балала­рымыздың енді қазақ тілімен қоса, орыс және ағылшын тілдерін қатар меңгеруге тиіс екендігі жөніндегі тапсырмасынан анық байқай­мыз. Отанымыздың үш тілді еркін мең­герген ұландары әлемнің кез кел­ген жерінде өзін еркін сезінетіні шындық. Еліміздің байлығын арт­тырып, табысын көбейтетіндер де негізінен солар болады. Үштілділік Жер шарында барша озық техно­логия мен ғылымды қазақ жерінде өркен жайдыруға көмектеседі. Мен ұрпақтарымыздың әлем тілдерін барынша көптеп білгендерін тек жақсылықтың нышаны деп санай­мын. Тегінде бабаларымыз «Жеті жұрттың тілін біл» дегенді осыған анық көз жеткізген соң айтқан ғой.

Елбасының кезекті Жолдауы бізді осындай ойларға жетеледі.

Сапарбек НҰРПЕЙІСОВ, Қызылорда облысының прокуроры.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға