Жаңалықтар

Моника Белуччи мен Венсан Кассель Франциядан көшіп кетпек

Француз актерлері Моника Белуччи мен Венсан Кассель Жерар Депардьенің ізімен елден көшіп кетпекші. Итальяндық танымал актриса Моника Белуччи мен оның жұбайы, француз киноактері Венсан Кассель Парижден Рио-де-Жанейроға қоныс аударады. ИТАР-ТАСС хабарлауынша, көпшілік өнер иелерінің бұл қадамын ауқатты адамдарға салынатын салықпен байланыстырыпты. Атап өтерлігі «бесінші республиканың» Конституциялық соты жаңа ережені елдің негізгі заңына қайшы деп тапқан. Ал жұлдызды жұп болса Бразилия елінің көңілдерінен шығатынын алға тартқан. Бұған қоса Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози де өз қаржысын Лондонға аударып, елден кетпек ойы бар екені белгілі болды. BNews.kz
24.01.2013 12:04 3477

Француз актерлері Моника Белуччи мен Венсан Кассель Жерар Депардьенің ізімен елден көшіп кетпекші. Итальяндық танымал актриса Моника Белуччи мен оның жұбайы, француз киноактері Венсан Кассель Парижден Рио-де-Жанейроға қоныс аударады.

ИТАР-ТАСС хабарлауынша, көпшілік өнер иелерінің бұл қадамын ауқатты адамдарға салынатын салықпен байланыстырыпты. Атап өтерлігі «бесінші республиканың» Конституциялық соты жаңа ережені елдің негізгі заңына қайшы деп тапқан.

Ал жұлдызды жұп болса Бразилия елінің көңілдерінен шығатынын алға тартқан. Бұған қоса Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози де өз қаржысын Лондонға аударып, елден кетпек ойы бар екені белгілі болды.

BNews.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға