Александр Винокуровқа Францияда ота жасалды
Олимпиада чемпионы Александр Винокуровқа Парижде ота жасалды, деп хабарлады Astanafans.com. «Кеше маған Парижде ота жасалды. Жамбасымнан металл конструкцияны алып тастады. Көп қан жоғалттым. Енді қайтадан балдақпен жүре бастадым. Ал қазір демалып жатырмын», - деді Винокуров. Еске сала кетсек, 2011 жылы «Тур де Франс» көпкүндігі кезінде құлаған қазақстандық велошабандоздың жамбасына металл конструкция салынған болатын. BNews.kz
24.01.2013 11:28
3397
BNews.kz
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қазақ студенттерінің 30 пайыздан астамы өзге тілде оқиды
Келесі жаңалық
Астанада ШЫҰ Инвесторлар қауымдастығының жұмысы басталды