Жаңалықтар

Ұйқысы қанбаған адамдар ұрысқақ келеді

Ұйқының бұзылуы адамның мінез-құлқын да өзгертуі мүмкін. АҚШ-тың Беркли университетінің ғалымдары ұзақ уақыт бойы ұйқысы қанбай жүрген адамның ұрысқақ, уайымшыл әрі өзімшіл бола бастайтынын анықтады. The Daily Mail-дың хабарлауынша, мамандар 18 бен 56 жас аралығындағы ерлі-зайыптылардың 60 жұбын қа­тыс­ты­рып, зерттеу жүргізді. Зерттеу барысында жұп­тардың ұйықтау уақыты, мінез-құлқы есепке алынды. Ерлі-зайыптылардың өмірі бейнежазбаға да түсірілді. Сы­нақ­тың нәтижесінде үнемі ұйқысы қан­бай­тын адамдардың ұрысқақ келетіні, серіктерін жиі кінәлайтыны, өзін ғана ойлап, уайымға берілетіні расталды. Ға­лым­дар сол себепті адамдарға толық­қанды ұйқы кестесін жоспарлап алуға кеңес береді. Айта кетейік, бүгінде Жер ша­рының әрбір үшінші тұрғыны созыл­ма­лы ұйқысыздық ауруына шалдыққан. Ұйқысы қалыпты адамдардың саны әлем хал­қының 40%-ын ғана құрайды. Алаш айнасы
24.01.2013 04:11 3867

Ұйқының бұзылуы адамның мінез-құлқын да өзгертуі мүмкін. АҚШ-тың Беркли университетінің ғалымдары ұзақ уақыт бойы ұйқысы қанбай жүрген адамның ұрысқақ, уайымшыл әрі өзімшіл бола бастайтынын анықтады.

The Daily Mail-дың хабарлауынша, мамандар 18 бен 56 жас аралығындағы ерлі-зайыптылардың 60 жұбын қа­тыс­ты­рып, зерттеу жүргізді. Зерттеу барысында жұп­тардың ұйықтау уақыты, мінез-құлқы есепке алынды. Ерлі-зайыптылардың өмірі бейнежазбаға да түсірілді. Сы­нақ­тың нәтижесінде үнемі ұйқысы қан­бай­тын адамдардың ұрысқақ келетіні, серіктерін жиі кінәлайтыны, өзін ғана ойлап, уайымға берілетіні расталды. Ға­лым­дар сол себепті адамдарға толық­қанды ұйқы кестесін жоспарлап алуға кеңес береді. Айта кетейік, бүгінде Жер ша­рының әрбір үшінші тұрғыны созыл­ма­лы ұйқысыздық ауруына шалдыққан. Ұйқысы қалыпты адамдардың саны әлем хал­қының 40%-ын ғана құрайды.

Алаш айнасы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға