Жаңалықтар

ШҚО-да «Жас қанат» облыстық байқау басталады

Шығыс Қазақстан облысында жастар арасында музыкалық шығармашылықты дәріптеу мақсатында ұйымдастырылатын облыстық «Жас қанат» байқауы басталады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі аймақтық мәдениет басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Байқауда жеңіске жеткен орындаушы биылғы жылдың мамыр айында Астанада өтетін республикалық «Жас қанат» конкурсына қатысуға жолдама алады», деп хабарлады баспасөз қызметінен. Алдымен іріктеу туры болып, одан сүрінбей өткендер негізгі жарыста бақ сынайды. «Байқауда 18 бен 30 жас аралығындағы өнерпаз жастар сынға түседі. Кіру тегін», деді ұйымдастырушылар. BNews.kz
23.01.2013 06:20 3427

Шығыс Қазақстан облысында жастар арасында музыкалық шығармашылықты дәріптеу мақсатында ұйымдастырылатын облыстық «Жас қанат» байқауы басталады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі аймақтық мәдениет басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Байқауда жеңіске жеткен орындаушы биылғы жылдың мамыр айында Астанада өтетін республикалық «Жас қанат» конкурсына қатысуға жолдама алады», деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Алдымен іріктеу туры болып, одан сүрінбей өткендер негізгі жарыста бақ сынайды.

«Байқауда 18 бен 30 жас аралығындағы өнерпаз жастар сынға түседі. Кіру тегін», деді ұйымдастырушылар.

BNews.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға