Жаңалықтар

1996-2002 жылдар аралығындағы театрдың өмірі

1996 жылы театрдың 60 жылдығына байланысты Мәкен Рахымжанова Қазақстанның халық әртісі, суретші Владимир Александрович Воложанкин Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері атанды. Абайдың 150 жылдығына арналған республикалық театр фестивалінде Иран-Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?» спектакліндегі Абай бейнесін сомдаған Спандияр Мұқышев фестивальдің күміс белгісі жүлдесін иеленді. 1997 жылы театр ұжымы V республикалық театр фестиваліне М.Әуезовтің «Қара қыпшақ Қобыланды» спектаклімен қатысып, бас жүлде – Гран-приді жеңіп алды. 1998 жылы Тараз қаласының 2000 жылдығына арналған VІ республикалық театр фестивалі Жамбыл олысында өткізіліп, театр ұжымы М.Байжиевтің «Құдалар» трагикомедиясын сахналап, «Үміт» жүлдесіне ие болды. Сахна шебері Майра Әлімбетова осы жылы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі құрметті атағына қол жеткізді. 1999 жылы театр ұжымы ғұлама М.Х. Дулатидің 500 жылдығы құрметіне Б.Әбілдаевтың «Мырза Мұхамед Хайдар», Б.Момышұлының 90 жылдығына байланысты Шерхан Мұртазаның «Ноқтаға басы сыймаған» спектакльдерін сахналады. Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында «Ш.Айтматов және театр» атты халықаралық театр фестивалінде Жамбыл облыстық қазақ драма театры республика театрлары атынан  Ш.Айтматов пен М.Шахановтың «Сократ түні» осы замандық драмасымен қатысып, төрт бірдей номинацияны жеңіп алды. Орта Азия республикалары театр өкілдерін таңырқатты. «Ең үздік режиссура» номинациясы бойынша Қ.Қасымов, «Ең үздік әйел бейнесі» Г.Қыпшақова, «Ең үздік екінші пландағы рөл» номинациясы бойынша С.Мұқышев, «Ең үздік этюд» үшін Ә.Ахмет халықаралық фестиваль лауреаттары  атанды. 2000 жылы актриса Г.Қыпшақова ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталса, сахна шебері С.Мұқышев «Құрмет» орденінің иегері атанды. 2001 жылы бас режиссер Қ.Қасымов ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығы мерекелік медалімен марапатталды. 2002 жылы 17-19 қазанда Шымкентте өткен драматург Д.Исабековтің шығармашылығына арналған халықаралық театр фестиваліне «Пері мен періште» мелодрамасын тарту етіп, басты бейне - Құлахмет рөлі үшін сахна шебері Үмбетәлі Әлжанов лауреат атанды, театр ұжымы «Сәтті актерлік ансамбль» номинациясы бойынша дипломға ие болды. 2002 жылдың наурыз айынан бері облыстық мәслихат депутаты Демешев Құрманғазы Мыңжасарұлы театр директоры болып еңбек етіп келеді. Театр сыншысы Яхия Шынасылұлы Тараз қаласының 2000 жылдығы құрметіне облыс театры тарихы жайлы «Өмір және өнер» атты кітап тарту етті, ал Ү.Әлжанов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
22.01.2013 11:51 4222

1996 жылы театрдың 60 жылдығына байланысты Мәкен Рахымжанова Қазақстанның халық әртісі, суретші Владимир Александрович Воложанкин Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері атанды.
Абайдың 150 жылдығына арналған республикалық театр фестивалінде Иран-Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?» спектакліндегі Абай бейнесін сомдаған Спандияр Мұқышев фестивальдің күміс белгісі жүлдесін иеленді.
1997 жылы театр ұжымы V республикалық театр фестиваліне М.Әуезовтің «Қара қыпшақ Қобыланды» спектаклімен қатысып, бас жүлде – Гран-приді жеңіп алды.
1998 жылы Тараз қаласының 2000 жылдығына арналған VІ республикалық театр фестивалі Жамбыл олысында өткізіліп, театр ұжымы М.Байжиевтің «Құдалар» трагикомедиясын сахналап, «Үміт» жүлдесіне ие болды. Сахна шебері Майра Әлімбетова осы жылы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі құрметті атағына қол жеткізді.
1999 жылы театр ұжымы ғұлама М.Х. Дулатидің 500 жылдығы құрметіне Б.Әбілдаевтың «Мырза Мұхамед Хайдар», Б.Момышұлының 90 жылдығына байланысты Шерхан Мұртазаның «Ноқтаға басы сыймаған» спектакльдерін сахналады.
Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында «Ш.Айтматов және театр» атты халықаралық театр фестивалінде Жамбыл облыстық қазақ драма театры республика театрлары атынан  Ш.Айтматов пен М.Шахановтың «Сократ түні» осы замандық драмасымен қатысып, төрт бірдей номинацияны жеңіп алды. Орта Азия республикалары театр өкілдерін таңырқатты. «Ең үздік режиссура» номинациясы бойынша Қ.Қасымов, «Ең үздік әйел бейнесі» Г.Қыпшақова, «Ең үздік екінші пландағы рөл» номинациясы бойынша С.Мұқышев, «Ең үздік этюд» үшін Ә.Ахмет халықаралық фестиваль лауреаттары  атанды.
2000 жылы актриса Г.Қыпшақова ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталса, сахна шебері С.Мұқышев «Құрмет» орденінің иегері атанды.
2001 жылы бас режиссер Қ.Қасымов ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығы мерекелік медалімен марапатталды.
2002 жылы 17-19 қазанда Шымкентте өткен драматург Д.Исабековтің шығармашылығына арналған халықаралық театр фестиваліне «Пері мен періште» мелодрамасын тарту етіп, басты бейне - Құлахмет рөлі үшін сахна шебері Үмбетәлі Әлжанов лауреат атанды, театр ұжымы «Сәтті актерлік ансамбль» номинациясы бойынша дипломға ие болды.
2002 жылдың наурыз айынан бері облыстық мәслихат депутаты Демешев Құрманғазы Мыңжасарұлы театр директоры болып еңбек етіп келеді.
Театр сыншысы Яхия Шынасылұлы Тараз қаласының 2000 жылдығы құрметіне облыс театры тарихы жайлы «Өмір және өнер» атты кітап тарту етті, ал Ү.Әлжанов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға