Жаңалықтар

Жанарбек Матай: Қазақ интернетін дамыту үшін оның технологиясын дамыту керек

Астанада өтіп жатқан қазақ сайттары редакторларының тұңғыш конференциясы қызу талқымен өтуде. «Абай-ақпарат» қоғамдық қорының вице-президенті Айдос Сарым, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы Болат Калианбеков, «Қазконтент» АҚ-ныың басқарма төрағасы Айдос Қыдырма және «BAQ.KZ» ақпараттық порталының бас редакторы Қамбар Ахметов қатысқан жиналыстың бірінші бөлімінде қазақ интернеті дамуының ерекшеліктері мен өзекті мәселелері жан-жақты талқыланды. Спикерлер конференцияға қатысушылардың қойған сауалдарына жауап берді. АҚШ-тан Skype арқылы байланысқа шығып өз пікірін білдірген Жанарбек Матай қазақ интернетін дамыту үшін ең алдымен оның технологиясын дамыту керек екенін атап өтті. «Біз тек қана ақпараттық жағынан шектеліп қалсақ болмайды. Қазақ тілді интернет дүкендерін дамытуымыз керек, онымен кез-келген қазақ пайдалана білетін деңгейге жету үшін жұмыс жасауымыз керек»,-дейді ол. Майгүл СҰЛТАН BAQ.kz
22.01.2013 05:45 4071

Астанада өтіп жатқан қазақ сайттары редакторларының тұңғыш конференциясы қызу талқымен өтуде.

«Абай-ақпарат» қоғамдық қорының вице-президенті Айдос Сарым, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы Болат Калианбеков, «Қазконтент» АҚ-ныың басқарма төрағасы Айдос Қыдырма және «BAQ.KZ» ақпараттық порталының бас редакторы Қамбар Ахметов қатысқан жиналыстың бірінші бөлімінде қазақ интернеті дамуының ерекшеліктері мен өзекті мәселелері жан-жақты талқыланды. Спикерлер конференцияға қатысушылардың қойған сауалдарына жауап берді.


АҚШ-тан Skype арқылы байланысқа шығып өз пікірін білдірген Жанарбек Матай қазақ интернетін дамыту үшін ең алдымен оның технологиясын дамыту керек екенін атап өтті. «Біз тек қана ақпараттық жағынан шектеліп қалсақ болмайды. Қазақ тілді интернет дүкендерін дамытуымыз керек, онымен кез-келген қазақ пайдалана білетін деңгейге жету үшін жұмыс жасауымыз керек»,-дейді ол.

Майгүл СҰЛТАН

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға