Жаңалықтар

Мемлекет қолдауымен 2013 жылы 450 интернет ресурсын ашу жоспарланған

Мемлекет қолдауымен 2013 жылы 450 интернет ресурсын ашу жоспарланған. Бұл жөнінде Астанада өтіп жатқан қазақ сайттары редакторларының алғашқы конференциясында ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Мәдениет және ақпарат министрлігі ақпарат саласындағы орталық басқарушы орган боғандықтан, біздің басты миссиямыздың бірі – отандық интернет кеңістігін дамыту. Бұл салада атқарылып жатқан жұмыс аз емес. Былтырғы жылы «Қазконтент» АҚ тарапынан елімізде мемлекет қолдауымен екі жүзге жуық ақпарат құралдарының интернет ресурсы ашылды. Оның басым көпшілігі қазақтілді сайттар. Биыл 450 интернет ресурсын ашуға көмектесеміз деп жоспарлап отырмыз. Оның ішінде жергілікті жердегі ақпарат құралардарының интернет парақшаларын ашу жоспары бар. Сондай-ақ мемлекеттік емес интернет құралдарына көмек көрсету сияқты жұмыстар атқарылып жатыр», - деп атап өтті Арман Қырықбаев. Оның айтуынша, интернет-ресурстарын дамытуға бөлінетін мемлекеттік қаржы артады. «Мемлекеттік құрылымдардың барлығын есептегенде, біздің тарапымыздан миллиардтан астам қаржы бөлінетін болса, оның жүз оны тікелей интернет ақпарат құралдарына беріліп жатыр. Биыл бұл көрсеткіш өседі», - деді вице-министр. Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада қазақ сайттары редакторларының алғашқы конференциясы өтіп жатыр. Жиында қазақ интернетін дамытудың бағыттары және мемлекеттік қолдау шаралары, қазақ тілді интернет кеңістігіндегі контент пен сапа менеджменті, сайттардың дизайны мен техникалық сүйемелдеу, ақпараттық технологиялар саласындағы терминдердің жай-күйі мен латын қарпін қолдану аясы, қазақтілді интернет журналистиканың негізгі бағыттарын жетілдіру сияқты мәселелер қарастырылуда. Айымгүл Әбілова
22.01.2013 05:40 3804

Мемлекет қолдауымен 2013 жылы 450 интернет ресурсын ашу жоспарланған. Бұл жөнінде Астанада өтіп жатқан қазақ сайттары редакторларының алғашқы конференциясында ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Мәдениет және ақпарат министрлігі ақпарат саласындағы орталық басқарушы орган боғандықтан, біздің басты миссиямыздың бірі – отандық интернет кеңістігін дамыту. Бұл салада атқарылып жатқан жұмыс аз емес. Былтырғы жылы «Қазконтент» АҚ тарапынан елімізде мемлекет қолдауымен екі жүзге жуық ақпарат құралдарының интернет ресурсы ашылды. Оның басым көпшілігі қазақтілді сайттар. Биыл 450 интернет ресурсын ашуға көмектесеміз деп жоспарлап отырмыз. Оның ішінде жергілікті жердегі ақпарат құралардарының интернет парақшаларын ашу жоспары бар. Сондай-ақ мемлекеттік емес интернет құралдарына көмек көрсету сияқты жұмыстар атқарылып жатыр», - деп атап өтті Арман Қырықбаев.

Оның айтуынша, интернет-ресурстарын дамытуға бөлінетін мемлекеттік қаржы артады.

«Мемлекеттік құрылымдардың барлығын есептегенде, біздің тарапымыздан миллиардтан астам қаржы бөлінетін болса, оның жүз оны тікелей интернет ақпарат құралдарына беріліп жатыр. Биыл бұл көрсеткіш өседі», - деді вице-министр.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада қазақ сайттары редакторларының алғашқы конференциясы өтіп жатыр. Жиында қазақ интернетін дамытудың бағыттары және мемлекеттік қолдау шаралары, қазақ тілді интернет кеңістігіндегі контент пен сапа менеджменті, сайттардың дизайны мен техникалық сүйемелдеу, ақпараттық технологиялар саласындағы терминдердің жай-күйі мен латын қарпін қолдану аясы, қазақтілді интернет журналистиканың негізгі бағыттарын жетілдіру сияқты мәселелер қарастырылуда.

Айымгүл Әбілова

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға