Жаңалықтар

Астанада қазақ сайттары редакторларының тұңғыш конференциясы басталды

Астанада Қазақ сайттары редакторларының тұңғыш конференциясы басталды. Астанадағы Қазмедиа орталығында басталған қазақ сайтының бүгінгі мәселелері мен дамуына арналған тұңғыш конференцияның құттықтау сөзін «Нұр Отан» ХДП хатшысы Ерлан Қарин бастады. Оның айтуынша тұңғыш рет кең көлемді ұйымдастырылған қазақ сайттарының редакторларына арналған бұл конференция «Қазақ» газетінің шыққанына 100 жыл толуына да орайластырып отыр екен. Өтіп жатқан алқалы жиын қазақ интернетінің даму ерекшеліктері мен өзекті мәселелерін, дизайны және техникалық сүйемелдеуді қолдау, коммерцияландыру мәселелерімен қоса IT саласындағы терминология және қаріп мәселесні, жаңа медиа мен қазақ интернеті журналистикасы қатарлы тақырыптарды талқыламақ. «Бұл реткі басқосудың және бір ерекшелігін атап өтер болсам, бүгін Америкадан және Қытайдан Skype арқылы байланысқа шығатын қазақ сайттарының белгілі тұлғалары біздің талқыланатын тақырыптарымызға өз пікірлерін қосатын болады»,-деді Ерлан Тынымбайұлы. Ерлан Қарин құттықтау сөзінде конференцияны өткізу ойын ортаға қойған азаматтар саясаткер Айдос Сарым мен «Абай-ақпарат» агенттігінің басшысы Дәурен Қуат екенін атап өтті. Конференцияда төрт құжат қабылдауды мақсат еткен ұйымдастырушылар ең алдымен интернет қауымдастығын, яғни қазақ сайттарының редакторларына арналған құжатты дайындап отырғандығын жеткізді. Сонымен қатар қазақ интернетінің дамуын мемлекеттік органдармен байланыстыратын, ауыл-аймақтарға интернет желілерінің баруы, WIFI желілерінің орнауына арналған құжат пен латын қарпіне көшу жайлы құжатты қабылдауды да көзделіп отыр. BAQ.kz
22.01.2013 04:21 2660

Астанада Қазақ сайттары редакторларының тұңғыш конференциясы басталды.

Астанадағы Қазмедиа орталығында басталған қазақ сайтының бүгінгі мәселелері мен дамуына арналған тұңғыш конференцияның құттықтау сөзін «Нұр Отан» ХДП хатшысы Ерлан Қарин бастады. Оның айтуынша тұңғыш рет кең көлемді ұйымдастырылған қазақ сайттарының редакторларына арналған бұл конференция «Қазақ» газетінің шыққанына 100 жыл толуына да орайластырып отыр екен.
Өтіп жатқан алқалы жиын қазақ интернетінің даму ерекшеліктері мен өзекті мәселелерін, дизайны және техникалық сүйемелдеуді қолдау, коммерцияландыру мәселелерімен қоса IT саласындағы терминология және қаріп мәселесні, жаңа медиа мен қазақ интернеті журналистикасы қатарлы тақырыптарды талқыламақ.
«Бұл реткі басқосудың және бір ерекшелігін атап өтер болсам, бүгін Америкадан және Қытайдан Skype арқылы байланысқа шығатын қазақ сайттарының белгілі тұлғалары біздің талқыланатын тақырыптарымызға өз пікірлерін қосатын болады»,-деді Ерлан Тынымбайұлы.
Ерлан Қарин құттықтау сөзінде конференцияны өткізу ойын ортаға қойған азаматтар саясаткер Айдос Сарым мен «Абай-ақпарат» агенттігінің басшысы Дәурен Қуат екенін атап өтті.
Конференцияда төрт құжат қабылдауды мақсат еткен ұйымдастырушылар ең алдымен интернет қауымдастығын, яғни қазақ сайттарының редакторларына арналған құжатты дайындап отырғандығын жеткізді. Сонымен қатар қазақ интернетінің дамуын мемлекеттік органдармен байланыстыратын, ауыл-аймақтарға интернет желілерінің баруы, WIFI желілерінің орнауына арналған құжат пен латын қарпіне көшу жайлы құжатты қабылдауды да көзделіп отыр.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға