Жаңалықтар

Тарихты бейнелейтін фотосурет көрмесі ашылды

Өскеменде Семейдің тарихын бейнелейтін фотосуреттер көрмесі ашылды. Көне шаһардың қалыптасу кезеңіндегі небір сәулет өнері, түрлі зауыт-фабрикалар, әйгілі базарлар фотосуреттерде тамаша көрсетілген. Көшпелі көрме Семей қаласындағы өлкетану мұражайының 130 жылдық мерейтойына орай ашылды. 90 данаға жуық ескі фотолардың ең көнесі 1867 жылы түсірілген. Туындыларда нағыз сауда-саттық шаһары болған Семейді көресіз. Қаланы жайлаған бай-көпестердің үйлері, аймақ жұмысының қызып тұрған кезеңі туралы фотолар үлкен әсер қалдырады. Тіпті жәрмеңке ортасында арқанмен жүріп өнер көрсеткен адам да фотоаппарат таспаларына ілігіпті. Көрме жетекшілерінің айтуынша, қазіргі облыс орталығы Өскеменге қарағанда, Семей қаласының тарихы туралы көне фотолар өте көп кездеседі. Мұражай өкілдері «Бұл ежелгі қаланың тарихта қаншалықты маңызды орын алғандығын дәлелдейді» дейді. Айта кету керек, көрмеге қойылған бірде-бір сурет әлі күнге дейін сапасын жоғалтпаған. Бақыт САБЫРБАЕВА, ШҚО тарихи өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері: - Фотосурет шеберлері деп те айтуға келмейді, өйткені бұл ылғи әуесқой фотографтардың фотосуреттері болып табылады. Сонысымен де қызықты.Қазіргі фотошеберлерден ешқандай кемшілігі жоқ. 24 kz  
22.01.2013 04:15 3397

Өскеменде Семейдің тарихын бейнелейтін фотосуреттер көрмесі ашылды. Көне шаһардың қалыптасу кезеңіндегі небір сәулет өнері, түрлі зауыт-фабрикалар, әйгілі базарлар фотосуреттерде тамаша көрсетілген.

Көшпелі көрме Семей қаласындағы өлкетану мұражайының 130 жылдық мерейтойына орай ашылды. 90 данаға жуық ескі фотолардың ең көнесі 1867 жылы түсірілген. Туындыларда нағыз сауда-саттық шаһары болған Семейді көресіз. Қаланы жайлаған бай-көпестердің үйлері, аймақ жұмысының қызып тұрған кезеңі туралы фотолар үлкен әсер қалдырады. Тіпті жәрмеңке ортасында арқанмен жүріп өнер көрсеткен адам да фотоаппарат таспаларына ілігіпті. Көрме жетекшілерінің айтуынша, қазіргі облыс орталығы Өскеменге қарағанда, Семей қаласының тарихы туралы көне фотолар өте көп кездеседі. Мұражай өкілдері «Бұл ежелгі қаланың тарихта қаншалықты маңызды орын алғандығын дәлелдейді» дейді. Айта кету керек, көрмеге қойылған бірде-бір сурет әлі күнге дейін сапасын жоғалтпаған.

Бақыт САБЫРБАЕВА, ШҚО тарихи өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері:

- Фотосурет шеберлері деп те айтуға келмейді, өйткені бұл ылғи әуесқой фотографтардың фотосуреттері болып табылады. Сонысымен де қызықты.Қазіргі фотошеберлерден ешқандай кемшілігі жоқ.

24 kz

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға