Жаңалықтар

«Жастар-ауылға!» жастар ұйымдарының коалициясы құрылады

«Жастар-ауылға!» жастар ұйымдарының ерікті коалициясы құрылмақ. Бұл жөнінде бүгін жастар ұйымдарының жетекшілері бас қосқан кездесуде «»Қазақстанның ауыл жастары одағы» ҚБ атқарушы директоры Жанар Досымова мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Жастар-ауылға!» жастар ұйымдарының ерікті коалициясын құрмақшымыз. Оның аясында ауылда түрл ауқымды шараларды өткізуге үлкен көңіл бөлінеді. Барлық жастар ұйымдары қолдады. Отызыншы қаңтарда Ақмола облысында тұсау кесері өтеді», - деді Ж.Досымова. Сондай-ақ «Қазақстанның ауыл жастары одағы» ауылдағы жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесетін орталықтар құруды жоспарлап отыр. «Бұл жобаны жүзеге асыру нәтижесінде бос жұмыс орындарының электрондық базасы қалыптасып, ауылдағы жастарға кеңестер беріледі. Ауылға тек жастарды тартып қана қоймай, олардың кетіп қалмай, көп жылдар бойы жұмыс істеулеріне жағдай жасауы керек. Біз осы мәселемен айналысуға әзірміз. Жобаны қаржыландыру жағы шешіліп жатыр. Бұл мақсатқа жылына әр өңірге 1 млн. теңге қарастырылады деп жоспарлануда», - деп атап өтті қоғамдық бірлестіктің жетекшісі. Мұнымен қатар жастар арасында ауылдың мәртебесін көтеруге бағытталған тележобаны жүзеге асырып, ауыл жастарының инновациялық бастамаларына қолдау көрсетпек. «Студенттер арасында инновациялық жобалар байқауын өткізуді жоспарлап отырмыз. Бірқатар ірі компаниялармен байланыс орнаттық. Жастардың жобаларының жүзеге асырылуына мүмкіндік жасалатын болады», - деді Ж.Досымова. Оның айтуынша, «Қазақстанның ауыл жастары одағы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойған. «Оның аясында біз жастарды ауылға тартамыз, ал министрлік осы жастарға қолдау көрсетеді». Айымгүл ӘБІЛЕВА
21.01.2013 15:03 4043

«Жастар-ауылға!» жастар ұйымдарының ерікті коалициясы құрылмақ. Бұл жөнінде бүгін жастар ұйымдарының жетекшілері бас қосқан кездесуде «»Қазақстанның ауыл жастары одағы» ҚБ атқарушы директоры Жанар Досымова мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Жастар-ауылға!» жастар ұйымдарының ерікті коалициясын құрмақшымыз. Оның аясында ауылда түрл ауқымды шараларды өткізуге үлкен көңіл бөлінеді. Барлық жастар ұйымдары қолдады. Отызыншы қаңтарда Ақмола облысында тұсау кесері өтеді», - деді Ж.Досымова.

Сондай-ақ «Қазақстанның ауыл жастары одағы» ауылдағы жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесетін орталықтар құруды жоспарлап отыр.

«Бұл жобаны жүзеге асыру нәтижесінде бос жұмыс орындарының электрондық базасы қалыптасып, ауылдағы жастарға кеңестер беріледі. Ауылға тек жастарды тартып қана қоймай, олардың кетіп қалмай, көп жылдар бойы жұмыс істеулеріне жағдай жасауы керек. Біз осы мәселемен айналысуға әзірміз. Жобаны қаржыландыру жағы шешіліп жатыр. Бұл мақсатқа жылына әр өңірге 1 млн. теңге қарастырылады деп жоспарлануда», - деп атап өтті қоғамдық бірлестіктің жетекшісі.

Мұнымен қатар жастар арасында ауылдың мәртебесін көтеруге бағытталған тележобаны жүзеге асырып, ауыл жастарының инновациялық бастамаларына қолдау көрсетпек.

«Студенттер арасында инновациялық жобалар байқауын өткізуді жоспарлап отырмыз. Бірқатар ірі компаниялармен байланыс орнаттық. Жастардың жобаларының жүзеге асырылуына мүмкіндік жасалатын болады», - деді Ж.Досымова.

Оның айтуынша, «Қазақстанның ауыл жастары одағы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойған. «Оның аясында біз жастарды ауылға тартамыз, ал министрлік осы жастарға қолдау көрсетеді».

Айымгүл ӘБІЛЕВА

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға