Жаңалықтар

Астанада ақпан айы суық әрі боранды болады

Бүгін «Қазгидрометте» өткен баспасөз мәслихаты барысында гидромет орталығының директоры Баян Сазанова алдымыздағы ақпан айында күн райы суық әрі боранды болатынын, оның үстіне қар аралас жаңбыр жауатынын айтты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «2013 жылдың ақпан айы суық әрі қар көп жауатын мезгіл болады. Орташа ауа температурасы 1-2 градус суық болады деп болжанып отыр. Алайда, ақпан айында ауа массаларының бәрі батыс, солтүстік батыстан келеді. Тиісінше, құбылмалы күн райымен қатар аязыды күндер де көп болады. Еліміздің батысында түнде ауа температурасы 30 градус, солтүстікте - 39 градус, шығыста -36 градус, оңтүстікте -26 градус аязға дейін төмендейді», - деді Б.Сазанова. Оның айтуынша, ақпан айында елордада қар, қар аралас жаңбыр жауып, ылғалды күн райы сақталады. Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ  
21.01.2013 14:49 2984

Бүгін «Қазгидрометте» өткен баспасөз мәслихаты барысында гидромет орталығының директоры Баян Сазанова алдымыздағы ақпан айында күн райы суық әрі боранды болатынын, оның үстіне қар аралас жаңбыр жауатынын айтты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«2013 жылдың ақпан айы суық әрі қар көп жауатын мезгіл болады. Орташа ауа температурасы 1-2 градус суық болады деп болжанып отыр. Алайда, ақпан айында ауа массаларының бәрі батыс, солтүстік батыстан келеді. Тиісінше, құбылмалы күн райымен қатар аязыды күндер де көп болады. Еліміздің батысында түнде ауа температурасы 30 градус, солтүстікте - 39 градус, шығыста -36 градус, оңтүстікте -26 градус аязға дейін төмендейді», - деді Б.Сазанова.

Оның айтуынша, ақпан айында елордада қар, қар аралас жаңбыр жауып, ылғалды күн райы сақталады.

Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға