Жаңалықтар

Ертең қазақ сайттарының редакторлары Астанада бас қосады

Сейсенбі, 22 қаңтарда, «Қазмедиа орталығында» қазақ интернет сайттары редакторларының бірінші конференциясы өтеді. Конференцияны «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы «Аbai.kz», «Аlash-orda.kz» ақпараттық орталықтары және «Мinber.kz» журналистерді қолдау орталығымен бірлесіп ұйымдастырады. Жобаға «Қазмедиа орталығы» мен «Қазконтент» АҚ қолдау көрсетеді.  Конференция жұмысы 4 панельдік алаңға бөлінген, олар медиа-форум форматында өтетін болады. Жұмыс барысында интернет кеңістігіндегі қазақ сайттарын, бағдарламалары мен жобаларын дамыту тетіктерін бірігіп талқылау және оларға қолдау көрсету, сондай-ақ интернеттегі контенттің сапасы мен ІТ-технология саласындағы терминдердің жай-күйін және латын қарпін қолдану аясы, қазақ тілді интернет журналистикасының негізгі бағыттарын жетілдіру тәріздес мәселелер қарастырылады.  Іс-шараға қазақтілді сайттар мен порталдардың редакторлары мен үйлестірушілері, блоггерлер, интернет-журналистика мен ақпараттық технология саласының мамандары, құзырлы мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады деп жоспарлануда.  Конференция барысында пікір алмасу үшін АҚШ пен Қытайдан қазақтілді сайттардың редакторарымен тікелей байланыыс орнатылатын болады.  BNews.kz порталында конференцияның онлайн-көрсетілімі мен хабарламалардың твиттер-таратылымы жүреді.
21.01.2013 14:42 2379

Сейсенбі, 22 қаңтарда, «Қазмедиа орталығында» қазақ интернет сайттары редакторларының бірінші конференциясы өтеді.

Конференцияны «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы «Аbai.kz», «Аlash-orda.kz» ақпараттық орталықтары және «Мinber.kz» журналистерді қолдау орталығымен бірлесіп ұйымдастырады. Жобаға «Қазмедиа орталығы» мен «Қазконтент» АҚ қолдау көрсетеді. 

Конференция жұмысы 4 панельдік алаңға бөлінген, олар медиа-форум форматында өтетін болады.

Жұмыс барысында интернет кеңістігіндегі қазақ сайттарын, бағдарламалары мен жобаларын дамыту тетіктерін бірігіп талқылау және оларға қолдау көрсету, сондай-ақ интернеттегі контенттің сапасы мен ІТ-технология саласындағы терминдердің жай-күйін және латын қарпін қолдану аясы, қазақ тілді интернет журналистикасының негізгі бағыттарын жетілдіру тәріздес мәселелер қарастырылады. 

Іс-шараға қазақтілді сайттар мен порталдардың редакторлары мен үйлестірушілері, блоггерлер, интернет-журналистика мен ақпараттық технология саласының мамандары, құзырлы мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады деп жоспарлануда. 

Конференция барысында пікір алмасу үшін АҚШ пен Қытайдан қазақтілді сайттардың редакторарымен тікелей байланыыс орнатылатын болады. 

BNews.kz порталында конференцияның онлайн-көрсетілімі мен хабарламалардың твиттер-таратылымы жүреді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға