Жаңалықтар

Қазақ киносы Берлинге танылды

Қазақ кинематографиясы тарихында тұңғыш рет 63-ші Берлин кинофестивалінің негізгі конкурстық бағдарламасына отандық фильм – 28 жасар қазақстандық режиссер Әмір Байғазиннің дебюдтік жұмысы «Үйлесімділік сабағы» туындысы енді, деп хабарлайды Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі.  Берлин кинофестивалі Канн мен Венеция фестивальдерімен бір деңгейде әлем мойындаған, «А» санатынағы ірі әрі беделді кинобайқаулардың бірі болып табылады. Осындай дәрежедегі фестиваль байқауына тұңғыш рет қазақ киносы осыдан 18 жыл бұрын ұсынылған болатын. Ол – Дәрежан Өмірбаевтың «Кардиограмма» фильмі (Венеция, 1995 ж.) еді. Биыл Берлин байқауына қатысу үшін әлем бойынша 3000 өтініш жасалған, олардың көбі – әлемдік және еуропалық кинопремьералар. «Үйлесімілік сабағы» атты қазақстандық драма фестивальдің бас байқауында Стивен Содерберг, Гас Ван Сент, Бруно Дюмон және т.б. әлемге танымал тұлғалардың туындыларымен бір деңгейде бақ сынасатын болады. 63-ші Берлин кинофестивалі қазылар алқасының төрағасы – қытай режиссері Вонг Кар-Вай («Чунцин экспрессі», «Ғашықтық көңіл-күй», «Ұлы шеберлер») 2011 жылы «Үйлесімділік сабағы» киножобасы VII «Еуразия» Халықаралық кинофестивалінің аясында өткен «Қазақстандық киножобалар нарығының» («Spotlight: New Kazakh Cinema») бас жүлдесін жеңіп алған болатын. Ол – «Қазақфильм» киностудиясының қаржылай көмегі мен халықаралық деңгейде тарату мүмкіндігі. 2012 жылы шілде айында фильмді түсіру жұмыстары аяқталысымен-ақ бірнеше күннен кейін оның бірінші материалдары Сараевода (Босния мен Герцеговина)өткен Халықаралық кинофестивльде ұсынылып, онда фильм Work-in-Progress жобаларының арнайы конкурстық бағдарламасында бірінші орынға ие болды. Дәл сол жылы фильм «Әлемдік кино қорының» (Berlinale World Cinema Fund) жүлдесін иеленіп, қор қолдау білдірген тұңғыш қазақстандық кинотуынды атанды. Кинофестиваль 2013 жылы 7 мен 17 ақпан аралығында өтеді. Бас жүлдеге ие болғандардың есімі 16 ақпанда белгілі болады. BNews.kz
21.01.2013 06:15 2476

Қазақ кинематографиясы тарихында тұңғыш рет 63-ші Берлин кинофестивалінің негізгі конкурстық бағдарламасына отандық фильм – 28 жасар қазақстандық режиссер Әмір Байғазиннің дебюдтік жұмысы «Үйлесімділік сабағы» туындысы енді, деп хабарлайды Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі. 

Берлин кинофестивалі Канн мен Венеция фестивальдерімен бір деңгейде әлем мойындаған, «А» санатынағы ірі әрі беделді кинобайқаулардың бірі болып табылады. Осындай дәрежедегі фестиваль байқауына тұңғыш рет қазақ киносы осыдан 18 жыл бұрын ұсынылған болатын. Ол – Дәрежан Өмірбаевтың «Кардиограмма» фильмі (Венеция, 1995 ж.) еді.

Биыл Берлин байқауына қатысу үшін әлем бойынша 3000 өтініш жасалған, олардың көбі – әлемдік және еуропалық кинопремьералар. «Үйлесімілік сабағы» атты қазақстандық драма фестивальдің бас байқауында Стивен Содерберг, Гас Ван Сент, Бруно Дюмон және т.б. әлемге танымал тұлғалардың туындыларымен бір деңгейде бақ сынасатын болады. 63-ші Берлин кинофестивалі қазылар алқасының төрағасы – қытай режиссері Вонг Кар-Вай («Чунцин экспрессі», «Ғашықтық көңіл-күй», «Ұлы шеберлер»)

2011 жылы «Үйлесімділік сабағы» киножобасы VII «Еуразия» Халықаралық кинофестивалінің аясында өткен «Қазақстандық киножобалар нарығының» («Spotlight: New Kazakh Cinema») бас жүлдесін жеңіп алған болатын. Ол – «Қазақфильм» киностудиясының қаржылай көмегі мен халықаралық деңгейде тарату мүмкіндігі.

2012 жылы шілде айында фильмді түсіру жұмыстары аяқталысымен-ақ бірнеше күннен кейін оның бірінші материалдары Сараевода (Босния мен Герцеговина)өткен Халықаралық кинофестивльде ұсынылып, онда фильм Work-in-Progress жобаларының арнайы конкурстық бағдарламасында бірінші орынға ие болды. Дәл сол жылы фильм «Әлемдік кино қорының» (Berlinale World Cinema Fund) жүлдесін иеленіп, қор қолдау білдірген тұңғыш қазақстандық кинотуынды атанды.

Кинофестиваль 2013 жылы 7 мен 17 ақпан аралығында өтеді. Бас жүлдеге ие болғандардың есімі 16 ақпанда белгілі болады.

BNews.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға