Жаңалықтар

Сочи Олимпиадасының ең қымбат билетінің құны 1 мың еуроға дейін жетпек

«Известия» газетінің қолына Сочиде өтетін 2014 жылғы Олимпиада ойындарына кіретін билет құнының тізімі түскен. Құжатта көрсетілгендей, Ойынға кіруге рұқсат беретін ең арзан билет құны 1 мың рубльге тең. Ал ең қымбат билеттің бағасы 1 мың еуро шамасында, деп хабарлайды РБК. Көрермендердің қалтасын басқараларға қарағанда артығырақ қағатын спорт түрі хоккей болмақ. Жалпыресейлік көрермендер бірлестігінің төрағасы Александр Шпрыгиннің айтуынша, баға қымбаттылығы жағынан Еуро 2012-ден де асып түсейін деп тұр. Олимпиада ойындарының ішінде билет бағасы жағынан ең қымбат жарыс ерлер арасындағы хоккей турнирінің финалы болады деп болжануда. Ал тура сол спорт түрінен қола үшін күресте әйелдер арасындағы хоккей жарысына кіру құны бар-жоғы 1,5 мың рубль болмақ. Ең арзан көрініс шана спорт түрлері бойынша әйелдер арасындағы жарысы болады деп күтілуде. Көрермендер үшін ең шығыны аз спорт түрлеріне бобслей мен шаңғыдан қос жарысты жатқызуға болады. Трамплиннен секіру мен шорт-трек билетінің бағалық амплитудасы 1,5 пен 6,5 мың рубль аралығында ауытқиды. Мәнерлеп сырғанауға кіру билетінің ең арзан және ең қымбат баға ауытқушылығы оның санатына қарай бір-бірінен әлдеқайда алшақ, 1,5 мың рубльден 23 мың рубльге дейін құбылады. Сочиде өтетін Ақ Олимпиадаға ресми билет сату шарасы келесі айда – 2013 жылдың ақпанында басталады. Жарыстың өзі 2014 жылдың 7 мен 23 ақпаны аралығында өтеді. BNews.kz
21.01.2013 04:00 3417

«Известия» газетінің қолына Сочиде өтетін 2014 жылғы Олимпиада ойындарына кіретін билет құнының тізімі түскен.

Құжатта көрсетілгендей, Ойынға кіруге рұқсат беретін ең арзан билет құны 1 мың рубльге тең. Ал ең қымбат билеттің бағасы 1 мың еуро шамасында, деп хабарлайды РБК.

Көрермендердің қалтасын басқараларға қарағанда артығырақ қағатын спорт түрі хоккей болмақ. Жалпыресейлік көрермендер бірлестігінің төрағасы Александр Шпрыгиннің айтуынша, баға қымбаттылығы жағынан Еуро 2012-ден де асып түсейін деп тұр. Олимпиада ойындарының ішінде билет бағасы жағынан ең қымбат жарыс ерлер арасындағы хоккей турнирінің финалы болады деп болжануда.

Ал тура сол спорт түрінен қола үшін күресте әйелдер арасындағы хоккей жарысына кіру құны бар-жоғы 1,5 мың рубль болмақ. Ең арзан көрініс шана спорт түрлері бойынша әйелдер арасындағы жарысы болады деп күтілуде.

Көрермендер үшін ең шығыны аз спорт түрлеріне бобслей мен шаңғыдан қос жарысты жатқызуға болады. Трамплиннен секіру мен шорт-трек билетінің бағалық амплитудасы 1,5 пен 6,5 мың рубль аралығында ауытқиды.

Мәнерлеп сырғанауға кіру билетінің ең арзан және ең қымбат баға ауытқушылығы оның санатына қарай бір-бірінен әлдеқайда алшақ, 1,5 мың рубльден 23 мың рубльге дейін құбылады.

Сочиде өтетін Ақ Олимпиадаға ресми билет сату шарасы келесі айда – 2013 жылдың ақпанында басталады. Жарыстың өзі 2014 жылдың 7 мен 23 ақпаны аралығында өтеді.

BNews.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға