Жаңалықтар

Семейде жастар мен әскерилер Елбасы Жолдауын талқылады

Семей қаласында жастар мен әскерилердің бас қосуымен өткен жиында Елбасының «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы талқыланды, деп хабарлайды Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің ақпараттық секторы. «Семей қаласындағы № 1 әскери қалашығының 36803 әскери бөлімшесінде Семей қалалық «Нұр Отан» ХДП-ның «Жас Отан» Жастар қанаты мен ҚР Қарулы Күштерінің Ракета әскерлері және артиллерияның ұйымдастыруымен «Әскер және жастар – қуатты Қазақстан үшін!» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын халық арасында кеңінен насихаттау. Іс-шара барысында «Қазақстан – 2020: Болашаққа айқын жол» атты Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы да талқыланды», - делінген хабарламада. Дөңгелек үстелге Семей қалалық «Нұр Отан» ХДП-ның мүшелері, Ракета әскерлері және артиллерияның сарбаздары, ішкі саясат бөлімінің қызметкері Айбек Самат, Ауған соғысының ардагері Айдар Манасов, дивизион командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары – Арыстан Әлімбетов, 36803 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары Омархан Шолдамбаев, қала жоғары оқу орындары мен колледж студенттері, белсенді қала жастары және БАҚ өкілдері қатысты. Семей қалалық «Нұр Отан» ХДП-ның «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшысы Еркебұлан Сайлаубекұлы атап өткендей, бұл іс-шараның жастар үшін тәрбиелік маңызы зор. Себебі жастар бойында патриоттық сезімдерін арттыру - басты мақсат. Жиын барысында Елбасының Жолдауы жан-жақты талқыланды. Ауған соғысының ардагері Айдар Манасов: «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы - өткен күнімізді саралау, болашаққа деген сенім. Елбасының көрсеткен бағыт-бағдарын жастарға жеткізу, елді үлкен мақсаттан туған істерге бағыттауға үлес қосу ортақ шаруа болмақ. Әскерде жастар да, аға буын өкілдері де қызмет етеді. Күні кеше ғана әскерге шақырылған жас жігіт бүгінгі күні «елі үшін туған ер» екенін сезініп, тәуелсіз еліміздің тыныштығын сақтауға бар күш-жігерін салуда», - деп атап өтті Жиын соңында Семей қалалық «Нұр Отан» ХДП-ның «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшысының орынбасары Азамат Жұматаев: «Әскери бөлімшеде өткен кездесу жиналған жастарға ерекше әсер етті. Саптық ән, бұйрықтардың бұлжытпай орындалуы, дайындық базасындағы жаттығулар барлығымызға жігер берді. Бұл біздің әскери қызметкерлермен өткізіп отырған алғашқы іс-шарамыз емес, алдағы уақытта да талай татымды істермен жалғаса бермек», - деп лебізін білдірді. BNews.kz
20.01.2013 17:05 3536

Семей қаласында жастар мен әскерилердің бас қосуымен өткен жиында Елбасының «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауы талқыланды, деп хабарлайды Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің ақпараттық секторы.

«Семей қаласындағы № 1 әскери қалашығының 36803 әскери бөлімшесінде Семей қалалық «Нұр Отан» ХДП-ның «Жас Отан» Жастар қанаты мен ҚР Қарулы Күштерінің Ракета әскерлері және артиллерияның ұйымдастыруымен «Әскер және жастар – қуатты Қазақстан үшін!» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын халық арасында кеңінен насихаттау. Іс-шара барысында «Қазақстан – 2020: Болашаққа айқын жол» атты Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы да талқыланды», - делінген хабарламада.

Дөңгелек үстелге Семей қалалық «Нұр Отан» ХДП-ның мүшелері, Ракета әскерлері және артиллерияның сарбаздары, ішкі саясат бөлімінің қызметкері Айбек Самат, Ауған соғысының ардагері Айдар Манасов, дивизион командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары – Арыстан Әлімбетов, 36803 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары Омархан Шолдамбаев, қала жоғары оқу орындары мен колледж студенттері, белсенді қала жастары және БАҚ өкілдері қатысты.

Семей қалалық «Нұр Отан» ХДП-ның «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшысы Еркебұлан Сайлаубекұлы атап өткендей, бұл іс-шараның жастар үшін тәрбиелік маңызы зор. Себебі жастар бойында патриоттық сезімдерін арттыру - басты мақсат.

Жиын барысында Елбасының Жолдауы жан-жақты талқыланды. Ауған соғысының ардагері Айдар Манасов: «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы - өткен күнімізді саралау, болашаққа деген сенім. Елбасының көрсеткен бағыт-бағдарын жастарға жеткізу, елді үлкен мақсаттан туған істерге бағыттауға үлес қосу ортақ шаруа болмақ. Әскерде жастар да, аға буын өкілдері де қызмет етеді. Күні кеше ғана әскерге шақырылған жас жігіт бүгінгі күні «елі үшін туған ер» екенін сезініп, тәуелсіз еліміздің тыныштығын сақтауға бар күш-жігерін салуда», - деп атап өтті

Жиын соңында Семей қалалық «Нұр Отан» ХДП-ның «Жас Отан» Жастар қанатының атқарушы хатшысының орынбасары Азамат Жұматаев: «Әскери бөлімшеде өткен кездесу жиналған жастарға ерекше әсер етті. Саптық ән, бұйрықтардың бұлжытпай орындалуы, дайындық базасындағы жаттығулар барлығымызға жігер берді. Бұл біздің әскери қызметкерлермен өткізіп отырған алғашқы іс-шарамыз емес, алдағы уақытта да талай татымды істермен жалғаса бермек», - деп лебізін білдірді.

BNews.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға