Жаңалықтар

Илья Ильин бокспен шұғылдана бастады

Илья Ильин "Астана Арланс" командасы алтыншы жеңісіне жеткен Әлемдік бокс сериясының матчын тамашалауға келді. Екі дүркін Олимпиада чемпионы «арландар» мен «атамандардың» айқастарын Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайының VIP-орнында отырып тамашалады. - Мен кәсіби бокспен енді-енді танысып келемін. Ал «Астана Арланстың» матчына мені жақсы досым, «Астана» кәсіби спорт клубының бас менеджері Айдар Махметов шақырды. Бұл клубқа «Астана Арланс» командасы да кіретінін білесіздер, деді Vesti.kz сайтына сұхбат берген ауыр атлетші. - Көрген кездесулер бойынша не айта аласыз? - Барлығы ташама! Жігіттер өздерін аямай жұдырықтасуда. - Қазір немен айналысудасыз? - Жаттығуларға оралдым, дайындалудамын, оқу үстіндемін. Жалпы, өз-өзімді барлық бағыттар бойынша дамытып жатырмын. Олимпиададан кейін біршама уақыт өтті, тыныш жағдайда жаттыға алатын кез туындады. - «Кәсіби бокс әлемінен кімдерді білесіз? - Бұрын оған қатты қызықпайтынмын. Бірақ менің жақсы достарым, Олимпиада чемпиондары Серік Сәпиев пен Бақыт Сәрсекбаев та бокста нағыз шеберлер. - Олар сізді бокстың әдістеріне үйреткен жоқ па? - Мен таяуда аздап бокспен айналыса бастадым. Басында, жекпе-жек туралы ойландым, бірақ жігіттер мені бірнеше классикалық соққыға үйрететіндігін айтты. Оларды аздап біліп қалдым! BAQ.kz
20.01.2013 16:50 2914

Илья Ильин "Астана Арланс" командасы алтыншы жеңісіне жеткен Әлемдік бокс сериясының матчын тамашалауға келді. Екі дүркін Олимпиада чемпионы «арландар» мен «атамандардың» айқастарын Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайының VIP-орнында отырып тамашалады.

- Мен кәсіби бокспен енді-енді танысып келемін. Ал «Астана Арланстың» матчына мені жақсы досым, «Астана» кәсіби спорт клубының бас менеджері Айдар Махметов шақырды. Бұл клубқа «Астана Арланс» командасы да кіретінін білесіздер, деді Vesti.kz сайтына сұхбат берген ауыр атлетші.

- Көрген кездесулер бойынша не айта аласыз?

- Барлығы ташама! Жігіттер өздерін аямай жұдырықтасуда.

- Қазір немен айналысудасыз?

- Жаттығуларға оралдым, дайындалудамын, оқу үстіндемін. Жалпы, өз-өзімді барлық бағыттар бойынша дамытып жатырмын. Олимпиададан кейін біршама уақыт өтті, тыныш жағдайда жаттыға алатын кез туындады.

- «Кәсіби бокс әлемінен кімдерді білесіз?

- Бұрын оған қатты қызықпайтынмын. Бірақ менің жақсы достарым, Олимпиада чемпиондары Серік Сәпиев пен Бақыт Сәрсекбаев та бокста нағыз шеберлер.

- Олар сізді бокстың әдістеріне үйреткен жоқ па?

- Мен таяуда аздап бокспен айналыса бастадым. Басында, жекпе-жек туралы ойландым, бірақ жігіттер мені бірнеше классикалық соққыға үйрететіндігін айтты. Оларды аздап біліп қалдым!

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға