Жаңалықтар

Қазақ елінде қазақ тілінің өрісінің кеңеюіне әсер ететін ең басты тетік не

Жақында порталымызда жүргізілген «Қазақ елінде қазақ тілінің өрісінің кеңеюіне әсер ететін ең басты тетік не?» дегенге қазақстандықтардың пікірі қандай екенін көрейік. Естеріңізде болса жақында сайтымыз арқылы «Қазақ елінде қазақ тілінің өрісінің кеңеюіне әсер ететін ең басты тетік не» деген сауалнаманы оқырмандарымызға ұсынған болатынбыз. Сауалнамаға 2672 адам қатысты. Балабақшадан бастап барлық оқу орындарын қазақшаға көшіруді құптайтындар саны ең көп болып, дауыс берушілердің 48%-ын құрады. Бұл халықтың «Ел болам десең бесігіңді түзе» деген қағидаға көбірек көңіл бөлетінін дәлелдей үскендей. Шынымен де, бүгінгі қазақ ұлтының саны еліміздегі халықтың 63-тен астам пайызын құраса да, республикадағы жалпы білім беретін 7516 мектептің жартысы ғана, яғни 3843-і қазақ мектептері екен. Оларда 1 074 533 бала оқиды. Облыс орталықтары мен ірі қалаларда қазақ мектептерінің жетіспеушілігінен балалардың елеулі бөлігі орыс мектептеріне баруға мәжбүр болып отыр. Еліміздегі 2067 орыс мектептері республикадағы бүкіл мектептердің төрттен бір бөлігінен артық. Бұл мектептерді оқитын қазақ балаларының саны – 259 454. Ал орта арнаулы және жоғары оқу орындарының орыс топтарында оқитындардың 70-80 пайызы қазақтың ұл-қыздары. Осы оқу орындарын бітіргендердің елеулі бөлігі әкелерінің атын да қазақша жаза алмайды. Демек, Қазақ тілінің өрісін кеңейту үшін елеміздің болашағы болған балаларды тәрбиелеп отырған білім ошақтарын қазақыландыруымыз керек екендігі айқындала түседі. Ал, дауыс берушілердің 17%-ы Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдауды құптайды. Мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде мемлекеттік тілден емтихан алу ойын дұрыс деп санайтындар сауалнамаға қатысушылрдың 14%-ын құрап, әрбір мемлекеттік қызметкердің қазақ тілін жетік меңгеруі керек екенін жақтаушылардың да аз емес екенін көрсетті. Банк тілін, экономика саласын толықтай қазақшалау пікірін ұстанған азаматтардың қатары 7% -ды, Тіл полициясын құруды жөн деп санайтындар 10%-ды құраған. Ең аз топ, яғни сауалнамаға қатысушылардың 3%-ы үш тұғырлы тіл саясатын жүзеге асыруды құптайтындықтарын білдірген. Ал, Қазақ тілінің қадамына тұсау болып отырған факторлардың тағы біреуі қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының басым бөлігінің ресми тілде ақпарат таратуы екенін өз тарапымыздан қосқымыз келеді. Республикада тарайтын 8 мыңдай бұқаралық ақпарат құралдарының 5 мыңнан астамының 90 пайызы орыс тілінде екен. Ендеше, қазақ тілді БАҚ-тың маңызы артпай ана тілімздің де маңдайы жарқырамайтынын ексергеніміз дұрыс-ақ! Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жақында ғана «Ұлттың тынысы, санасы ұлттық тілмен ғана баянды болады. Қазақтың мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Ол Ата заңмен бекітілген. Ешкімнің оған дау-дамайы жоқ. Ол тарихи шындық болып табылады» деп атап өткеніндей Қазақ елінде қазақ тілінің өркен жаюы елдігіміз бен ертеңіміздің жарқын көрінісі екені анық. BAQ.kz
17.01.2013 05:39 2979

Жақында порталымызда жүргізілген «Қазақ елінде қазақ тілінің өрісінің кеңеюіне әсер ететін ең басты тетік не?» дегенге қазақстандықтардың пікірі қандай екенін көрейік.
Қазақ елінде қазақ тілінің өрісінің кеңеюіне әсер ететін ең басты тетік не
Естеріңізде болса жақында сайтымыз арқылы «Қазақ елінде қазақ тілінің өрісінің кеңеюіне әсер ететін ең басты тетік не» деген сауалнаманы оқырмандарымызға ұсынған болатынбыз. Сауалнамаға 2672 адам қатысты. Балабақшадан бастап барлық оқу орындарын қазақшаға көшіруді құптайтындар саны ең көп болып, дауыс берушілердің 48%-ын құрады. Бұл халықтың «Ел болам десең бесігіңді түзе» деген қағидаға көбірек көңіл бөлетінін дәлелдей үскендей. Шынымен де, бүгінгі қазақ ұлтының саны еліміздегі халықтың 63-тен астам пайызын құраса да, республикадағы жалпы білім беретін 7516 мектептің жартысы ғана, яғни 3843-і қазақ мектептері екен. Оларда 1 074 533 бала оқиды. Облыс орталықтары мен ірі қалаларда қазақ мектептерінің жетіспеушілігінен балалардың елеулі бөлігі орыс мектептеріне баруға мәжбүр болып отыр. Еліміздегі 2067 орыс мектептері республикадағы бүкіл мектептердің төрттен бір бөлігінен артық. Бұл мектептерді оқитын қазақ балаларының саны – 259 454. Ал орта арнаулы және жоғары оқу орындарының орыс топтарында оқитындардың 70-80 пайызы қазақтың ұл-қыздары. Осы оқу орындарын бітіргендердің елеулі бөлігі әкелерінің атын да қазақша жаза алмайды. Демек, Қазақ тілінің өрісін кеңейту үшін елеміздің болашағы болған балаларды тәрбиелеп отырған білім ошақтарын қазақыландыруымыз керек екендігі айқындала түседі.
Ал, дауыс берушілердің 17%-ы Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдауды құптайды. Мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде мемлекеттік тілден емтихан алу ойын дұрыс деп санайтындар сауалнамаға қатысушылрдың 14%-ын құрап, әрбір мемлекеттік қызметкердің қазақ тілін жетік меңгеруі керек екенін жақтаушылардың да аз емес екенін көрсетті. Банк тілін, экономика саласын толықтай қазақшалау пікірін ұстанған азаматтардың қатары 7% -ды, Тіл полициясын құруды жөн деп санайтындар 10%-ды құраған. Ең аз топ, яғни сауалнамаға қатысушылардың 3%-ы үш тұғырлы тіл саясатын жүзеге асыруды құптайтындықтарын білдірген.
Ал, Қазақ тілінің қадамына тұсау болып отырған факторлардың тағы біреуі қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының басым бөлігінің ресми тілде ақпарат таратуы екенін өз тарапымыздан қосқымыз келеді. Республикада тарайтын 8 мыңдай бұқаралық ақпарат құралдарының 5 мыңнан астамының 90 пайызы орыс тілінде екен. Ендеше, қазақ тілді БАҚ-тың маңызы артпай ана тілімздің де маңдайы жарқырамайтынын ексергеніміз дұрыс-ақ!
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жақында ғана «Ұлттың тынысы, санасы ұлттық тілмен ғана баянды болады. Қазақтың мемлекеттік тілі - қазақ тілі. Ол Ата заңмен бекітілген. Ешкімнің оған дау-дамайы жоқ. Ол тарихи шындық болып табылады» деп атап өткеніндей Қазақ елінде қазақ тілінің өркен жаюы елдігіміз бен ертеңіміздің жарқын көрінісі екені анық.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға