Жаңалықтар

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев екінші кішкентайлы болды

2012 жылғы Лондон Олимпиадасының бокстан алтын жүлдегері Серік Сәпиев екінші рет кішкентайлы болды. Чемпионның бірінші қызы Аққу 1 жас 9 айда, екінші қызына боксшы Алуа есімін беріпті. Серіктің өзі көп балалы болғанды қалайды екен. «Кемі бес баламыз болса екен деймін»,– депті ол «Инфо-Цес» газетіне берген сұхбатында. Нәресте Жаңа жыл алдында, 29 желтоқсан күні дүниеге келіпті.Қазіргі күні ана мен баланың денсаулығы жақсы. Бүгінде Серік бокс қолғабын шегеге іліп, Қазақстан бокс федерациясының әкімшілік қызметіне ауысқан. Алдағы аптада ол Қарағанды облысынан Астанаға ауысып келеді. «Енді қызмет жайын да ойлау керек»,– деді Олимпиада чемпионы. BAQ.kz
15.01.2013 05:35 3883

2012 жылғы Лондон Олимпиадасының бокстан алтын жүлдегері Серік Сәпиев екінші рет кішкентайлы болды. Чемпионның бірінші қызы Аққу 1 жас 9 айда, екінші қызына боксшы Алуа есімін беріпті.

Серіктің өзі көп балалы болғанды қалайды екен. «Кемі бес баламыз болса екен деймін»,– депті ол «Инфо-Цес» газетіне берген сұхбатында.
Нәресте Жаңа жыл алдында, 29 желтоқсан күні дүниеге келіпті.Қазіргі күні ана мен баланың денсаулығы жақсы.
Бүгінде Серік бокс қолғабын шегеге іліп, Қазақстан бокс федерациясының әкімшілік қызметіне ауысқан. Алдағы аптада ол Қарағанды облысынан Астанаға ауысып келеді. «Енді қызмет жайын да ойлау керек»,– деді Олимпиада чемпионы.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға