Жаңалықтар

Алматыда Халықаралық Жәутіков Олимпиадасы басталады

Бүгін Алматыда математика, физика, информатика пәндерінен ІХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасының ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен республикалық Ө.Жәутіков атындағы арнайы мамандандырылған физика-математика мектебі мен «Дарын» Республикалық ғылыми-педагогикалық орталығы ұйымдастырып отырған бұл білім додасына Қазақстан, Ресей, Украина, Әзірбайжан, Армения, Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Румыния, Болгария, Индонезия, Моңғолия сияқты әлемнің 13 елінен 51команда (350-дей қатысушы) қатысады. Халықаралық әділ қазылар құрамына Қазақстан, Ресей, Болгария, Грузия, Армения, Беларусь және Өзбекстан ғалымдары кіреді. ІX ХЖО-ның демеушілері – сегіз жыл бойы олимпиаданы өте жоғары деңгейде ұйымдастыру мен өткізу ісіне қолдау көрсетіп жүрген олимпиаданың басты серіктесі «РМФМОМИ түлектер қоры» қоғамдық қоры мен бас демеуші «ЭксонМобил Қазақстан» компаниясы. «Өткен жылы біздің физика-математика мектебі бұл сайыстан 1-орынды иеленген болатын. Ал гран-при Мәскеуден келген команданың еншісінде кеткен еді. Биылғы сайыста біздің команда жеңісті қолдан бермейді деген ойдамын», - деді Ө.Жәутіков атындағы республикалық физика-математика мектебінің баспасөз хатшысы Майя Есмағанбетова. Гүлмира Госманали
14.01.2013 05:02 3432

Бүгін Алматыда математика, физика, информатика пәндерінен ІХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасының ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен республикалық Ө.Жәутіков атындағы арнайы мамандандырылған физика-математика мектебі мен «Дарын» Республикалық ғылыми-педагогикалық орталығы ұйымдастырып отырған бұл білім додасына Қазақстан, Ресей, Украина, Әзірбайжан, Армения, Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Румыния, Болгария, Индонезия, Моңғолия сияқты әлемнің 13 елінен 51команда (350-дей қатысушы) қатысады.

Халықаралық әділ қазылар құрамына Қазақстан, Ресей, Болгария, Грузия, Армения, Беларусь және Өзбекстан ғалымдары кіреді.

ІX ХЖО-ның демеушілері – сегіз жыл бойы олимпиаданы өте жоғары деңгейде ұйымдастыру мен өткізу ісіне қолдау көрсетіп жүрген олимпиаданың басты серіктесі «РМФМОМИ түлектер қоры» қоғамдық қоры мен бас демеуші «ЭксонМобил Қазақстан» компаниясы.

«Өткен жылы біздің физика-математика мектебі бұл сайыстан 1-орынды иеленген болатын. Ал гран-при Мәскеуден келген команданың еншісінде кеткен еді. Биылғы сайыста біздің команда жеңісті қолдан бермейді деген ойдамын», - деді Ө.Жәутіков атындағы республикалық физика-математика мектебінің баспасөз хатшысы Майя Есмағанбетова.

Гүлмира Госманали

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға