Жаңалықтар

АҚШ: Кристоф Вальц екінші пландағы үздік актер атанды

«Алтын глобустың» 70-ші марапаттау рәсімінде «Екінші пландағы үздік актер» аталымы бойынша Кристоф Вальц жеңімпаз атанды. Ол Квентин Тарантиноның "Еркіндікке шыққан Джанго" фильмінде айлакер тіс дәрігерінің рөлін сомдады, деп хабарлады Би-би-си. Тарантиноның өзі «Үздік режиссер» және «Үздік сценарий жазушы» аталымдарына ұсынылып отыр. Оның туындысы жылдың бас драмалық фильмі атағына ие болуы мүмкін. Сондай-ақ, жылдың үздік фильмі атығана Стивен Спилбергтің "Линкольн" туындысы, Бен Аффлектің "Арго" операциясы» триллері, Энга Лидің «Пи өмірі» драмасы мен Кэтрин Бигелоудың «Бірінші мақсат» фильмі таласып отыр. Марапаттау рәсімі жергілікті уақыт бойынша сағат 17.00-де Лос-Анджелес қаласында басталды. BNews.kz
14.01.2013 05:00 3074

«Алтын глобустың» 70-ші марапаттау рәсімінде «Екінші пландағы үздік актер» аталымы бойынша Кристоф Вальц жеңімпаз атанды. Ол Квентин Тарантиноның "Еркіндікке шыққан Джанго" фильмінде айлакер тіс дәрігерінің рөлін сомдады, деп хабарлады Би-би-си.

Тарантиноның өзі «Үздік режиссер» және «Үздік сценарий жазушы» аталымдарына ұсынылып отыр. Оның туындысы жылдың бас драмалық фильмі атағына ие болуы мүмкін.

Сондай-ақ, жылдың үздік фильмі атығана Стивен Спилбергтің "Линкольн" туындысы, Бен Аффлектің "Арго" операциясы» триллері, Энга Лидің «Пи өмірі» драмасы мен Кэтрин Бигелоудың «Бірінші мақсат» фильмі таласып отыр.

Марапаттау рәсімі жергілікті уақыт бойынша сағат 17.00-де Лос-Анджелес қаласында басталды.

BNews.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға