Жаңалықтар

Алматыда жаңа форматтағы театр ашылады

Көпшілік көп жүретін орынға ай­налуды көздеп отырған ВТ театры (BUSINESSTHEATRE) заманауи бағы­тымен ерекшеленбек. Өнер шаңырағы еліміздегі Лондондағы атағы әлемге әйгілі Sadler'sWells театрының үлгісінде жұмыс істейді. Мұнда тұрақты труппа өнер көрсетпейді. Тек керек уақытта жобаға шақырылып, қайта тарап отырады. Есесіне әр адамның өзінің ашылмай жатқан қырларын байқап, армандарын жүзеге асыруға мүмкіндік туады. Театр түрлі ойын-сауықтық бағ­дар­ламалар мен қойылымдармен кө­рермен назарын аудармақ. Тұрақты түрде тренингтер өтіп, арнайы іріктеу ар­қылы қабылданатын талантты қыз­меткерлер уақытыңыздың дұрыс өтуіне күш салады. Дәрістер кәсіби режиссер, актер, психологтардың жүргізуімен жүзеге асады. 15 адамнан жасақталған топтың әр мүшесіне жеке-жеке көңіл бөлінеді. Бұл жобаға жоғары шенді басшылар мен қарапайым адамдар да қатыса алады. Жаңа театрдың құрыл­тай­шылары Германиядағы әріп­тес­терімен, Лондон драмалық өнер акаде­миясымен тығыз қарым-қатынас ор­на­тып, барыс-келіс жасауға уағ­даласып отыр.  Театрдың құрылтайшылары Қаржы банкінің бұрынғы директоры, тәжірибелі психолог, актриса-режиссер Наташа Дубс. Оның айтуынша, қала тарихындағы алғашқы заманауи театр өнер саңлақтары мен шаһар тұрғындары үшін таптырмайтын орталыққа айна­лады. Әмірлан МӘУЛЕН Айқын
12.01.2013 07:49 3121

Көпшілік көп жүретін орынға ай­налуды көздеп отырған ВТ театры (BUSINESSTHEATRE) заманауи бағы­тымен ерекшеленбек.

Өнер шаңырағы еліміздегі Лондондағы атағы әлемге әйгілі Sadler'sWells театрының үлгісінде жұмыс істейді. Мұнда тұрақты труппа өнер көрсетпейді. Тек керек уақытта жобаға шақырылып, қайта тарап отырады. Есесіне әр адамның өзінің ашылмай жатқан қырларын байқап, армандарын жүзеге асыруға мүмкіндік туады. Театр түрлі ойын-сауықтық бағ­дар­ламалар мен қойылымдармен кө­рермен назарын аудармақ. Тұрақты түрде тренингтер өтіп, арнайы іріктеу ар­қылы қабылданатын талантты қыз­меткерлер уақытыңыздың дұрыс өтуіне күш салады. Дәрістер кәсіби режиссер, актер, психологтардың жүргізуімен жүзеге асады. 15 адамнан жасақталған топтың әр мүшесіне жеке-жеке көңіл бөлінеді. Бұл жобаға жоғары шенді басшылар мен қарапайым адамдар да қатыса алады. Жаңа театрдың құрыл­тай­шылары Германиядағы әріп­тес­терімен, Лондон драмалық өнер акаде­миясымен тығыз қарым-қатынас ор­на­тып, барыс-келіс жасауға уағ­даласып отыр. 
Театрдың құрылтайшылары Қаржы банкінің бұрынғы директоры, тәжірибелі психолог, актриса-режиссер Наташа Дубс. Оның айтуынша, қала тарихындағы алғашқы заманауи театр өнер саңлақтары мен шаһар тұрғындары үшін таптырмайтын орталыққа айна­лады.

Әмірлан МӘУЛЕН

Айқын

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға