Жаңалықтар

Қазақстандық ғалым жылды 13 айға бөлетін күнтізбе жасап шығарды

Алматылық Сайлыбай Бекболатов әлем ғалымдарының қолынан келмеген күнтізбе жасап шығарды.Оған «Қазақтың мәңгі күнтізбесі» деген атау қойған. Айтуынша, бұл календарды жыл сайын шығарудың қажеті жоқ. Өзге күнтізбелерде мерекелер мен түрлі даталар аптаның әртүрлі күндеріне сәйкес келсе, жаңа күнтізбе бойынша оларды бір күнде атап өтуге болады. Қазіргі таңда дүние жүзінде күнтізбенің бірнеше түрі бар. Олар бойынша жыл санаудың басы да әрқилы. Батыс жылды Иса пайғамбардың туған күнінен бастайды. Ал Қытай мен Жапонияда және Вьетнамда Жаңа жыл 13 қаңтар мен 24 ақпан аралығында, Израильде 6 қыркүйек пен 5 қазан аралығында тойланады. Григориандық күнтізбе бойынша, бір жылда 365-366 күн, ал мұсылмандық күн санау бойынша 354 күн бар. Бүгінде әлем елдерінің алдында бірыңғай күнтізбе мәселесі тұр. Табиғат заңдылықтарына сәйкес, сондай күнтізбені қазақ ғалымы жасап шығарды. Сайлыбай Бекболатов, Халықаралық акмеология ғылымының академигі: - 21 наурызда - күн мен түннің теңелген кезі. Сол түн мен күннің теңелген кезін дүние жүзі календарь есебінің координатының нүктесі деп дүниежүзі қабылдап қойған. Қазақ күнтізбесі күн мен түннің теңелген кезінен басталады. 13 айдан тұрады. Наурыз айында 29 күн, қалған 12 айда 28 күннен. Жаңа пайда болған айдың атауы «Жыланды» деп аталады. Ай санының 13 болуы барынша қолайлы. Онда әр айдағы күндер, аптаның бірінші күнінен басталады. Басты жетістігі - оның ғылыми негізділігі. Жылдың әрбір мезгілі, әртүрлі даталар, жүргізілетін шаралар жыл сайын бір күнге келіп отырады. "12 айлық календарда апта бір айда басталып, келесі айда бітіп қалады» дейді ғалым. Сайлыбай Бекболатов, Халықаралық акмеология ғылымының академигі: - Күннің нөлдік нүктеден айланып, бір тәулікке бару үшін бір айланып шығу керек емес пе бірге жету үшін. Соны жоғалтып алған. Қайтып жоғалтқан? Нөлдік координатаны алмай, нөлдің орнына бірді қойып қойған. Сөйткенде, бір күн жоқ. Жаңа күнтізбені арнайы зерттеген ғарыш саласының маманы физика-жаратылыстану ғылымдарымен сәйкес келетінін айтады. Рахметқали Омар, ғарыштық зымыран және жер серіктерін басқару жүйесінің инженері: - Мынаны көргеннен кейін қайтадан Ньютонды оқыдым. Ньютон не жазды уақыт туралы, кеңістік туралы, соның барлығын зерттеп шығып, Эйнштейн не айтты, басқа үлкен-үлкен ғалымдар не айтты. Соның бәрін зерттеп, кейін жеттім - мына мәңгі календардың шын екеніне. Қазір Сайлабай Бекболатовқа Әділет министрлігі жаңа күнтізбе мен жаңа жұлдызнамаға патент берген. Ынталы топ календарды енгізу жөнінде Біріккен ұлттар ұйымына хат жолдаған. Егер әлемдік ұйымнан қолдау тапса, қолданысқа енуі ғажап емес. Автор: Ұлан Тәліпбай, Сержан Жиренбай  
10.01.2013 10:11 5050

Алматылық Сайлыбай Бекболатов әлем ғалымдарының қолынан келмеген күнтізбе жасап шығарды.Оған «Қазақтың мәңгі күнтізбесі» деген атау қойған. Айтуынша, бұл календарды жыл сайын шығарудың қажеті жоқ. Өзге күнтізбелерде мерекелер мен түрлі даталар аптаның әртүрлі күндеріне сәйкес келсе, жаңа күнтізбе бойынша оларды бір күнде атап өтуге болады.

Қазіргі таңда дүние жүзінде күнтізбенің бірнеше түрі бар. Олар бойынша жыл санаудың басы да әрқилы. Батыс жылды Иса пайғамбардың туған күнінен бастайды. Ал Қытай мен Жапонияда және Вьетнамда Жаңа жыл 13 қаңтар мен 24 ақпан аралығында, Израильде 6 қыркүйек пен 5 қазан аралығында тойланады. Григориандық күнтізбе бойынша, бір жылда 365-366 күн, ал мұсылмандық күн санау бойынша 354 күн бар. Бүгінде әлем елдерінің алдында бірыңғай күнтізбе мәселесі тұр. Табиғат заңдылықтарына сәйкес, сондай күнтізбені қазақ ғалымы жасап шығарды.

Сайлыбай Бекболатов, Халықаралық акмеология ғылымының академигі:

- 21 наурызда - күн мен түннің теңелген кезі. Сол түн мен күннің теңелген кезін дүние жүзі календарь есебінің координатының нүктесі деп дүниежүзі қабылдап қойған.

Қазақ күнтізбесі күн мен түннің теңелген кезінен басталады. 13 айдан тұрады. Наурыз айында 29 күн, қалған 12 айда 28 күннен. Жаңа пайда болған айдың атауы «Жыланды» деп аталады. Ай санының 13 болуы барынша қолайлы. Онда әр айдағы күндер, аптаның бірінші күнінен басталады. Басты жетістігі - оның ғылыми негізділігі. Жылдың әрбір мезгілі, әртүрлі даталар, жүргізілетін шаралар жыл сайын бір күнге келіп отырады. "12 айлық календарда апта бір айда басталып, келесі айда бітіп қалады» дейді ғалым.

Сайлыбай Бекболатов, Халықаралық акмеология ғылымының академигі:

- Күннің нөлдік нүктеден айланып, бір тәулікке бару үшін бір айланып шығу керек емес пе бірге жету үшін. Соны жоғалтып алған. Қайтып жоғалтқан? Нөлдік координатаны алмай, нөлдің орнына бірді қойып қойған. Сөйткенде, бір күн жоқ.

Жаңа күнтізбені арнайы зерттеген ғарыш саласының маманы физика-жаратылыстану ғылымдарымен сәйкес келетінін айтады.

Рахметқали Омар, ғарыштық зымыран және жер серіктерін басқару жүйесінің инженері:

- Мынаны көргеннен кейін қайтадан Ньютонды оқыдым. Ньютон не жазды уақыт туралы, кеңістік туралы, соның барлығын зерттеп шығып, Эйнштейн не айтты, басқа үлкен-үлкен ғалымдар не айтты. Соның бәрін зерттеп, кейін жеттім - мына мәңгі календардың шын екеніне.

Қазір Сайлабай Бекболатовқа Әділет министрлігі жаңа күнтізбе мен жаңа жұлдызнамаға патент берген. Ынталы топ календарды енгізу жөнінде Біріккен ұлттар ұйымына хат жолдаған. Егер әлемдік ұйымнан қолдау тапса, қолданысқа енуі ғажап емес.

Автор: Ұлан Тәліпбай, Сержан Жиренбай

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға