Жаңалықтар

Қазақстанда дипломы бар жастар меморгандарда тәжірибеден өте алады

Қазақстанда 2013 жылдың 15 қаңтарынан бастап жастар кадрлық резерві (ЖКР) құрамындағы дипломы бар жастар мемлекеттік органдарда тәжірибеден өтетін болады. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында «Жастар кадрлық резерві» жобасының үйлестірушісі Айнұр Сүгірбаева мәлім етті.  «2013 жылдың 15 қаңтарынан бастап тәжірибеден өту ҚР Білім және ғылым министрлігінде, ҚР ИЖТМ, партияның жас мүшелері үшін «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында, «Болашақ» Қазақстан Республикасы Президенті стипендиясының халықаралық деңгейдегі стипендианттар қауымдастығында басталады», - деді жобаның үйлестірушісі сұхбат берген кезінде. ЖКР жобасы аясында жүретін сынақ мерзімінен өткізу бір айға созылды. Резервтегі жастардың жас мөлшері 21 мен 29 арасында. Оған қолында жоғары білімі туралы дайын дипломы бар жастар қатыса алады. «Сынақ мерзімінен өткену үшін ақша төленбейді. Сынақ кезінде резервист оған бекітілген ментормен бірге жеке жобасы бойынша жұмыс істейтін болады. Сынақ қорытындысы бойынша өзін жақсы жағынан көрсетіп, біліктілігін байқата алған резервист өзі сынақтан өткен мемлекеттік органға жұмысқа тұра алады», - деді Айнұр Сүгірбаева. Жоба үйлестірушісінің айтуына қарағанда, резервист жұмысқа тұра алмаса да, тәжірибеден өткен жерінен жақсы мінездеме алуына болады, оның өзі болашақта түйіндемесіне жақсы қосымша болатыны анық. «Ондай резервистермен ЖКР аясында жұмысымызды үзбейміз. Бос орын жарияланған сәтте бірінші кезекте сол резервтегі жастарды орналастыратын боламыз. Бос орын үнемі және кез келген мемлекеттік органда бола бермейді, соған қарамастан жас маман арнайы конкурстың жариялануын күтіп жрген кездер де болды, яғни, маман білікті болса, оған міндетті түрде орын табуға тырысады», - деп қосты «Жастар кадрлық резерві» жобасының үйлестірушісі. Көп жағдайда резервистер тәжірибеден өту үшін Астана қаласын таңдап жатады. Ол түсінікті де, себебі барлық мемлекеттік органдардың орталық аппараты осы жерде. Өз аймағына оралғанда олар өздерімен бірге мол тәжірибе мен білім жинақтап келеді. Ол міндетті түрде болашақта жас маманның жұмысқа тұруына оң септігін тигізері сөзсіз. «Негізінен, жұмыс берушілер Астанада мемлекеттік органдарда тәжірибеден өткен мамандарды қызметінде жоғарылатып жататын сәттер де жиі кездеседі. 2012 жылы ЖКР жобасы бойынша 102 резервист іріктелді, енді олармен келісілгеннен кейін тәжірибеден өтуге шақыра бастаймыз. Оның 21-і Астанадан, қалғандары аймақтардан келді», - деп қосты Айнұр Сүгірбаева. Қазір «Жастар кадрлық резерві» жобасы аясында резервистердің жеке жобасын жүзеге асыру және оның тиімділігін арттыру мақсатында жоба түлектерінің қауымдастығын құру мәселесі талқыланып жатыр. «Жастар кадрлық резерві» жобасына жастарды қабылдау осы жылдың сәуір айынан басталады.
10.01.2013 10:05 3006

Қазақстанда 2013 жылдың 15 қаңтарынан бастап жастар кадрлық резерві (ЖКР) құрамындағы дипломы бар жастар мемлекеттік органдарда тәжірибеден өтетін болады. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында «Жастар кадрлық резерві» жобасының үйлестірушісі Айнұр Сүгірбаева мәлім етті. 

«2013 жылдың 15 қаңтарынан бастап тәжірибеден өту ҚР Білім және ғылым министрлігінде, ҚР ИЖТМ, партияның жас мүшелері үшін «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында, «Болашақ» Қазақстан Республикасы Президенті стипендиясының халықаралық деңгейдегі стипендианттар қауымдастығында басталады», - деді жобаның үйлестірушісі сұхбат берген кезінде.

ЖКР жобасы аясында жүретін сынақ мерзімінен өткізу бір айға созылды. Резервтегі жастардың жас мөлшері 21 мен 29 арасында. Оған қолында жоғары білімі туралы дайын дипломы бар жастар қатыса алады.

«Сынақ мерзімінен өткену үшін ақша төленбейді. Сынақ кезінде резервист оған бекітілген ментормен бірге жеке жобасы бойынша жұмыс істейтін болады. Сынақ қорытындысы бойынша өзін жақсы жағынан көрсетіп, біліктілігін байқата алған резервист өзі сынақтан өткен мемлекеттік органға жұмысқа тұра алады», - деді Айнұр Сүгірбаева.

Жоба үйлестірушісінің айтуына қарағанда, резервист жұмысқа тұра алмаса да, тәжірибеден өткен жерінен жақсы мінездеме алуына болады, оның өзі болашақта түйіндемесіне жақсы қосымша болатыны анық.

«Ондай резервистермен ЖКР аясында жұмысымызды үзбейміз. Бос орын жарияланған сәтте бірінші кезекте сол резервтегі жастарды орналастыратын боламыз. Бос орын үнемі және кез келген мемлекеттік органда бола бермейді, соған қарамастан жас маман арнайы конкурстың жариялануын күтіп жрген кездер де болды, яғни, маман білікті болса, оған міндетті түрде орын табуға тырысады», - деп қосты «Жастар кадрлық резерві» жобасының үйлестірушісі.

Көп жағдайда резервистер тәжірибеден өту үшін Астана қаласын таңдап жатады. Ол түсінікті де, себебі барлық мемлекеттік органдардың орталық аппараты осы жерде. Өз аймағына оралғанда олар өздерімен бірге мол тәжірибе мен білім жинақтап келеді. Ол міндетті түрде болашақта жас маманның жұмысқа тұруына оң септігін тигізері сөзсіз.

«Негізінен, жұмыс берушілер Астанада мемлекеттік органдарда тәжірибеден өткен мамандарды қызметінде жоғарылатып жататын сәттер де жиі кездеседі. 2012 жылы ЖКР жобасы бойынша 102 резервист іріктелді, енді олармен келісілгеннен кейін тәжірибеден өтуге шақыра бастаймыз. Оның 21-і Астанадан, қалғандары аймақтардан келді», - деп қосты Айнұр Сүгірбаева.

Қазір «Жастар кадрлық резерві» жобасы аясында резервистердің жеке жобасын жүзеге асыру және оның тиімділігін арттыру мақсатында жоба түлектерінің қауымдастығын құру мәселесі талқыланып жатыр.

«Жастар кадрлық резерві» жобасына жастарды қабылдау осы жылдың сәуір айынан басталады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға