Жаңалықтар

Жазира Нұрымбетова: "Әлем сұлуы-2013" Қазақстанға бұйыруы тиіс"

"Қазақстан сұлуы -2012" Жазира Нұрымбетова келесі жолы "Әлем сұлуы-2013" міндетті түрде өзінің иеленетініне сенімді. "Мен "Әлем сұлуы -2013" конкурсына барып өзімнің бас жүлдеге лайық екенімді дәлелдеймін. Ол сыйлық бізде, Қазақстанда болуы тиіс", - деді еліміздің нөмір бірінші ай десе аузы, күн десе көзі бар көрікті қызы. Жазираның өз айтуынша, ол тұлымы желбіреген ерте жастан өзіне Қазақстанның ең бірінші сұлуы боламын деп мақсат қойған екен. "Бала жасымда мен күнделік жүргізіп 2010 жылы "Қазақстан сұлуы" боламын деп жазыппын, сосын ол уақытта оқуда болатындықтан, бұл мерзімді 2012 жылға шегердім. Менің білуімше, адамның ойы материалданады»,- деді Жазира. Сұлу бикеш ойдың заттануын айтып отыр. Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылы 9 желтоқсанда шымкенттік 21 жасар Нұрымбетова "Қазақстан сұлуы" титулын жеңіп алған болатын. Қазір ол оқуын оқып, бухгалтер болып жұмыс істеп, алдағы әлемдік сұлулар сайысына Қазақстанның атынан шығуға дайындалып жатыр. BAQ.kz
10.01.2013 06:06 3246

"Қазақстан сұлуы -2012" Жазира Нұрымбетова келесі жолы "Әлем сұлуы-2013" міндетті түрде өзінің иеленетініне сенімді.

"Мен "Әлем сұлуы -2013" конкурсына барып өзімнің бас жүлдеге лайық екенімді дәлелдеймін. Ол сыйлық бізде, Қазақстанда болуы тиіс", - деді еліміздің нөмір бірінші ай десе аузы, күн десе көзі бар көрікті қызы.

Жазираның өз айтуынша, ол тұлымы желбіреген ерте жастан өзіне Қазақстанның ең бірінші сұлуы боламын деп мақсат қойған екен. "Бала жасымда мен күнделік жүргізіп 2010 жылы "Қазақстан сұлуы" боламын деп жазыппын, сосын ол уақытта оқуда болатындықтан, бұл мерзімді 2012 жылға шегердім. Менің білуімше, адамның ойы материалданады»,- деді Жазира. Сұлу бикеш ойдың заттануын айтып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылы 9 желтоқсанда шымкенттік 21 жасар Нұрымбетова
"Қазақстан сұлуы" титулын жеңіп алған болатын. Қазір ол оқуын оқып, бухгалтер болып жұмыс істеп, алдағы әлемдік сұлулар сайысына Қазақстанның атынан шығуға дайындалып жатыр.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға