Жаңалықтар

Өзге ұлт өкілдерінің арасында қазақ тілінен олимпиада өтті

Астанада 5-10 сыныпта оқитын өзге ұлт өкілдерінің арасында «Тіл - тәуелсіз елдің символы» атты VI республикалық қашықтықтан өтетін олимпиада аяқталды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Олимпиаданы Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауына сүйене отырып Білім және ғылым министрлігінің жанындағы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталық өткізді. Айтып өткеніміздей, білім бәйгесіне 5-10 сынып аралығында оқитын өзге ұлт өкілдерінің балалары қатысты. Мемлекеттік тілді үйренуге құлшыныс танытқан оқушылардың талабын шыңдау мақсатында жыл сайын ұйымдастырылатын олимпиада екі кезеңде өтті. Онлайн режимінде өткен бірінші кезеңге 703 оқушы қатысты. Қашықтықтан білімдері тексерілген оқушылардың ең мықтылары екінші кезеңге жолдама алып, білім бәйгесін «Балдәурен» (Щучинск) республикалық оқу-сауықтыру орталығында жалғастырды. Сонымен, 5-сынып оқушыларының арасында Солтүстік Қазақстан облысынан келген Надежда Лукашевич, 6-сынып оқушылары арасында Ақтөбе облысының тұрғыны Артур Ковенский, 7-сынып оқушыларының арасында Павлодар облысынан келген Аида Ахметтайрова, 8-сынып оқушыларының арасында Қызылорда облысының оқушысы Камила Ли, 9-сынып оқушыларының арасында маңғыстаулық Андрей Галустян, 10-сынып оқушылары арасында Павлодар облысынан келген тағы бір оқушы Ляйсан Аминова ең жоғарғы білім көрсеткіштерін көрсетіп, бірінші орынды алды. Олимпиада жеңімпаздарына І, ІІ, ІІІ деңгейлі дипломдар мен ҚР Білім және ғылым министрілігінің құрмет грамоталары берілді.   Кенжекей Тоқтамұрат BNews.kz  
10.01.2013 04:08 4101

Астанада 5-10 сыныпта оқитын өзге ұлт өкілдерінің арасында «Тіл - тәуелсіз елдің символы» атты VI республикалық қашықтықтан өтетін олимпиада аяқталды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Олимпиаданы Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауына сүйене отырып Білім және ғылым министрлігінің жанындағы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталық өткізді. Айтып өткеніміздей, білім бәйгесіне 5-10 сынып аралығында оқитын өзге ұлт өкілдерінің балалары қатысты.

Мемлекеттік тілді үйренуге құлшыныс танытқан оқушылардың талабын шыңдау мақсатында жыл сайын ұйымдастырылатын олимпиада екі кезеңде өтті. Онлайн режимінде өткен бірінші кезеңге 703 оқушы қатысты. Қашықтықтан білімдері тексерілген оқушылардың ең мықтылары екінші кезеңге жолдама алып, білім бәйгесін «Балдәурен» (Щучинск) республикалық оқу-сауықтыру орталығында жалғастырды.

Сонымен, 5-сынып оқушыларының арасында Солтүстік Қазақстан облысынан келген Надежда Лукашевич, 6-сынып оқушылары арасында Ақтөбе облысының тұрғыны Артур Ковенский, 7-сынып оқушыларының арасында Павлодар облысынан келген Аида Ахметтайрова, 8-сынып оқушыларының арасында Қызылорда облысының оқушысы Камила Ли, 9-сынып оқушыларының арасында маңғыстаулық Андрей Галустян, 10-сынып оқушылары арасында Павлодар облысынан келген тағы бір оқушы Ляйсан Аминова ең жоғарғы білім көрсеткіштерін көрсетіп, бірінші орынды алды.

Олимпиада жеңімпаздарына І, ІІ, ІІІ деңгейлі дипломдар мен ҚР Білім және ғылым министрілігінің құрмет грамоталары берілді.

 

Кенжекей Тоқтамұрат

BNews.kz

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға