Жаңалықтар

Ғалымдар «қағаз» планшет ойлап тапты

Британдықтар бір парақтың қалыңдығындай ғана планшет ойлап тапты, деп хабарлайды The Daily Mail. Бұл құрылғыны қолдан түсіріп алсаңыз да, қалтаға бүктеп салып алсаңыз да еш зақымданбайды. Алғашқы прототиптің экранының диоганалі 10,7 дюйм. Электронды «қағазды» жеке компания мен Квин Мэри университетінің ғалымдары ойлап тауыпты. Ғалымдар компьютер индустриясында төңкеріс жасалғанын айтады – алдағы бес жылда майысқақ жұқа компьютерлер дүниеге келуі мүмкін. Ғалымдар жаңа технология қағаз құжаттарды толығымен ауыстыра алады. Яғни, жұмыс үстеліңіздің үстінде қағаз-қалам қолданбаудың мүмкіндігі туады. Қазір ақ-қара дисплей бар, болашақта түрлі-түсті дисплей жасалып жатыр. Бұған дейін Samsung компаниясы смартфон үшін 1280-ден 720 пиксель және тығыздығы 267 пиксель 5,5-дюймдік майысқақ экран жасап шығарған еді. Екі құрылғыны да Лас-Вегасте көрмеге Consumer Electronics Show (CES) шығарды. BAQ.kz
08.01.2013 12:25 4841

Британдықтар бір парақтың қалыңдығындай ғана планшет ойлап тапты, деп хабарлайды The Daily Mail. Бұл құрылғыны қолдан түсіріп алсаңыз да, қалтаға бүктеп салып алсаңыз да еш зақымданбайды.

Алғашқы прототиптің экранының диоганалі 10,7 дюйм. Электронды «қағазды» жеке компания мен Квин Мэри университетінің ғалымдары ойлап тауыпты. Ғалымдар компьютер индустриясында төңкеріс жасалғанын айтады – алдағы бес жылда майысқақ жұқа компьютерлер дүниеге келуі мүмкін.
Ғалымдар жаңа технология қағаз құжаттарды толығымен ауыстыра алады. Яғни, жұмыс үстеліңіздің үстінде қағаз-қалам қолданбаудың мүмкіндігі туады. Қазір ақ-қара дисплей бар, болашақта түрлі-түсті дисплей жасалып жатыр.
Бұған дейін Samsung компаниясы смартфон үшін 1280-ден 720 пиксель және тығыздығы 267 пиксель 5,5-дюймдік майысқақ экран жасап шығарған еді. Екі құрылғыны да Лас-Вегасте көрмеге Consumer Electronics Show (CES) шығарды.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға