Жаңалықтар

Қарағандылық футболшы «Реал Мадрид» клубының іріктеуіне қатысып, бағын сынамақ

Он бір жасар қарағандылық жасөспірім Қазыбек Тұяқов сынақтан өту үшін «Реал Мадрид» клубынан ресми шақырту алған. Бұл туралы BNews.kz агенттігінің тілшісіне жастар саясаты басқармасынан хабарлады.  «Қарағандылық футболшы Қазыбек Тұяқов «Реал Мадрид» футбол клубында сынақтан өту үшін Испанияға жол жүреді. Футбол клубы Испанияда өз базасында әрі қарай футболға үйрету үшін талапты жасөспірімдерге іріктеу жүргізіп жатыр. Жақында сол сынақтан өту үшін Қазыбек «Реал Мадрид» футбол клубынан ресми шақырту алған болатын», - деп мәлім етті агенттіктің тілшісіне жастар саясаты басқармасының бөлім бастығы Азамат Сүлейменов. Қазыбек Тұяқов 6 жасынан бері футболмен шұғылданады. Қарағандылық «Шахтер» футбол клубында жаттығуда. Қазір жас спортшының ата-анасы мен жаттықтырушылары оны ұзақ жолға дайындап жатыр. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қаңтарында Теміртау қаласының 14 жасар жас футболшысы Алдияр Иманғалиев Бразилия спорт академиясында үш жыл оқуға арнайы шақырту алған болатын. 4 жыл футболмен шұғылданған ол Қарағандының жасөспірімдер құрамасында өнер көпсетіп, екі мәрте республика чемпионы атанды. Жолға шықпас бұрын футболшы Алматыда медициналық тексерістен өтуі керек еді, тексеріс нәтижесіне сәйкес, өкінішке қарай, ол оқуға бара алмай қалды. Жалпы, 2012 жылы Қазақстан бойынша 26 дарынды жас спортшы іріктелді, оның бесеуі Қарағанды облысынан шыққан.
08.01.2013 11:49 3132

Он бір жасар қарағандылық жасөспірім Қазыбек Тұяқов сынақтан өту үшін «Реал Мадрид» клубынан ресми шақырту алған. Бұл туралы BNews.kz агенттігінің тілшісіне жастар саясаты басқармасынан хабарлады. 

«Қарағандылық футболшы Қазыбек Тұяқов «Реал Мадрид» футбол клубында сынақтан өту үшін Испанияға жол жүреді. Футбол клубы Испанияда өз базасында әрі қарай футболға үйрету үшін талапты жасөспірімдерге іріктеу жүргізіп жатыр. Жақында сол сынақтан өту үшін Қазыбек «Реал Мадрид» футбол клубынан ресми шақырту алған болатын», - деп мәлім етті агенттіктің тілшісіне жастар саясаты басқармасының бөлім бастығы Азамат Сүлейменов.

Қазыбек Тұяқов 6 жасынан бері футболмен шұғылданады. Қарағандылық «Шахтер» футбол клубында жаттығуда. Қазір жас спортшының ата-анасы мен жаттықтырушылары оны ұзақ жолға дайындап жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қаңтарында Теміртау қаласының 14 жасар жас футболшысы Алдияр Иманғалиев Бразилия спорт академиясында үш жыл оқуға арнайы шақырту алған болатын. 4 жыл футболмен шұғылданған ол Қарағандының жасөспірімдер құрамасында өнер көпсетіп, екі мәрте республика чемпионы атанды. Жолға шықпас бұрын футболшы Алматыда медициналық тексерістен өтуі керек еді, тексеріс нәтижесіне сәйкес, өкінішке қарай, ол оқуға бара алмай қалды. Жалпы, 2012 жылы Қазақстан бойынша 26 дарынды жас спортшы іріктелді, оның бесеуі Қарағанды облысынан шыққан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға