Жаңалықтар

«Барыс» командасының кезекті жеңісі

Құрлықтық Хоккей Лигасы аясында астаналық «Барыс» пен Новокузнецк қаласының «Металлург» командалары арасындағы кездесуде 14 шайба соғылды. Ал, баскетболдан «ВТБ» лигасы аясында «Астана» клубы кезекті жеңісіне қол жеткізді.   Құрлықтық лигада өнер көрсететін астаналық «Барыс» кезекті кездесуін сырт алаңда Новокузнецк қаласының «Металлург» командасымен өткізді. Кездесудегі алғашқы шайбаны Дмитрий Уппер соғып, қазақстандық клубты алға шығарды. Ал, жалпы кездесу 6:8 есебімен аяқталды. «Барыс» сапынан Дастин Бойд, Виктор Александров, Максим Спиридонов, Роман Старченколар мергендігімен көзге түссе, Талғат Жайлауов 3 шайбаның авторы атанды. Жеңіске жеткен астаналық клуб турнир кестесіндегі 26 команда арасында 9-сатыға орналасты. «Барыс» келесі кездесуін Новосібір қаласының жергілікті командасына қарсы өткізеді. Автор: Аслан Қаженов 24 kz  
08.01.2013 09:29 3299

Құрлықтық Хоккей Лигасы аясында астаналық «Барыс» пен Новокузнецк қаласының «Металлург» командалары арасындағы кездесуде 14 шайба соғылды. Ал, баскетболдан «ВТБ» лигасы аясында «Астана» клубы кезекті жеңісіне қол жеткізді.  

Құрлықтық лигада өнер көрсететін астаналық «Барыс» кезекті кездесуін сырт алаңда Новокузнецк қаласының «Металлург» командасымен өткізді. Кездесудегі алғашқы шайбаны Дмитрий Уппер соғып, қазақстандық клубты алға шығарды. Ал, жалпы кездесу 6:8 есебімен аяқталды. «Барыс» сапынан Дастин Бойд, Виктор Александров, Максим Спиридонов, Роман Старченколар мергендігімен көзге түссе, Талғат Жайлауов 3 шайбаның авторы атанды. Жеңіске жеткен астаналық клуб турнир кестесіндегі 26 команда арасында 9-сатыға орналасты. «Барыс» келесі кездесуін Новосібір қаласының жергілікті командасына қарсы өткізеді.

Автор: Аслан Қаженов
24 kz

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға