Жаңалықтар

Бүгін ақын Қадыр Мырза Әлінің туған күні

Бүгін көзі тірі болғанда Қазақстаннын халық жазушысы, ҚазКСР Мемлекетік сыйлығының және тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері, ақын, аудармашы Қадыр Мырза Әлі 78 жасқа толатын еді. 1935 жылы бұрынғы Орал облысының Жымпиты кентінде өмірге келген Қадыр Ғинаятұлы 2011 жылы 22 қаңтарда 76 жасқа қараған шағында Алматыда дүниеден озған еді.  Еңбек жолын ол «Балдырған» балалар журналынан бастады. Тұңғыш туындысы 1954 жылы «Пионер» балалар журналында жарияланып, 1959 жылы «Көктем» деп аталатын тұңғыш жинағы жарық көреді. Шығармалары ағылшын, болгар, мажар, неміс, орыс, поляк, француз, фин және басқа да шет тілдеріне аударылды. 1966 жылы «Ой орманы» өлеңдер жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, 1980 жылы «Жерұйық» жыр кітабы үшін ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының иегері, 1993 жылы Моңғолияның халықаралық «АВЬЯС» сыйлығын иегері, 1995 жылы Қазақстанның халық жазушысы атанды. Сондай-ақ Махамбеттің соңғы күндеріне арналған «Жаралы жолбарыс» атты драмасы үшін 1997 жылы Махамбет атындағы сыйлықты, ал 2001 жылы қазақ меценаттары клубы тағайындаған Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығын алды. Автор: Ерлік Ержанұлы
05.01.2013 16:06 4136

Бүгін көзі тірі болғанда Қазақстаннын халық жазушысы, ҚазКСР Мемлекетік сыйлығының және тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері, ақын, аудармашы Қадыр Мырза Әлі 78 жасқа толатын еді. 1935 жылы бұрынғы Орал облысының Жымпиты кентінде өмірге келген Қадыр Ғинаятұлы 2011 жылы 22 қаңтарда 76 жасқа қараған шағында Алматыда дүниеден озған еді. 

Еңбек жолын ол «Балдырған» балалар журналынан бастады. Тұңғыш туындысы 1954 жылы «Пионер» балалар журналында жарияланып, 1959 жылы «Көктем» деп аталатын тұңғыш жинағы жарық көреді. Шығармалары ағылшын, болгар, мажар, неміс, орыс, поляк, француз, фин және басқа да шет тілдеріне аударылды. 1966 жылы «Ой орманы» өлеңдер жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, 1980 жылы «Жерұйық» жыр кітабы үшін ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының иегері, 1993 жылы Моңғолияның халықаралық «АВЬЯС» сыйлығын иегері, 1995 жылы Қазақстанның халық жазушысы атанды. Сондай-ақ Махамбеттің соңғы күндеріне арналған «Жаралы жолбарыс» атты драмасы үшін 1997 жылы Махамбет атындағы сыйлықты, ал 2001 жылы қазақ меценаттары клубы тағайындаған Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығын алды.

Автор: Ерлік Ержанұлы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға