Жаңалықтар

250 жылдық тарихы бар банк жабылатын болды

Швейцарияның 250 жылдық тарихы бар Wegelin & Co банкі қызметін тоқтататынын мәлімдеді, деп хабарлайды KazBIN Reuters-ке сілтеме жасап. Банк басшылығы бұл мәлімдемені американдық азаматтарға салықтан жалтаруға көмек бергенін мойындаған соң жасады. Wegelin & Co банкі соңғы он жылдан бері АҚШ азаматтарына жалпы сомасы 1,2 млрд доллар көлемінде салықтан жалтаруға көмектескенін мойындады. Енді банк АҚШ билігіне өтемақы ретінде 57,8 млн доллар төлеуге тиіс. Ал банктің әлгі салықтан жалтарған клиенттерінің есімін жариялайтыны әлде құпия қалдыратыны әзірге белгісіз. Айта кетейік, АҚШ билігі өткен жылдың қаңтар айында Wegelin & Co банкі жетекшілерінің үш мүшесіне салықтан жалтарды деген айып таққан-ды. Алайда, ақпан айында мұндай айып банктің өз басына тағыла бастады. Сол-ақ екен, банк бизнесінің бір бөлігін швейцариялық Raiffesen Gruppe-ке сатып жіберді. Дәл қазір тек америкалық аумаққа жұмыс істеген бөлімше ғана қалған. BNews.kz
04.01.2013 12:13 2884

Швейцарияның 250 жылдық тарихы бар Wegelin & Co банкі қызметін тоқтататынын мәлімдеді, деп хабарлайды KazBIN Reuters-ке сілтеме жасап. Банк басшылығы бұл мәлімдемені американдық азаматтарға салықтан жалтаруға көмек бергенін мойындаған соң жасады.

Wegelin & Co банкі соңғы он жылдан бері АҚШ азаматтарына жалпы сомасы 1,2 млрд доллар көлемінде салықтан жалтаруға көмектескенін мойындады. Енді банк АҚШ билігіне өтемақы ретінде 57,8 млн доллар төлеуге тиіс. Ал банктің әлгі салықтан жалтарған клиенттерінің есімін жариялайтыны әлде құпия қалдыратыны әзірге белгісіз.

Айта кетейік, АҚШ билігі өткен жылдың қаңтар айында Wegelin & Co банкі жетекшілерінің үш мүшесіне салықтан жалтарды деген айып таққан-ды. Алайда, ақпан айында мұндай айып банктің өз басына тағыла бастады. Сол-ақ екен, банк бизнесінің бір бөлігін швейцариялық Raiffesen Gruppe-ке сатып жіберді. Дәл қазір тек америкалық аумаққа жұмыс істеген бөлімше ғана қалған.

BNews.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға