Жаңалықтар

Елордада оқушылардың қалалық олимпиадасы өтеді

Астанада оқушылардың қалалық олимпиадасы  8-9 қаңтарда өтеді. Бұл туралы  astana.kz  сайтына  «Астана дарыны» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығынан мәлім етті. «Аудандық олимпиадалар  өтті. Қалалық олимпиаданың бірінші туры  8 қаңтарда, екіншісі – 9 қаңтарда өтеді» , – деп хабарлады орталықтан. Оған 700-ге тарта адам тартылып отыр. Қалалық олимпиадада  аудандық олимпиаданың жеңімпаздары  бақ сынамақ. Ал,  ұлдар мен қыздарға арналған қазақ-түрік лицейінде оқитын оқушылар мен  «Зерде» дарынды балалар мектебінің  шәкірттері байқаудан тыс қатысады.   «Қалалық олимпиаданың  жеңімпаздары  политехникалық цикл бойынша Талдықорған қаласында өтетін, гуманитарлық цикл бойынша Тараз қаласында өтетін  республикалық турға қатысады», - деп мәлімдеді  «Дарын» орталығынан. Астана қаласының ресми сайты astana.kz
04.01.2013 12:00 3149

Астанада оқушылардың қалалық олимпиадасы  8-9 қаңтарда өтеді. Бұл туралы  astana.kz  сайтына  «Астана дарыны» республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығынан мәлім етті. «Аудандық олимпиадалар  өтті. Қалалық олимпиаданың бірінші туры  8 қаңтарда, екіншісі – 9 қаңтарда өтеді» , – деп хабарлады орталықтан. Оған 700-ге тарта адам тартылып отыр.

Қалалық олимпиадада  аудандық олимпиаданың жеңімпаздары  бақ сынамақ. Ал,  ұлдар мен қыздарға арналған қазақ-түрік лицейінде оқитын оқушылар мен  «Зерде» дарынды балалар мектебінің  шәкірттері байқаудан тыс қатысады.  

«Қалалық олимпиаданың  жеңімпаздары  политехникалық цикл бойынша Талдықорған қаласында өтетін, гуманитарлық цикл бойынша Тараз қаласында өтетін  республикалық турға қатысады», - деп мәлімдеді  «Дарын» орталығынан.

Астана қаласының ресми сайты astana.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға