"Болашақтықтардың" таңдауы Ұлыбританияға көп түсті
«Болашақ» бағдарламасы бойынша құжат тапсырғандардың басым көпшілігі Ұлыбританияда оқуды қалаған, одан кейінгі орында АҚШ тұр. Бұл туралы кеше Мемлекеттік хатшы Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалығымен өткен Шетелде мамандар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысында мәлім болды, деп хабарлайды KazBIN.
«Отырыста 704 «Болашақ» стипендиясын беру туралы шешім қабылданды. 315 адам - магистратураға, екеуі - докторантураға және 384-і тағлымдамадан өтуге жіберілді. Биыл барлығы 1186 адам халықаралық президенттік стипендияның иегері атанды.
Құжат тапсырғандардың ішінде басым көпшілігі - 159 адам Ұлыбританияда оқуды қалаған, одан кейінгі орындарда – АҚШ (91), Ресей (34), Германия (9). Қалған стипендиаттар Франция, Италия, Австралия, Қытай, Нидерланды, Норвегия, Чехия, Канада, Словакия, Австрия, Швейцария тәрізді елдерді таңдаған» делінген Президенттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
BAQ.kz