Жаңалықтар

Бибігүл Төлегенова туралы жаңа кітап жарыққа шықты

Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, Кеңес Одағының халық әртісі Бибігүл Төлегенова туралы жаңа кітап жарыққа шықты. «Бибігүл Төлегенова: Сүю, үміт пен сенім» деп аталатын кітаптың авторы КСРО халық әртісі Ермек Серкебаевтың қызы Ирина Серкебаева. Ирина Ермекқызы бұған дейін, ерекше талантымен әлемді мойындатқан әкесінің шығармашылығы мен өміріне арнап естелік кітап жазған болатын. Бүгінгі жинақ сол кітаптың сериялық жалғасы. Мұнда автор Бибігүл Ахметқызының шыр етіп жерге түскен күнінен бастап, тұлғалық дәрежеге жеткенге дейінгі өмірін баяндайды. Кітапта бұлбұл көмейлі әншінің қиын да қызық ғұмырымен қоса, оның өмірлік ұстанымы, классикалық өнерге деген құрметі, өмір мен өнерде үлгі тұтқан адамдары туралы да айтылады. Автор бұл жеке ақпараттарды кітап кейіпкерінің өз аузынан естіген әңгімелері негізінде жазған. Сондай-ақ, кейбір тарихи деректерді кейіпкердің жеке мұрағатынан жинақтаған. Кітап қазірше мың данамен жарық көрді. Жинақ кітапханалар мен өнерсүйер қауымға тегін таратылуда. Орыс тілінде жарық көрген бұл кітапты болашақта қазақ және ағылшын тілдеріне аудару жоспарда бар. Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА, Кеңес Одағының халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты: - Кеше 83 жасқа толдым толыққанды бірінші кітап шығып отыр. Кеңес кезінде Мәскеуден аздаған кітаптар жарыққа шықты. Бірақ толық менің өмірбаяным еш жерде жазылмаған. Бұл жерді оқыған адам бірден мені таниды. Ирина СЕРКЕБАЕВА, кітап авторы: - Бұл кітапты өмірбаяндық кітап деп кесіп айту қиын. Өйткені мұнда тек Бибігүл Ахметқызының өмірі айтылып қоймайды. Сонымен қатар, оның айналасында болған белгілі танымал тұлғалардың өмірі сөз болады. Мен осы арқылы сол кезеңдегі адамдардың тағдырын, қиындығын, адами қасиеттерін көрсеткім келді. Бұл кітапты зерттеу еңбек деуге де болады. Кітап өте қарапайым тілмен жазылды. Сондықтан оқырманға қызық болады деген үміттемін. BAQ.kz  
21.12.2012 08:41 4375

Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, Кеңес Одағының халық әртісі Бибігүл Төлегенова туралы жаңа кітап жарыққа шықты. «Бибігүл Төлегенова: Сүю, үміт пен сенім» деп аталатын кітаптың авторы КСРО халық әртісі Ермек Серкебаевтың қызы Ирина Серкебаева. Ирина Ермекқызы бұған дейін, ерекше талантымен әлемді мойындатқан әкесінің шығармашылығы мен өміріне арнап естелік кітап жазған болатын. Бүгінгі жинақ сол кітаптың сериялық жалғасы.

Мұнда автор Бибігүл Ахметқызының шыр етіп жерге түскен күнінен бастап, тұлғалық дәрежеге жеткенге дейінгі өмірін баяндайды. Кітапта бұлбұл көмейлі әншінің қиын да қызық ғұмырымен қоса, оның өмірлік ұстанымы, классикалық өнерге деген құрметі, өмір мен өнерде үлгі тұтқан адамдары туралы да айтылады. Автор бұл жеке ақпараттарды кітап кейіпкерінің өз аузынан естіген әңгімелері негізінде жазған. Сондай-ақ, кейбір тарихи деректерді кейіпкердің жеке мұрағатынан жинақтаған. Кітап қазірше мың данамен жарық көрді. Жинақ кітапханалар мен өнерсүйер қауымға тегін таратылуда. Орыс тілінде жарық көрген бұл кітапты болашақта қазақ және ағылшын тілдеріне аудару жоспарда бар.

Бибігүл ТӨЛЕГЕНОВА, Кеңес Одағының халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты:

- Кеше 83 жасқа толдым толыққанды бірінші кітап шығып отыр. Кеңес кезінде Мәскеуден аздаған кітаптар жарыққа шықты. Бірақ толық менің өмірбаяным еш жерде жазылмаған. Бұл жерді оқыған адам бірден мені таниды.

Ирина СЕРКЕБАЕВА, кітап авторы:

- Бұл кітапты өмірбаяндық кітап деп кесіп айту қиын. Өйткені мұнда тек Бибігүл Ахметқызының өмірі айтылып қоймайды. Сонымен қатар, оның айналасында болған белгілі танымал тұлғалардың өмірі сөз болады. Мен осы арқылы сол кезеңдегі адамдардың тағдырын, қиындығын, адами қасиеттерін көрсеткім келді. Бұл кітапты зерттеу еңбек деуге де болады. Кітап өте қарапайым тілмен жазылды. Сондықтан оқырманға қызық болады деген үміттемін.

BAQ.kz

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға