Жаңалықтар

Елбасы өзінің Жолдауында «жастар» сөзін 167 рет қолданды – Алматы жастары

Елбасы өзінің биылғы «Қазақстан-2050» стратегиясында «жастар» сөзін 167 рет қолданды. Бұл жастарға деген жауапкершіліктің артқанын көрсетіп отыр. Бұл туралы Алматы қалалық жастар саясаты басқармасының бастығы Санжар Боқаев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Бүгін Алматыда қалалық жастар саясаты басқармасы өткізген отырысқа қаладағы өзге ұлт өкілдерінің жастар ұйымдары, белсенді жастар қатысты. «Елбасы өзінің 2011 жылғы Жолдауында жастар жайлы 64 жерде айтса, биылғы «Қазақстан 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында жастар жайлы 167 рет айтқан екен. Бұл біздің жастарға деген үміт пен жауапкершіліктің артқанын көрсетсе керек. Бүгін біз қаламыздағы өзге ұлт өкілдерінің жастарын, ұйым басшыларын, белсенді жастарын жинап отырмыз. Өйткені, жастар идеологиясы да бір арнаға тоғысуы керек. Ол – Елбасының «ұлттар достығы» идеясы. Біз – жаңа форматтың адамдарымыз. Елбасының стратегиясындағы мақсатқа жету үшін жастардың атқаратын істері көп», - деді С. Боқаев. Дөңгелек үстел барысында Елбасы саясатындағы жастардың алар орны мен атқарар рөлі жайлы бірнеше белсенді жастар өз ойларын ортаға салды. «Біз, Алматы жастары Елбасының Жолдауын жүзеге асыруға белсенді атсалысамыз. Біздің болашақтағы іс-әрекетіміз, мақсатымыз айқындалды. Жаңа қазақстандық патриот ретінде мен оған өз үлесімді қосамын», - деді Корей жастары қауымдастығының өкілі Денис Ким.
21.12.2012 06:37 3405

Елбасы өзінің биылғы «Қазақстан-2050» стратегиясында «жастар» сөзін 167 рет қолданды. Бұл жастарға деген жауапкершіліктің артқанын көрсетіп отыр. Бұл туралы Алматы қалалық жастар саясаты басқармасының бастығы Санжар Боқаев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Бүгін Алматыда қалалық жастар саясаты басқармасы өткізген отырысқа қаладағы өзге ұлт өкілдерінің жастар ұйымдары, белсенді жастар қатысты.

«Елбасы өзінің 2011 жылғы Жолдауында жастар жайлы 64 жерде айтса, биылғы «Қазақстан 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында жастар жайлы 167 рет айтқан екен. Бұл біздің жастарға деген үміт пен жауапкершіліктің артқанын көрсетсе керек. Бүгін біз қаламыздағы өзге ұлт өкілдерінің жастарын, ұйым басшыларын, белсенді жастарын жинап отырмыз. Өйткені, жастар идеологиясы да бір арнаға тоғысуы керек. Ол – Елбасының «ұлттар достығы» идеясы. Біз – жаңа форматтың адамдарымыз. Елбасының стратегиясындағы мақсатқа жету үшін жастардың атқаратын істері көп», - деді С. Боқаев.

Дөңгелек үстел барысында Елбасы саясатындағы жастардың алар орны мен атқарар рөлі жайлы бірнеше белсенді жастар өз ойларын ортаға салды.

«Біз, Алматы жастары Елбасының Жолдауын жүзеге асыруға белсенді атсалысамыз. Біздің болашақтағы іс-әрекетіміз, мақсатымыз айқындалды. Жаңа қазақстандық патриот ретінде мен оған өз үлесімді қосамын», - деді Корей жастары қауымдастығының өкілі Денис Ким.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға